Колледжде студенттерінің білім алу кезеңдерінде жеке даму бағытында барынша қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық қызмет көрсетіледі. Колледждегі педагог-психолог Нұржұма Мадина Манапқызы. 

Қызметтік міндеттері

  1. Оқыту барысында студенттердің психологиялық, әлеуметтік қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету.

2.1. Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен өзге де балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес студенттер құқықтарының сақталуын қадағалау.2.2. Колледждің әлеуметтік саласының үйлесім табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын – алуға және болдырмауға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

2.3. Студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және оларға әртүрлі психологиялық (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық) көмек көрсету.

2.4. Студенттер мен ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмек беру.

2.5. Әр түрлi бейiн, бағыттарда психологиялық диагностика жүргiзу.

2.6. Зерттеу материалдары бойынша студенттердің, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтiк дамуы проблемаларын шешу ісінде педагогика ұжымына, сондай-ақ ата-аналарға (заңды өкілдерге) бағдар беру мақсатымен психологиялық-педагогикалық қорытындылар әзірлеу.

2.7. Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгі бойынша құжаттама жүргізеді және оны тиісті мақсатта қолдану.

2.8. Студенттердің, тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшелiктерiн есепке ала отырып, бiлiм беру қызметi бойынша дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға, әзiрлеуге қатысу, олардың әртүрлi жағдайларда өз өмiрлiк және кәсiптiк тағдырын өзi шешуге дайын болу қабілетін дамытуға жәрдем ету;

2.9.Творчестволық тұрғыдан дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, оларды іздеп табуға, таланттарының дамуына ықпал жасау.

2.10. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарды (ақыл-ой, физикалық, эмоциональдық) анықтап, оларды психологиялық-педагогикалық түзету бағытында шаралар қолданады.

2.11. Студенттердің, тәрбиеленушілердің, педагогика қызметкерлерінің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

2.12. Қызметкерлеріне студенттердің, тәрбиеленушілердің, педагогтардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) әлеуметтiк-психологиялық құзыретiн арттыру бағытында психологияны практикада қолдану мәселелерi жөнiнен кеңес беру.

2.13. Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысу.

2.14. Еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау.Қызметтік жауапкершілігі 

  1. Студенттермен жеке және ұжымдық психологиялық зерттеулер жасау, кеңес беру немесе түрлі шаралар өткізу кезінде олардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе, немесе психологиялық – педагогикалық зерттеулер мен шаралар өткізу кезінде балалардың құқықтары мен бостандықтары бұзылса, психологиялық Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен заңдылықтар шегінде тікелей жауап береді.3.1. Колледждің оқу тәрбие процесінде міндеттерін атқару (атқармау) кезінде материалдық зиян келтірсе, еңбек және азаматтық заңдылықтар шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.

Білуге міндетті

  1. ҚР Конституциясын, ҚР «Білім беру» заңынан, «ҚР балалары» заңын, ҚР «Еңбек туралы» заңын, «Білім беру ұйымдары қызметі ережелерін» және «мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік педагогтік – дәрігерлік қолдау көрсету туралы» өзге де білім беру саласына байланысты құқықтық нормативтік актілерді және «Орта білім беру мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын» балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға байланысты нормативтік ережелерді, психология және педагогика теориясын балалар физиологиясы мен гигиенасын, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін, еңбекті қорғаудың ережелері мен талаптарын, техникалық қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін.

4.1. Жалпы психологияны, педагогикалық психологияны, жалпы педагогиканы, жеке бас психологиясын, балалар мен жас ерекшелігіне байланысты психологияны, әлеуметтік психологияны, медициналық психологияны, балалар нейропсихологиянын, патопсихологияны, психосоматиканы, сексологияны, психогигиенаны, еңбек психологиясын, психологиялық кеңес.

4.2. Еңбекті қорғау нормативтері мен ережелерін, еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін.

4.3.Төтенше жағдайларда іс – әрекет жасау тәртібін.

4.4.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерін.  

ҚИЫН СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС

Мақсаты: студенттердің колледж ішкі тәртіпті сақтамауына байланысты студенттермен кеңестер жүргізіліп,

құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын қолдану.

                                    

«Мен өмірді сүйемін» тренинг барысында

                                     

Оқытушылармен өткізілген “Бұзылған телефон” ойыны

           

“Біздің ұжым” тренингі

             

 

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ БОЙЫНША «СІЗДІҢ ЖҮЙКЕҢІЗ ТӨЗІМДІ МЕ?»            САУАЛНАМАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

                                             

АГРЕССИЯНЫ БАҒАЛАУ САУАЛНАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ