Кіріспе

Алматы мемлекеттік электрмеханикалық колледжі «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша «Жас маман» жобасына енді. Колледжде «Жас маман» жобасын іске асырудың қадамдық жоспары жасалып, іске асырылуда. Жаңадан 4 оқу дәрісханасы, 3 оқу өндірістік шеберханасы ашылды. Жоба барысында алынған жоғары деңгейдегі өнеркәсіптік жабдықтар, автоматтандыру жүйелері мен оқу-зертханалық стендтер: «Өнеркәсіптік басқару», «Күн және жел энергиясын зерттеу бойынша оқыту», «Өнеркәсіптік жел энергетикасы бойынша оқыту», «Кәсіпорындарға сымдарды тарту бойынша оқыту»(толық жиынтығы), «Өндірістік басқару бойынша оқыту», «Айнымалы және тұрақты ток тізбектері бойынша оқыту», «Электр қозғалтқыштарын бөлшектеу және құрастыру бойынша оқыту», «Айнымалы және тұрақты ток тізбектерін құрастыру және сынақтан өткізу», «Айнымалы ток беру» және «Электротехника/электроника бойынша» және т.б. Қазіргі таңда басқару щиттерін, электрлік щиттарды, завод өнімдерін шығару үшін қолданылатын құрал-жабдықтар алынуда. Өқу өндіріс шеберлері біліктілік курстарын өтуге дайын. «Жас маман» инновациялық жобасы аясында колледжде бірнеше рет жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Кездесуге «АЭМЗ» ЖШС директоры Ғ.О. Жексембинов, «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Ж.Қ. Ақжанов, «Elkos» ЖШС директоры Д.Р. Битимшинов, «Каз Билдинг-Сервис» ЖШС директоры М.Е. Исабеков, «Алматы электрощит завод» М.С. Аумолдаев, колледж директоры Б.Д. Бозымбаев, директордың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушалары мен өндіріс оқу шеберлері энергетика салалары бойынша мамандарды даярлауда «Жас маман» инновациялық жоба аясында атқарылып жатқан іс-шараларды талқылап, пікір алмасты.