Библиотека

Құрметті оқырман!

         Құрметті оқытушылар мен білімалушылар сіздерді Алматы элетрмеханикалық колледжінде «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер ашты. Ғасырлар мен ондаған жылдар бойы ұмытылған тұлғалардың есімдері мен жәдігерлері оралды, мемлекеттік қазақ тілі қайта жанданды.

       1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің ерекше белгісі ретінде Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізілді. 

          Алғашқы  мемлекеттік акт – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация» болып табылады. 1993 жылы 28 қаңтарда егемен Қазақстанның Тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда халықаралық референдум өткізіліп, оған қатысқан азаматтардың 90%-дан астамы жаңа Конституцияға дауыс берді. Егемен Қазақстан демократиялық, зайырлы, әлеуметтік-құқықтық және унитарлық мемлекет болып жарияланды, ол үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылады.

            Кітапхана мен кітапханашының ең басты мақсаты осы орайда, білімалушылардың жалпы адамзаттық құндылықтарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру және Отанға деген құрмет пен махаббат сезімдерін бекіту, мемлекеттік тілде сөйлеуге ұмтылысын дамыту болып табылады.

                                   ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

        Құрметті оқытушылар мен білім алушылар, бүгінгі сізге ұсынып отырған ақпаратымыз:   Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріне биыл 180 жыл толуына орай кітап көрмесі арқылы, онлайн түрде сіз оқитын кітаптарды насихаттаймыз.

                                 Оқысаңдар, балалар,

                                 Шамнан шырақ жағылар.

                                 Тілегенің алдыңнан

                                 Іздемей-ақ табылар.

                                 Кел, балалар, оқылық!

                                 Оқығанды көңілге

                                 Ықыласпен тоқылық! деген  өлең жолдарымен бастасақ,

     Ыбырай Алтынсарин — Орта жүздің қыпшақ тайпасынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген.

Ыбырай Алтынсарин — жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Өз өмірінде сүрген дәуірдің мұрат- мүдделерін кәдесіне және жас өсіп келе жатқан ұрпақ  тәрбиесіне жарата білген тұлға болып табылады. Ауыр заманда білім алып, қиын-қыстау кезінде   Ыбырай Алтынсарин -білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын жол тек қана білім деп насихаттады. әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атауларымен шығып отыр. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттілігін көрсетті.

Жалпы кітапхана мақсаты:  Ыбырай  Алтынсаринің — педагогикалық  идеяларын  насихаттау арқылы кітапқа деген және  поэтикалық ақыл сөздеріне,  оқытушылар мен білім алушылардың қызығушылығын ояту болып табылады.

Кітапхана меңгерушісі: Гусманова Қ.К

Құрметті оқырмандар!

           Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына  (1846 – 2021)  орай Алматы  электрмеханикалық  колледж  кітапханасында  «Жыр алыбы – Жамбыл»  атты көрме қойылып, сайт арқылы ұсынып отырмыз. 

Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапрашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Құрметті  оқырмандар жалпы Жамбылтану мақсатында біз не білеміз?

Жамбыл  Жабаев — әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. Жамбыл Жабаев шығармашылығының шарықтау шегі тоқсан жастан асқан шағына тура келеді. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның он күндігінде шымылдығын Жамбыл ашты. 360 өнерпаз барған бұл мәдениет күндерінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың, әнші Күләш Байсейітованың абыройы асқақтады. Жамбыл сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды. Жамбыл көзінің тірісінде  КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жалпы кітап арқылы көрме қою және онымен таныстыру мақсаты: қазіргі өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ақынның таңдамалы туындыларының  таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерінің оқылуы мен шығармашылығын  таныстырып  оқырман назарына ұсыну болып табылады.

 

«Алматы  электрмеханикалық  колледж»

  Кітапхана  меңгерушісі :Гусманова Қ.К

    «Абай және кітапхана» атты тақырыбында  ортақ  мақтанышымызға  айналған халқымыздың ақыны , философ, ғұлама Абай  Құнанбайұлының 175 жылдығына  орай  Алматы  электрмеханикалық  колледж ішінде көрме қойылып,  Абай шығармашылығына  байланысты ақпарат берілді.  Бұл көрмеде рухани – мәдени мұрасын Абай тұлғасы арқылы,  шығармашылықтары мен өмір баянына байланысты кітаптар,  студенттер мен ұстаздарға ұсынылды.   Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан обл. Шыңғыс  тауы  баурайында  дүниеге келген. Абай қазақ әдебиетінде қайталанбас  ұлы  ойшыл , философ ,ақын.     Ұлы  жазушы  Мұхтар Әуезовтің бір пікірінде  «Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы, халық үні» деген екен. Бүгінгі  таңда біздің үнімізге қосылып, жаңа өріс алып тұр.  Абайдың қара сөздері көркемдік  күшін нығайтып, даналық көрсеткен прозалық  шығармалары  болып  табылады.  Осы орайда кітапхана  оқырмандарына, биылғы қиын  індетке  қарамастан  тиімді түрде  жеткізудің айқындалған бағыттарын жүзеге асыру мақасатында  кешенді жұмыстар колледж ішінде өткізіліп жатыр.