Жас маман мектебінің іс-шаралары

05.02.2020 ж кезекті Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жас мамандар мектебі» отырысында «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедрасының кафедра жетекшісі А.Н.Токтыманова жас мамандарға оқу-әдістемелік кешенінінің түрлері, құрылымы мен оларға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді. Мақсаты: Оқу-әдістемелік кұжаттаманы жүйелендіру қажеттілігін ұғындыру және қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында оқытушының үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету.

2020 жылдың 27 ақпанында «Сабақ – біртұтас динамикалық жүйе» атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырыс колледж психологы А.Жанкелдінің тренингімен басталды. СТО технологиясы бойынша жас мамандар «Сабаққа дайындықты неден бастау керек? Қазіргі заман сабағын қалай дайындау керек? Сабақтың дұрыс өтуі неге байланысты?» деп қойылған сұрақтарға өз ойларын ортаға салды. Колледж әдіскері М.Маханова сабақтың дұрыс өтуі оның типінің дұрыс белгіленіп, кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылуында екені айта отырып, сабақтардың типологиясына сәйкес сабақтың макроқұрылымдары туралы түсінік берді.