Тақырыбы: «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлау арқылы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып,сапаны арттыру.
Мақсаты: Заман талабына сай,студенттердің білім мен біліктілік сапасын арттыру жағдайында бәсекеге қабілетті де құзыретті мамандар даярлау.                                                                                   
Міндеттері:
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» даму Стратегиясы және Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, кәсіби-техникалық білім беруде білімді де білікті, сауатты  мамандарға деген сұранысын өтеуге бағдар ұстау;

  • Маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;

  • Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

  • Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

  • Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Аттестаттаудан өтетін педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін зерделеу;

  • Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және  жетілдіру;

  • Педагогтар мен студенттердің  зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау;

  • Кафедра бойынша жұмысын ұйымдастыру; 

  • Жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар санын көбейту;

  • Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға, оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің мақалаларының жариялануына дұрыс бағыт-бағдар беру.

  • АЭМК –ның тәжірибелі оқытушыларына арналған «Майталман» және жас мамандарына арналған «Ұлағат» мектебінің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары Тақырыбы: Оқу мен оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру және оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудегі негізгі амалдар.

    Мақсаты: жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттырып, үздіксіз кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету.

    Міндеттері:

    • «Білім игеру — өмір бойғы үздіксіз процесс» деген ұстанымды қалыптастыру;
    • үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
    • оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану
    • жаңа дағдыларды тез арада меңгере білу және жаңа проблемалар мен ситуацияларға бейімделе білу;
    • студенттің өз білімінің мазмұны мен ауқымын анықтауда және білім игеру ісіне белсенді түрде қатысуына жол беретін оқу/оқытудың жаңа ұстанымдары мен тәсілдерін таңдау;
    • студенттің оқуға деген қызығушылығын арттырып, оның аналитикалық ойлау қабілеті мен үйрене білу дағдыларын дамыту үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану;
    • оқу үдерісін динамика мен қызыққа толы процеске айналдыру;
    • оқытушылар мен студенттер арасында тең құқылы қарым-қатынас орнату.

    Күтілетін нәтиже

    Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

    — терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

    — өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

    — ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;

    — пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

    — басқа да балама пікірлерді ескеру;

    — шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

    — ортақ жұмысқа жұмыла білу;

    — басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу;

    — үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау;

    — сабақ үдерісін ұтымды жоспарлап, қолжетімді мақсаттар қою.

    Бұл біліктер тұлғаның тұрақты қасиеттеріне айналып, тек студенттік аудиторияда орын алып қана қоймай, сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді.

    Іс-шара атауы Уақыты Жауапты
    1-кезең. Бетпе-бет
    1 Оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау 13.09.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    2 Педагогикалық қарым-қатынас стилдері 15.09.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    3 Заманауи әдіс-тәсілдердің сабақ үдерісіндегі рөлі 20.09.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    4 Интербелсенді оқу/оқытуды жүзеге асыру шарттары 22.09.2017 ж Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    5 Сабақта сұрақ қоюдың маңыздылығы 27.09.2017 ж Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    6 Диалог – адамгершілікті иемденудің негізгі құралы 29.09.2017 ж Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    7 Жағымды психологиялық орта орнату 4.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    8 Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту 6.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    9 Бірлескен топтық жұмыс 11.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    10 Бірлесе оқудың элементтері 13.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    11 Оқу үдерісін ұйымдастырудағы Блум таксономиясының танымдық деңгейлері 18.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    12 Кері байланыс 20.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    13 Бағалаудың мағыналары туралы 25.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    14 Сабақты жоспарлау және сабақ мақсаттары. Портфолио құрастыру. 27.10.2017 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    15 Сабақтың кезеңдері және жоспар құрылымы Қараша Байдилдаева А
    16 Сабақтың әр кезеңдерінде жаңа технологияларды қолдану Қараша Атшабарова А.
    17 Инновациялық технологияларды техникалық пәндер оқу үдерісінде тиімді пайдалану Қараша Аженова О.
      Жас мамандарды ғылыми-әдістемелік жұмыстарға дайындау Қараша Аженова О.
    18 Сабақта тиімді әдістерді қолдану ерекшеліктері Желтоқсан Сәрсенбі Г.М.
    19   Желтоқсан Асгат Р.
    20 Б. Блум технологиясы Желтоқсан Қайнарбаева М.С.
    21 Сатылай кешенді талдау Желтоқсан Ыбыраева Л.
    22 Джиксо Желтоқсан Даулеталиева Ж.
    23 Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі Желтоқсан Ыбыраева Л.
    2-кезең. Сыныптағы тәжірибе (Сарапшылар жас мамандардың ары қарайғы іс –әрекетін дамыту мақсатында сабақтарға қатысып, тиімді ұсыныстар береді)
    3-кезең. Рефлексия.
    1 Сарапшының сабақтағы ұсыныстарын талдау 11.10.2016 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    2 Портфолио құрастыру 13.10.2016 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    3 Екі сабақтың талдауы 18.10.2016 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    4 Рефлексия 20.10.2016 ж. Даулеталиева Ж., кафедра меңгерушілері
    4-кезең. Шеберлік сыныптар, ашық сабақтар мен мұғалімдер арасындағы байқаулар
    1 Мастер-класс: Оқытудағы инновациялық амалдар. Желтоқсан Ордагулов И.Б., Берікбаев С., Төлегенова М., Сеиіл М.
    2 Семинар – тренинг: Сабақтағы кері байланыстың тиімділігі. Қаңтар Ордагулов И.Б., Нұржұма М., Нургалиев А., Нұржан А.
    3 Мастер-класс: Формативті бағалаудың ерекшеліктері. Ақпан Ордагулов И.Б., Ахметов Е., Қазбекова М., Шыныбаев Е., Нұртазаева А., Даулеталиева Ж.
    4 Тәжірибелік семинар: Арнайы пәндер оқу үдерісінде жаңа әдістердің қолданылуы. Наурыз Ордагулов И.Б., Богдалина А., Бейсебаев Е., Қанаев Б., Сайлаубеков К., Конакпаева А.,
    5 Мастер-класс: сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру әдістері. Сәуір Ордагулов И.Б., Кубегенова Н., Бержан А., Райымбек Л., Балтабекова Ж., Оспангалиева Г.
    6 Қорытынды отырыс: «Жас мамандар» клубының есебі Мамыр Ордагулов И.Б.
    5-кезең. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет
      Клуб жұмысының: семинар-тренингтердің үздік материалдарының, жас мамандардың өткізген сабақтары жоспарларының жинағын шығару. Жас мамандар мақалаларын жариялауға әдістемелік көмек көрсету. Оқу жылының ішінде Ордагулов И.Б., клуб мүшелері