«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ
                                                              БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ
                                                               «АЭМК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ

 Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев құрған «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның болашағы және азаматтардың игілікті өмір сүруі үшін өзіне тарихи жауапкершілікті алып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағытында адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін жағдайларды жақсарту мақсатында экономика мен саясаттағы ауқымды реформаларды іске асырады. Партияның әрбір мүшесі өзінің күнделікті еңбегімен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлттық бірлік пен қоғамдағы келісімді нығайта отырып, экономикалық жағынан мықты, демократиялық мемлекеттің құрылуына қол жеткізуі қажет.«Нұр Отан» – бүкілхалықтық партия. «Нұр отан» партиясы Алматы қаласы  Бостандық аудандық филиалының  «АЭМК» бастауыш партия ұйымы  жұмыс істейді. Мекемеде жұмыс істейтін жалпы адамдар саны -92, Партия мүшелерінің саны -72. “ АЭМК ” бастауыш партия ұйымының төрағасы – Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы Алматы мемлекеттік электрмеханикалық  колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты.Партияның қоғамды одан әрі демократияландыруға бастайтын экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру; елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуге бағытталған басты мақсаттарын ұстана отырып, колледж ұжымы өз ішінде және одан да өзге  маңызды іс-шараларды атқардыЖыл басында  «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы жарияланды. 2017 жылдың   қаңтар айының  31- інде колледж ұжымы жолдауды жан-жақты талқылап, ұжым болып  пікір бөлістік.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жөнінде ұжымға жан-жақты баяндап, ұжым болып  талқыладық. Ел басының жолдауын жүзеге асыру барысында «Рухани жаңғыру» атты тақырыбына сай Қазақстан Республикасының «Кино қайраткері» ҚР киноматографиясының үздігі, Райымбек ауданының құрметті азаматы, профессор, Мұқағали Мақатаев танушы  Шаяхмет Имашұлымен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерімен кездесу өтті, кездесудің мақсаты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен студенттерді рухани тәрбиеге, имандылықпен инабаттылыққа баулу.

              

Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институт директорының кеңесшісі жазушы филолог ғылым докторы Нұрдәулет Ақыш, Бас ғылым қызметкері  Алимжан Хамраев, филология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Жолдасбек Мәмбетовпен кездесу, кездесудің мақсаты студенттердің бойына Н.Назарбаевтың жолдауын қалыптастыра отырып, рухани құндылықтарын қалыптастыру.

«Еліңнің тағдыры — өзіңнің тағдырың» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, тарихшы Әлкей Марғұлан қорының Президенті Марғұлан Данел Әлкейқызымен кездесу өткізілді. Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам кайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның тәжірибесін тарату, жиі кездесулер ұйымдастыру, мақсаты студенттердің бойына тарихи құндылықтарды сіңіру арқылы адамгершілік пен мәдениеттілікті қалыптастыру.

       

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы жөнінде ұжымға баяндалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді

     

  2016-2017 оқу жылында Тараз қаласында «ЖАС ҒАЛЫМ-2017» VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған біздің студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мусаханова Аружан, Сәуірбек Жазира 1-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

  1. ІV Республикалық «Жас білімпаз-2017» атты ғылыми жұмыстар сайсына Исабай Алина, Маханов Бақытжан, Молдабай Асылжан 27 және 21топ студенттері қатысып жүлделі орын алды.

  2. «Тұран үміті» қалалық колледждер арасындағы ғылыми жұмыстары бойынша Алматы электрмеханикалық колледжі ІІІ орынды иеленді. Жобаға жалпы 21 ғылыми жұмыс қоргалып, оның 16 жүлделі орындарды иеленді.

                

«Ұлы дала елі» жобасы аясында Наурыз мерекесі қарсаңында колледж ұжымына белгілі актер Бекжан Тұрыс қонақ болды және колледж ұжымы Бостандық ауданы әкімдігімен бірге наурыз мерекесін жылда өткізіп тұрады.


АЭМК бастауыш партия ұйымындағы  жас мамандармен сұхбат  жүргізіліп, жаңа партия мүшелерін қабылдау жалғасын табуда. «Путёвка в жизнь» жобасы бойынша жоғарғы оқу орындарының түлектерін жұмысқа қабылдап (2014-2015 уч.год.) еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуда.1.1. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – партия)  1999 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігін (республикалық мәртебе) қайта құру жолымен құрылды.Алматы мемлекеттік  электрмеханикалық колледжінде жас мамандармен сұхбат  жүргізіліп,  ел саясатын түсініп, оның идеяларын қолдаған жаңа партия мүшелерін қабылдау жалғасын табуда

        

«Сәтті қадам» жобасы. Ондағы жоғарғы оқу орындарының түлектеріне жұмысқа орналасуына жағдайлар жасау. Жастарды жұмысқа жұмылдырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Биылғы оқу жылында 208 студент мамандық иесі атанып, дипломдарын алды. Оның ішінде 182 студент — жұмысқа орналасты; 8 студент –әскер қатарына қабылданды; 8 студент – жоғарғы оқу орнына түсті. Жұмысқа орналасу көрсеткіші – 82%. 

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылғандай «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша осы жаңа оқу жылында 100 студент қабылдадық. Студенттер толықтай модульдік оқыту жүйесі негізінде білім алуда. Тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Ай сайын шәкіртақы алады.

Партия тіл мәселесінде де өзекті жұмыстар атқаруда. Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж базасында европа ұлтты студенттер арасында «тіл – халық қазынасы» атты қалалық байқау өтті.

Алматы электрмеханикалық колледжінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – жаһандық үдерістерді меңгеру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шарада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оспанғалиева Гүлкерім баяндама жасап, өз баяндамасында қазақ әліпбиінің әр ғасырлардағы тарихына тоқталып, 2017 жылы жасалған латын әліпбиінің соңғы екі нұсқасына тоқталды. Латын әліпбиіне пікір білдірген ұжым педагогтарының ойлары әліпбидің соңғы нұсқасының төңірегінде бірігіп, қолдау тауып жатты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген 17 қараша – Студенттер күніне орай «Самрұқ» өзін-өзі  басқару ұйымының ұйымдастыруымен колледжішілік волейболдан жарыс болып өтті.  

Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді. Сондықтан бүгін «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын, «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын негізге алып, жауапкершілік пен міндеттер тұрғысында тоқталудың маңызы зор. Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне өз үлесімізбен қызмет етеміз.Жалпы, әлеуметтік жаңғыртудың астары әрбір нақты адамға арналғанын, оның өмір сапасын көтеруге бағытталатынын білгеніміз жөн. Мұны біз болашақ бағдарымыз деп бағамдасақ одан ұтарымыз да көп, тиімді мүмкіндігі де мол. Сол себепті қоғамның жаңару процесін қалыптастырудың маңызы зор.