SANALY URPAQ

«SANALY URPAQ» жемқорлыққа қарсы үгіт –насихат орталығының басшысы К.А. Токушевпен және «жемқорлыққа қарсы технология» ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Р.Усенова ханыммен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы» жобасы мен таныстық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мақсаты мен міндеттері Мақсаты: қызметі ашықтық және мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын көбейту Міндеттері: 1) білім беру ұйымдарының бизнес-процестерін автоматтандыру және оңтайландыру 2) білім беру ұйымдарының шешім қабылдауының ашықтығы және айқындылығы 3) білім беру ұйымдарының бюджеттерін қалыптастыру мен жұмсаудың ашықтығы мен айқындылығы