МИССИЯ

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

    «АЛМАТЫ ЭЛЕКТРМЕХАНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

    КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

     

     

    Бекітемін

    Директор

    ____________ Б. Бозымбаев

    5 қаңтар 2017 жыл

     

     

     

    2017-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

     

     

     

     

     

     

     

     

    Мекен-жайы: 120000, Қазақстан Республикасы

    Алматы қ., Туркебаев көшесі 257     (727)3766270,

    e-mail: colleg_aemk@mail.ru

    Cайт: aemk.kz

     

     

     

    Алматы, 2016

    Мазмұны

    Кіріспе                                                                                                                                             3

    Колледж іс-әрекетінің қазіргі жағдайы және даму енденциялары                                           4

    Миссия және көрініс                                                                                                                      6

    Іс-әрекеттің стратегиялық бағыттары                                                                                           7

    Мақсаттар мен міндеттер                                                                                                               7

    Мемлекеттік және аймақтық стратегиялық мақсаттарға колледждің мақсаттары мен стратегиялық бағыттарының сәйкестігі                                                                                        8

    Мақсаттарға жетудің жолдары мен тәсілдері                                                                            10

    Ықтималдық қатерлер                                                                                                                  12

    SWOT талдау                                                                                                                                 12

    Қорытынды                                                                                                                                   16

     

     

     

     

     

    Кіріспе

    2002 жылы «Кәсіптік оқыту орталығы» орнына Алматы қаласы әкімдігінің 01.04.2002 жылғы №2/211-181 бұйрығы бойынша «Алматы электрмеханикалық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (әрі қарай Колледж) болып бекітілді.

    Алматы қаласы әкімдігінің 27.11.2006 жылғы №7/1443 жарлығымен ол Алматы қаласының Білім басқармасының «№11 Кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесі болып аталды.

    2013 жылы Алматы қаласы әкімдігінің  14.02.2013 жылғы № 1/96 жарлығымен Алматы қаласы Білім басқармасымен «Алматы электрмеханикалық колледжі» КМҚК қайта құрылды. Заңды тұлғаның № 1910-01/2437 13.05.2013 жылдан бастап мемлекеттік тіркеудегі куәлігі орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласында жүзеге асады.

     

    1. Қазіргі жағдайдың талдауы

     

    Алматы электрмеханикалық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Алматы қаласы Әкімдігінің меншігі болып табылады. «Алматы электрмеханикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының уәкілетті органы Алматы қалалық Білім басқармасы болып табылады. Оқу материалдық –техникалық базаның жеке құжатының бар екенін куәләндыратын құжат 2010 жылғы 16 шілддедегі тіркеу нөмірі № 0029130 жерді үнемі пайдалану құқығына арналған Мемлекеттік актісі болып табылады. Жер учаскесінің көлемі – 0,7103га. құрайды.

    Колледждің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру іс-әрекеті 17.10.2008 жылғы АА-5 № 0059719 Алматы қаласының экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы берген Мемлекеттік Бас лицензияның негізінде жүзеге асады. Қолдану мерзімі шектеусіз.

    2013 жылы Алматы қаласының білім беру саласының бақылау Басқармасы колледжге  2013 жылдың 19 желтоқсанында №13019810 бұйрығымен Бас лицензия берілді.

    Кесте1.1. Колледж білім беру қызметінің келесі түрлері бойынша лицензяланған (лицензия қосымшада бар):

    Мамандық Біліктілік Оқу мерзімі
    1 0402000 — «Дизайн» (профиль бойынша) 0402022 – «Көркемдік әсемдеу жұмыстарын жүргізуші» 2 жыл 10 ай.
    2 0503000 — «Слесарлық іс»

     

    0503012 – «электржабдықтарын жөндеуші слесарь – электрик»

    0503022 – «электрик-автослесарь»

    10 ай.;

    2 жыл 10 ай.

    10 ай.;

    2 жыл 10 ай.

    3 0910000 – «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» (түрі бойынша)

     

     

    09100053 – «техник – электрик»

     

    0910032 – «Жарық беру және жарықтандыру жүйесін электрмонтаждаушы»

    2 жыл10 ай.;

    3 жыл 10 ай.

    2 жыл 10 ай

    4 1114000 — «Дәнекерлеу ісі» (түрі бойынша)

     

    1114063 – «техник – механик»

    1114022 – «газорезчик»

    1114042 – «Электргазбендәнекерлеуші»

    2 жыл10 ай.

    3 жыл 10 ай.

    2 жыл 10 ай.;

    2 жыл 10 ай.

    5 1201000 — «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 1201113 – «электрмеханик»

     

    1201123 – «техник – механик»

     

    1201062 – «электрик автокөліктің электрқұрылғыларын жөндеуші электрик»

    1201092 – «көлікті жөндеу бойынша шебер»

    2 жыл 6 ай.;

    3 жыл 6 ай.

    2 жыл 10 ай.;

    3 жыл 10 ай.

    10 ай.;

    2 жыл10 ай.

     

    2 жыл 10 ай.

     

    Колледж жалпы орта білім беру,техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, бұл студенттерге кәсіптік және техникалық білім берудің тиісті мамандықтары бойынша тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

    Колледждің қызметі «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің стандартты ережелері», «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 31 шілдедегі заңы, №319-ІІІ, (өзгерістер мен толықтыруларымен 24.11.2015 ж), Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР тілдер туралы заңы, Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министірлігінің бұйрықтары, нұсқаушы және әдістемелік хаттары , ҚР-ы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының іс-әрекетінің типтік ережелерін, білім беруді ұйымдастыруға құқық беретін лицензияларын және колледж жарғысын негізге алады.

    Колледж басшылығы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемін жылдан жылға арттырып келеді. Бүгінгі күні колледжде 2 оқу-өндірістік ғимараты бар. Жалпы ауданы —3308,3 м2, онда аудиториялар орналасқан, 50 орындық интерактивті дәріс залы және инетернет желісіне қосылған. Онда дәрістер, конференциялар, семинарлар, әр түрлі іс-шаралар үшін бейне материалдарды көрстеуге мүмкіндік беретін интерактивті жабдықпен жабдықталған қосымша орындар, кітапхана, 5 оқу зертханасы, интерактивті тақтамен қамтылған 3 дәрісхана, арнайы пәндер бойынша жаңа модификациядағы 2 компьютерлік дәрісханалар, медициналық бөлме,100 орындық студенттер асханасы, тиісті жабдықтар мен және жиһазбен, ғылыми әдістемелік оқу орталығымен, 9 оқу зертханалық шеберханамен және жазғы жаттыығу алаңымен жабдықталған. Студенттермен қызметкерлердің қауімсіздігін қамтамасыз ету үшін колледждің ішкі және сыртқы бөлімдері бейне бақылауға қосылған.

    2015-2016 оқу жылында ҚР-ның әлеуметтік даму және денсаулық сақтау Министрлігінің 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы «Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді кезекті міндетті аттастациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» №1057 бұйрығына сәйкес өндірістік объектілерге аттестация өткізіліп, аттестация комиссиясының шешімімен 9 өндірістік объекті аттестатталды.

    2016 жылдан бастап, Колледж ИСО 9001:2016 стандартының талаптары негізіне сәйкес (Бұдан әрі — СМЖ) сапа менеджменті жүйесінде жұмыс жасайды.

    Колледждің сапа менеджменті жүйесінің (бұдан әрі-СМЖ) құрамына 3 бөлім күндізгі,сырттай және 4 кафедра, оқу, өндірістік, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық қызмет, күзет қызметі, шаруашылық қызмет және материалдық-техникалық қызметтер кіреді.

    Колледж күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша мамандар даярлайды,оқыту тілі-мемлекеттік және орыс тілдері.

    Кесте 1. Студенттердің жалпы саны

    Студенттер саны 2012-2013 2013-2014 2014-2015 2015-2016 2016-2017
    Күндізгі бөлім 484 528 578 612 698
    Сырттай бөлім 17
    Жалпы саны 484 528 578 612 712

     

    Педагогикалық қызметкерлердің құрамы 32 оқытушы және 30 өндірістік оқыту шебері,оның ішінде 1 адамның ғылыми дәрежесі бар, магистр-7 адам, жоғары санатты және бірінші санатты-14 адам.

    Әлеуметтік серіктестік- оқу мен оқытуды байланыстыруға және жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуі үшін өзара тиімді ынтымақтастық негізінде білім беру үдерісін жаңғыртудың бір түрі болып табылады. Колледж АҚ «Алатау Жарық Компаниясы», АҚ «Алматинские тепловые сети», ЖШС «Алматытеплокоммунэнерго», ЖШС «АлматыЭнергоСбыт», ЖАҚ «Холдинг Алматы Су», ЖАҚ «Бастау», ЖАҚ «Су Желісі», ЖАҚ «Тоспа Су», «Корпорация Сайман», ЖШС «Алматинский электромеханический завод», ЖШС «Элкос», ЖШС «ВВС Corporation». ЖШС «MEGA Моторс», ЖШС «Искер Газ», ЖШС «Субару центр», ЖШС «Машсвар», ЖШС «Автобусный парк №2».

    сияқты кәсіпорындар мен мекемелермен әлеуметтік серіктестік форматында белсенді түрде жұмыс жасайды.

    Колледждің кәсіптік бағдар жұмысын оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері атқарады. Олар Алматы қаласы және де аймақтық елді мекендерге кәсіптік бағдар жұмысын жүргізеді.

    Колледждің іс-әрекеті және оның басымдылықтары туралы жан-жақты ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тұрады. Жылсайын қабылдау комиссиясы жұмысының кезінде колледж туралы мәліметтер ақпараттық-анықтамалық мәліметтер басылымға жарияланады. Колледждің aemk.kz сайты колледжде орын алған өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып отырады. Оқу корпусында қызығушылық білдірген әрбір адам үшін электрондық-ақпараттық стенд орналастырылған. Кәсіптік бағдар жұмысы Алматы қаласы бойынша жыл бойы жүргізіледі. Кәсіби бағдар жұмысы барысында оқушыларға колледж туралы бейнеролик көрсетіліп, буклеттер таратылады. Колледжде ұйымдастырылған Ашық есік күні келген ата-аналарға, оқушыларға, мектеп өкілдеріне колледждің жарнамалық өнімдері таратылады. Сондай-ақ кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша колледжде «Техникалық мамандықтардың әлемі» атты бұрыш жасалған. Оқуға түскісі келген түлектер сол бұрыштан өзіне қатысы мамандықтар бойынша ақпарат ала алады.

    2015 жылы ақпан айында колледж Мемлекеттік аттестациядан тиімді өтіп, 5 мамандық бойынша Мемлекеттік лицензия алды.

    2017 жылдан бастап колледж Алматы қаласы Білім басқармасының 15.09.2017 жылы 360 038 015 159  бюджеттік бағдарламасына сәйкес № 188 келісім шарты негізінде жұмысшы мамандықтарды даярлауға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруға және «Алматы қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту орталығы» Алматы қалалық әлеуметтік және жұмыспен қамту бағдарламалары Басқармасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 12.04.2017 жылғы №3 келісім шарты негізінде аса қажетті жұмысшы мамандықтар бойынша тұрғындардың жұмыссыз бөлігін даярлау іс-әрекетін жүзеге асыруға қатысты.

    Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік жаңғыру: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасының тұжырымдамасында: «Оқыту жүйесіндегі «Дуалдық оқытудың жүйесі» маңызды орын алады деп көрсетті.

    2015 жылдан бастап 0910000- «Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (түрі бойынша) мамандығы 0910032 «Жарық беру және жарықтандыру жүйесін электрмонтаждаушы» біліктілігі бойынша АҚ «ЭЛКОС», АҚ «АЭМЗ» Алматы қаласы білім басқармасы мен Алматы электрмеханикалық колледжі арасында 3 жақты келісімшар негізінде дуалды оқыту жүйесі енгізілді. 1201000 «автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы 1201062 «Автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик» біліктілгі бойынша «Мега Моторс» және т.б. компанияларда дуалдық оқыту технологиясын енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

    Мемлекет тарапынан барлық білім беру жүйесіне соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беруге үнемі қолдау көрсетіп оырады. Педагогтардың жаңа технологияларды қолдануына, олардың кәсіби тұрғыдан жетілуіне, кәсіби құзыреттілігін шығармашылық тұрғыдан дамытуына жағдай жасалған.

    Колледждің материалдық-техникалық базасының ресурстарын үнемі жетілдіруді нығайту колледж басшыларының бақылауында болады. Білім беру үдерісі материалдық-техникалық базаның толыққанды жұмыс жасауымен байланысты болғандықтан жетіспейтін ресурстар уақытымен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісі колледжді дамытудың 2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының (бұдан әрі — СЖ) параметрлеріне сай жұмысын жүзеге асырады.

     

     

    1. КОЛЛЕДЖдің МИССИЯсы және көрінісі

     

    Миссия: Еңбек нарығының жаңа өзгерістері жағдайындағы жаһандық үдерістердің үдемелі дамуында жүйелі ойлап, көп тілде сөйлей біліп, өзгелермен ашық бәсекелестікке түсе алатын дағдыларға ие, құзыретті мамандар даярлау.

    КӨРІНІС: Әлемдік деңгейдегі критерийлерге сәйкес, бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша тәжірибеге бағытталған көшбасшы колледж болу.

     

    БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР (колледж философиясы)

    • Өзара түсіністік пен өзара сыйластық.
    • Адамдарға ізгілікті көзқарас.
    • Бірлік арқылы биіктерді бағындыру.
    • Өзінің тұлғалық және кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуына ұмтылу.
    • Әр іске бастамашыл және шығармашыл көзқарас.
    • Өмірге белсенділік ұстанымымен қарау.
    • Сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп, жаңа бағыттарды жүзеге асырып, үздіксіз даму.
    • Мемлекеттің және барлық білім беру үдерісінің субьектілерінің, кәсіби қоғамдастықтардың, өзге де қызығушылық танытқан тараптардың қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыруды  қамтамасыз ету.
    • Жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерге әрбір кызметкердің жеке жауапкершілігі.


     

    1. КОЛЛЕДЖ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

     

    Мақсаты: Өмірлік белсенді ұстанымға ие жоғары білікті техникалық кадрлар даярлауда ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқыту жүйесін жетілдіре отырып, ТжКБ жүйесінде әлемдік және республикалық деңгейдегі көшбасшы колледж болу.

    Міндеттер:

    ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, Білім басқармасының бұйрықтарын өзге де нормативтік-құқықтық актілерін зерделеу;

    колледж студенттерінің рухани –адамгершілік тәрбиесіне негізделген мәдени құндылықтарын қалыптастыру;

    кәсіптік және техникалық білім беру сапасын жетілдіру, колледждің басқарушылық-ұйымдастырушылық құрылымның іс-әрекетін, еңбек мәдениеті және педагогикалық имиджді арттыру.

    Колледждің материалдық-техникалық және ақпараттық инфрақұрылымын арттыру;

    Кәсіптік білім беру үдерісінде сауатты оқыту жағдайында инновациялық технологияларды қолданы\п сапаны арттыру;

    Арнайы пәндер бойынша оқу үдерісін үшөлшемді әдістемелік жүйемен қатар модульдік құзыреттілік негізінде қамтамасыз ету;

    Студенттердің бойында ұлттық рухани құндылықтарды сіңіріп, олардың көп мәдениеттілігі мен сандық сауаттылығы және үштілділік сияқы қазіргі заманғы құндылықтарды қалыптастыру;

    2017-2021 жылдарға арналған  жұмысшы мамандықтарды даярлауға арналған «Мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыруға және «Алматы қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту орталығы» Алматы қалалық әлеуметтік және жұмыспен қамту бағдарламалары Басқармасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен келісімге отырып, ресурстық орталық ашу;

    Колледж іс-әрекетін тиімді басқаруда  басқару сапасын жетілдіру;

    Шетелдік және Алматы қаласындағы басты салалармен әлеуметтік серіктестікті нығайту;

    Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігін зерделеу;

    «Ақбастау – рухани тазалақ»  бағдарламасының механизмдерін студенттердің «өзін-өзі басқару»  ұйымында қолдану.


     

    1. Колледждің стратегиялық жоспарының мақсат –міндеттерінің мемлекеттік бағдарламалар мен ұстанған саясатына сәйкестігі

     

    Колледждің миссиясы мен көрінісін, стратегиялық жоспарын қалыптастыруда оның ғылыми –әдістемелік әлеуеті мен кадрлар құрамының сапасы, техникалық, ресурстық мүмкіндіктері де ескерілді. Осыған байланысты қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа парадигмалар мен оқыту философиясына назар аударып, білім беру саясатында қабылданған қаулылар мен бұйрықтарды, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерді, Заң аясында қабылданған шешімдер мен Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, колледж миссиясы мен көрінісін, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерін құрылымдау ұйымдастырылды. Олар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,         2007 жылғы 27 шілдедегі №319-11 Қазакстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына, Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына негізделді.

    Сонымен қатар,  миссия мен мақсаттарды және міндеттерді құру туралы ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарында Алматы қаласының

    2020 жылға дейiнгi мерзiмге арналған Алматы қаласын дамытудың Бас жоспары (Алматы қалалық Мәслихатының шешімі IІ сайланған XІІІ сессиясының 2001 жылғы 31 қазандағы

    Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 14 қарашада N 402 тіркелді) да ескерілді.

    Алматы электрмеханикалық колледжінің басқару жүйесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, ҚР- да білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын МЖББС-ын, Колледж Жарғысын және колледждің миссиясын ескере отырып жүзеге асады.

     

    1. Мақсаттарға жетудің амалдары мен жолдары

     

    — негізгі бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді жоспарын стратегиялық мақсаттарға сәйкес әзірлеу;

    — білім беруді басқарудың тиімді жүйесін құру;

    — колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетінің тиімділігін арттыру;

    — Тиімді басқаруды жетілдіру үшін сапа менеджменті жүйесін жетілдіріп отыру;

    — колледж имиджін жақсарту үшін барлық құрылымдық бөлімшелерді жұмысқа тарту, интернет-сайттар мен ақпараттық қызметтің жұмысын жетілдіру.

    Тәрбие іс-әрекетін жетілдіру және модернизациялау

    Стратегиялық іс-әрекет:

    • — Инновациялық ой — сана  жемісі,  индустриалды  экономикасы  дамыған елдер қатарына кіру.
    • Жаратылыстың жұптық,  қарама — қарсы  қуаттардың  бірлігі  негізіндегі дамуының философиялық  негіздері : ақпен қара  қашанда бірге жүретінін, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынынын түсіну.
    • «Мәңгілік Е л — ұлттық идеясын » іске асыру механизмі ретінде, ұлттық брэндке айналдыру.
    • — жастар ұйымы іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау.

     

    Материалдық техникалық базаны дамыту және ресурстармен қамтамасыз ету

    Стратегиялық іс-әрекет:

    — колледждің материалдық-техникалық базасын дамытуды стратегиялық жоспарлау үшін студенттерді және ИПҚ-ларды тарту;

    — экономикалық тұрақтылықты және қаржылық коэффициенттерді арттыру;

    — зертханалық техниканы сатып алу арқылы жөндеу, заманауи зертханалық қондырғылар, оқу стенділері, өлшем кешендерін және жабдықтарды жаңарту;

    -Электр және элетр мен жабдықтау, монтаждау мамандығының зертханаларына, шеберханаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    — колледж асханасын кеңейту жолдарын қарастыру;

    1. ЫҚТИМАЛ ҚАТЕРЛЕР

     

    Колледжде әлеуметтік-саяси дәстүрлер, педагогикалық жұмыстың жоғары мәдениеті бар. Алматы қаласы — Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқан аймағы, сондықтан жасөспірімдердің білім алуға деген ұмтылысы аймақта өсіп келеді, қазіргі уақытта еңбек нарығындағы қатал бәсекелестік жағдайында техникалық білімге қоғамдық қызығушылық артты.

    Ықтимал қатерлерге мыналар жатады:

    — аймақтағы және республикадағы бәсекелестердің белсенді саясаты;

    — экономикалық дағдарыстың зардаптарына байланысты экономикалық ахуалдың өзгеруі, экономикалық жүйені нарыққа айналдыру.

     

    Колледж іс-әрекетіне SWOT-талдау

     

    Күшті жақтары S (strength) Әлсіз жақтары W (weakness)
      1.Инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында әдістемелік семинарлар, конференцияларға қатысуы, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілік арттыру курстарына қатысуы олардың кәсіби құзыреттіліктері жоғарылады.

    2. Колледждің Мемлекеттік лицензиясы бар.

    3.Қазақстан Республикасында орын алып жатқан соңғы реформаларға сәйкес колледждің миссиясы мен стратегиялық мақсаттары мен міндеттері қалыптасқан.

    4. Колледждің миссиясы мен стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, олардың басым бағыттарын жүзеге асыруға, дамытуға арналған материалдық ресурстар, бөлінген қаржы, кадрлар әлеуеті талаптарға сәйкес келеді.

    5. Студенттердің қалалық, республикалық деңгейде өткен байқаулар мен олимпиадаларға, ғылыми жобаларға катысуы олардың өз мамандығы бойынша қалыптасқан білімдерін одан әрі дамытуына мүмкіндіктер берді.

    Колледж миссиясы мен мақсаттарын орындау үшін барлық бағыттардың іс-әрекетін ұжым және басшылық тарапынан жоғары деңгейдегі түсіністік пен ерекше қолдау көрсетіледі.

    6. Колледждің миссиясына, мақсаттарына сәйкес бөлімшелер мен кафедралардың жұмыстар жүйелі жоспарланған.

    7.Оқу-тәрбие үдерісіндегі іс-әрекеттерді колледж миссиясына сәйкес жоспарлап, оны жетілдіру, жүзеге асыру бойынша жүйеленген тәрбие жұмысы жүргізілуде.

    8. Сапа менеджменті жұмысы ендіріліп, ол бойынша атқарылып жатқан шаралар белсенді түрде жетілдірілу үстінде.

    9.Колледждің педагогикалық-әдістемелік, оқыту және оқу әлеуеті қойылған  миссияға сай келеді.

    10. Қамқоршылық кеңесі бар.

    11. Инфрақұрылымы дамыған.

    12. Колледждің материалдық-техникалық базасы жетілдірілген және даму үстінде.

    13. Оқу үдерісінде интерактивті ақпараттық технологияларды тиімді қолдануы жоғары деңгейде.

    14. Колледждің өзіндік өңірлік имиджі қалыптасқан.

    15. Инженерлік –педагогикалық құрамның іс-әрекетін әкімшілік тарапынан бақылау және бағалауда рейтингтік жүйе тиімді жүзеге асырылған.

    16. Студенттердің оқу үдерісіндегі өзін-өзі шынайы бағалау жүйесі білім сапасының артуына ықпалын тигізеді.

    17. Колледж миссиясын жүзеге асыру бойынша оқыту мен оқу үдерісін инновациялауда таңдалып алынған заманауи оқытудың интербелсенді әдістері тиімді жүзеге асуда.

    1. Кейбір семинарлардың тақырыптары жалпылама және де мамандардың пәндеріне тікелей қатысы болмағандықтан тәжірибе алмасу жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмайды.

    2. Кейбір мамандықтар бойынша инженерлік-педагогикалық құрамның өндіріс орындарынан тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері жоқ.

    3. Кәсіби шеберлік пен тәжірибе алмасуға, оны таратуға негізделген, республикалық, халықаралық маңызға ие байқаулардың көбісі ақылы түрде жүзеге асатындықтан студенттер мен оқытушылардың бәрі бірдей қатысуға мүмкіндік жоқ.

     

    4 О (opporotunitu) жағымды мүмкіндіктер T (threat) – Қатер
      1.Колледждің инженерлік-педагогикалық құрамының «Кәсіпқор» холдингі арқылы халықаралық деңгейдегі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, құзыреттіліктерін арттырады.

    2. Ж. Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы арқылы студенттердің білім сапасындағы жағымды өзгерістерге алып келеді.

    3. Аймақтық және республикалық өндіріс орындары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарымен өзара түсіністікке негізделген серіктестік байланыс аясы кеңейеді.

    4. Колледждегі басқару іс-әрекетінің сапа менеджменті жүйесіне көшуі болашақ тиімді дамудың мүмкіндіктерін көрсетеді.

    5. Инженерлік-педагогикалық құрамның республика деңгейінде ұйымдастырылған кәсіби құзыреттіліктерді арттыруға бағытталған байқауларға белсенді қатысады.

    6. «Қуатты Қазақстан» қорының президенті, , «Нұр Отан» партиясы cаяси кеңесінің мүшесі Мұхит Әуелбайдың  студенттерді рухани тазалыққа, оң шешім қабылдауға бастайтын «Ақбастау – рухани тазалық» бағдарламасы  бойынша колледждің тәрбие жүйесіндегі жұмысы тиімді бағытта атқарылады.

    7. Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры колледждің оқу-әдістемелік қызыметінің әлеуетін арттыру мақсатында Алматы қалалық колледждер қауымдастығының президенті Ж.Н.Азисхановпен, Корей DIA GLOBAL Академясы президенті Уон Дон Ёнмен үшжақты меморандумға қол қоюы колледждің миссясы мен стратегиялық жоспарларын тиімді дамытуға жасаған сенімді қадамы болашақта тиімді дамуға  жол ашады.

    1.      Оқыту мен оқу сапасын арттыру және тәжірибелік сабақтардың мүмкіндіктерін бағалауда барлық оқу кабинеттерінің ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілмеуі.

    2.      Өкімет тарапынан мемлекеттік білім беру қызметкерлерін дамыған елдердің тәжірибесін үйрену үшін шет елдерде біліктілігін арттыруға, жетілдіруге, тағылымдамадан өтуге қаржының бөлінбеуі немесе қарастырылмауы.

     

     

     

    Қорытынды

     

    Стратегиялық сапаны басқару жүйесін дамыта отырып, Электрмеханикалық колледжі колледж түлектері арасында кәсіби білім деңгейін жоғары деңгейде қалыптастыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға, білім беру қызметтері мен инновациялық жобаларды тұтынушылардың білім сапасына жаңа көзқарас қалыптастыруға ниетті.

    Стратегияны іске асырудың маңызды нәтижесі — 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаттарына сәйкес сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қолайлы орта, технологиялық инфрақұрылым және білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімді механизмдері.