мероприятии

Алматы электрмеханикалық колледжінде 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай гуманитарлық пәндер кафедрасы жетекшісі Есенгүл Оспановна және Тұрлыбекова Әсемнің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайыс сабағы өтті. Сайыс сабақтың мақсаты: білім алушылардың туған тілін сүюге, тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу. Сайыс сабақта көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдер орындалды. Сабақ соңында білім алушыларға сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріліп, сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Тапқырлар» 114 топ жеңімпаз атанды.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осы абыройлы міндетті атқарып жүрген ұстаздарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан және де ілім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметтің арта беретіні сөзсіз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отыра, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар тілеп, мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңіздің жемісті болуына тілектеспіз. Құрметті ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз! Ұстаздар күнімен!

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы электрмеханикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Елнар Саятұлы "Үздік педагог - 2020" байқауында көп ішінен дара болып, білімі мен білігінің нәтижесінде жарқырап бәсекелестерінен оза шауып, жүлделі 1 орынға ие болғаны үшін марапатталды.

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы электрмеханикалық колледжі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасын қолдану арқылы «Ұстаз Тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекші маманы А.М. Абдишова мен Ж.Қ.Жолдасбаймен «Қашықтықтан оқытудың жаңа форматы және платформалар мүмкіндіктері» атты семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақтарды ұйымдастыру.

2020 жылдың 29 тамызында Алматы электрмеханикалық колледжінде онлайн режимінде әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде: 1. 2019-2020 оқу жылындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау және 2020-2021 оқу жылына әдістемелік жұмыстарын жоспарлау. 2. Қашықтықтан оқыту ұйымдастыру барысында нормативтік-құқықтық құжаттарға және әдістемелік ұсынымдарға шолу. 3. Үлгілік оқу жоспарларының моделіне негізделген оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту.

«Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында 2020 жылдың 27 ақпанында жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының оқытушысы С.А.Арыстанбеков 215 топ «Дизайн» мамандықтарына «Кескіндеме» пәнінен «Сулы бояулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер негізгі боялардан қосымша бояулар шығарды. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлең жолдарын мәнерімен жатқа айта отырып, студенттер 3 топқа бөлінді және өз ой-қиялдарымен, сулы бояулармен осы өлең қыс, жаз, күз жолдарына композициялық сурет салып, бояу техникасын, әдістерін түсіндіріп, қорғап шықты.

Алматы электрмеханикалық колледжінде ақпан айы мен наурыз айы аралығында тәжірибелі оқытушылар арасында «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі өтті. Мақсаты: әр алуан нәтижеге бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісу, озық педагогикалық тәжірибелерін тарату. «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында алғаш болып ашық сабақ өткізген АӘД пәнінің оқытушысы Д.С.Икапов. Ашық сабақтың тақырыбы: «Калашников автоматы мен пулеметы».

«SANALY URPAQ» жемқорлыққа қарсы үгіт –насихат орталығының басшысы К.А. Токушевпен және «жемқорлыққа қарсы технология» ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Р.Усенова ханыммен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа. қарсы технологиялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы» жобасы мен таныстық. Сыбайлас жемқорлыққа Қарсы мәдениет мақсаты мен міндеттері Мақсаты: қызметі ашықтық және мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын көбейту.



2020 жылдың 27 ақпанында «Сабақ – біртұтас динамикалық жүйе» атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. СТО технологиясы бойынша жас мамандар «Сабаққа дайындықты неден бастау керек? Қазіргі заман сабағын қалай дайындау керек? Сабақтың дұрыс өтуі неге байланысты?» деп қойылған сұрақтарға өз ойларын ортаға салды. Колледж әдіскері М.Маханова сабақтың дұрыс өтуі оның типінің дұрыс белгіленіп, кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылуында екені айта отырып, сабақтардың типологиясына сәйкес сабақтың макроқұрылымдары туралы түсінік берді.

24.02.2020 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша жұмыс берушілермен бірге дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: «Жас маман» жобасымен Энергетика салалары бойынша кадрлар даярлау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, студенттер үшін тағылымдамалар мен салалық даярлаудың одан әрі ынтымақтастығы туралы талқылау және келісу. Негізгі мәселе жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын ескере отырып, халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау болып табылады. Кездесу барысында «АЭМЗ» ЖШС директоры Жексембиев Галымжан Оразович, «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Акжанов Жанат Койшибаевич, «Elcos» ЖШС директоры Битимшинов Дархан Ризабекұлы, «Каз Билдинг-Сервис» ЖШС директоры Исабеков Магжан Ермекович, «Алматинский завод Электрощит» ЖШС директоры Аумолдаев Марат Сатыбалдиевич, АЭМК директоры Бозымбаев Болатжан Даулетович, Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Асгат Райхан және арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлер қатысып, баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылып, өзара пікір алысты.

2020 жылдың 12 ақпанында "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында Алматы электрмеханикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Е.О. Кошмуратова «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін қоғамға қызмет етудің мәні мен мағынасын ашу.

Ата-аналар жиналысы


Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры Б.Д.Бозымбаев колледж ата-аналарымен 2019 жылғы мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жөнінде есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста директор ең алдымен ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен, колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, халықаралық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздарымен таныстырып, бөлінген қаржының қандай жағдайға, қандай мақсаттарға жұмсалғаны жайында жан-жақты мәліметтер берді. Жиналыс барысында ата-аналар колледж директорына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды.

Жас мамандар мектебінің отырысы

07.02.2020 ж Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш болды. Әдеби кешті ұйымдастырудағы мақсат – білімгерлерді ақын өлеңдеріне қызығушылығын оятып, құрметін арттыру.

05.02.2020 ж кезекті Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жас мамандар мектебі» отырысында «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедрасының кафедра жетекшісі А.Н.Токтыманова жас мамандарға оқу-әдістемелік кешенінінің түрлері, құрылымы мен оларға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.
Мақсаты: Оқу-әдістемелік кұжаттаманы жүйелендіру қажеттілігін ұғындыру және қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында оқытушының үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету.

05.02.2020 ж. Алматы электрмеханикалық колледжінде колледж психологы Жанкелді Айтолқын 220 топпен «Сүйіспеншілікке толы өмір» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

03.02.2020 ж. Алматы электрмеханикалық колледжінде «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің бірінші күні өтті. Онкүндіктің ашылу салтанатында колледж студенттері ақындардың шығармаларын және авторлық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Салтанатты іс-шараның соңында онкүндік барысында өтілетін жоспармен таныстырылды. Онкүндіктің мақсаты: студенттердің бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Ардагерлерге арналған жаңа жылдық құрмет!

25.12.2019 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы Бостандық ауданы Әлеуметтік қарттар үйінің №2 күндізгі бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Жасыл шырша жанында» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, көңілдеріне қуаныш сыйлау, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.

Алматы электрмеханикалық колледжінде 2019-2020 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзудың алдын-алу мақсатында, Алматы қаласы, Бостандық ауданы АПБ,ӘПБ,ЮПБ учаскелік инспекторларымен кездесу өтті. Кездесу барасында, полиция майоры Кокилова Айнұр Жалғасбаевна және полиция капитаны Смайлова Ақниет Сауранбековна коллежге келген І курс студенттеріне, құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.