«Ақбастау — рухани тазалық» бағдарламасын іске

асыру бағытында жүргізілген жұмыстар 

Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында болашағымызға бағдар етіп, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясын көтерді. Қазақ елінің барлық азаматтарына алты үлкен міндет артты. Біріншіден, артымыздан еріп келе жатқан ұрпақтың жат жұртта емес, өз елінде өсіп, өмір сүруге құмартуын арттыру, соған жағдайлар жасау, туған жерінің иесі екенін сіңіру. Екіншіден, барлық этностар құқықтарының теңдігін сақтау. Үшіншіден, қазақ тілі мен үштұғырлы тіл саясаты.  Елбасы қазақ тілі біздің рухани негізіміз екенін, еліміздің болашағы қазақ тілінде екенін, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атай алатынымызды атап өтті. Төртіншіден, мәдениет, дәстүр және даралық. Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып, ішкі тұтастықты бұзуға дәмеленген рушылдық, жершілдік сияқты алып-қашпа әңгімеден бойды алыс ұстауға шақырды. Қарға тамырлы қазақтың түбі бір екенін әрқашан есте ұстау керек. Бесіншіден, ұлттық интелегенцияның рөлі. Алтыншыдан, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін туралы ойлану керек екенін атап көрсетті. Аталмыш тәрбиелік білім барлық оқу орындарында қамтылуы қажет екенін нақтылады.

         «Мәңгілік Ел» — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі арманы. Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бұл жердегі ұлттық идея – ұлтты тұтастыратын тетік қана болып қоймай, қазіргі таңдағы жаппай ғаламдастыру атты «аждаһаның» басы бүтін жұтылып кетпеуден сақталып қалатын күш те болуы тиіс.

         Осыған орай, біз осы мәселені бүгінгі кезде білім саласының алдында тұрған үлкен жауапты міндет ретінде қабылдап, «Мәңгілік Ел» идеясын колледж қабырғасында жүзеге асырудың тиімді жолдарын бастадық.

«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы» мен «Қазақстан -2050 стратегиясы» аясында, дамыған, алдыңғы қатарлы 30-ел қатарына кіру кепілі, зияткерлі ұлт қалыптастыру тетігін іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының әрбір отбасы, мектеп, арнайы орта және жоғарғы оқу орындары, қоғамның барлық саласында, Толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйесін ғалым Мұхит Әуелбайдың «Ақбастау – рухани тазалық бағдарламасы» негізінде, қоғамда қордаланған, әсіресе, жеткіншек ұрпақ, балалар мен жастар арасындағы өмірге тек материалдық көзқараспен қарау нәтижесінде туындаған, суицид, нашақорлыққа соқтыратын арсыздық, ұятсыздық, қатыгездік, мейірімсіздік, надандық, намыссыздық, көрсеқызарлық т.б. рухани дерттердің құрсауына түскен, дүниетанымдық проблемалардың алдын алуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерімен тікелей байланыста, колледж студенттерінің өзін-өзі басқару жүйесі деңгейінде, рухани-парасатты колледж ортасын қалыптастыру негізінде шешу көзделген. 
Зияткерлі ұлт, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістемесі: 
«Ақбастау – рухани тазалық бағдарламасының» негізгі әдіснамасы мен әдістемесі, ізгі, ата-дәстүрімізге заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде, жан-жақты рухани тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, рухани парасатты орта деңгейінде (отбасы, балабақша, мектептен бастап, қоғамның барлық салаларында) күнделікті  өмір дағдысына айналдыру арқылы, дамыған 30-ел қатарына кіру кепілі, зияткерлі ұлт, даналық негіздерін меңгерген ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
«Мәңгілік ел – ұлттық идеясын» іске асыру тетігі,   толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйесін меңгеріп, жүйелі де, сапалы, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, әрбіріміздің күнделікті өмір дағдымызға айналдыру мақсатымен, колледж студенттерінің өзін-өзі басқару жүйесі негізінде, «Колледж – рухани-парасатты орта» бұрыштарына, «ұсыныс жасап, ізгі – дұрыс шешім қабылдаған тәжірибеңмен бөліс» қорапшалары ілінді. 
Ауыспалы  «Ақыл-парасат  жолындағы топ – тұмар пішінді ақ ту», күнделікті өмірде ақ пен қараны ажырата білу арқылы, кез – келген нәрсенің құрылымын түсініп, ізгі – дұрыс шешім қабылдауды өмір дағдысына айналдырған топ жеңімпаздарына, әрбір тоқсан, жылдық оқу-тәрбие мониторинг қорытындылары бойынша, ауыспалы түрде тапсырылып, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының «колледж – рухани-парасатты орта» бұрышында ( 11-12-13-14-15) жеңімпаз топтары белгіленіп тұрады. Сонымен қатар, «Алтын қол – ізгі дұрыс шешім иегеріне» атты қол мүсіндері, оқу жылының басында, жалпы колледж студенттерінің өзін – өзі басқару жиындарында, әрбір 1-3-курс аралығындағы топтарға «Менің қабылдаған дұрыс шешімдерім» тақырыбында эссе жазу тапсырылды.
Әр сыныпқа бір (1) тұмаршадан тапсырылып, топтар арасында, әрбір сабақ, тәрбие сағаттары барысында қолданылады. Рухани тазалық ұстанымдарына (ой-сана, ниет-пиғыл, гигиеналық, сөз, іс-әрекет, көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас, экологиялық сана мен жүректегі иман негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа  деген тазалыққа) сай деген, күнделікті өмірде ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдауды өмірлік дағдыға айналдыру арқылы, оқу мен тәрбие, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруде (түрлі үйірме, секция, олимпиадаларға қатысып, т.б.) жоғары жетістікке жеткен үлгілі де, үздік оқушыларға, күнделікті сабақтар қорытындылары бойынша, ал, үлгілі топқа, апталық оқу-тәрбие мониторингі жетістіктеріне сай, тәрбие сағаттарында, ауыспалы түрде тапсырылып, тоқсан, жыл оқу-тәрбие қорытындыларына сай ескеріліп, колледжішілік деңгейде марапатталып тұрады.

   

   

“Қарттарым – асыл қазынам” әлеуметтік қарттар үйімен жұмыс

Колледжіміздегі топ студенттерінің тәртібі жөніндегі ұйымдастырылған іс-шаралар

Шығармашылық жетістіктер

 

“Бала әрбір ата-ананың болашағы, ол — оның өмірінің жалғасы”Н.Ә. Назарбаев

«БАЛА , ҰСТАЗ ЖӘНЕ АТА-АНА– ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫТҚЫСЫ»

    

ТӘРБИЕЛІ – ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ

         

“АҚ ТҰМАР” иегерлерін марапаттау

         

“Ақбастау” бағдарламасы аясында “МЕНІҢ ҚАБЫЛДАҒАН ДҰРЫС ШЕШІМДЕРІМ — МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ” атты эссе конкурсының жеңімпаздары