Родительское собрание

         Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры Б.Д.Бозымбаев колледж ата-аналарымен 2019 жылғы мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жөнінде есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста директор  ең алдымен  ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен, колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, халықаралық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздарымен таныстырып, бөлінген қаржының қандай жағдайға, қандай мақсаттарға жұмсалғаны жайында жан-жақты мәліметтер берді. Жиналыс барысында ата-аналар колледж директорына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды.