Биография директора

Өмірбаян

    Мен Бозымбаев Болатжан 26 мамыр 1960 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым қазақ.Отбасылымын, үш баланың әкесі. Техника ғылымдарының кандидатымын.

Еңбек жолын Алматы кинотехникумында 1986 ж қыркүйек айында бастадым.

1996 ж қарашадан бастап лаборант, киновидеоаппаратурысының жөндеу шебері, арнайы пәнінің оқытушысы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқардым. Бұдан кейін 1996 ж. желтоқсан — 1998 ж. қыркүйек аралығында Алматы политехникалық колледжінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істедім, 1998-2003 жылдары Алматы көлік және коммуникация колледжінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары,. 2003 ж Орта Азиялық технико-экономикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына ауыстырылдым. 2006 – 2007 жылдары Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директордың жаңа ақпараттық технологиялар қызметін атқардым.  2007 ж. қыркүйектен 2012 ж. желтоқсан аралығында Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директорының орынбасары, оқу ісі жөніндегі проректор, ОӘБ төрағасының орынбасары. 2012-2013 жылдары Алматы сән және дизайн колледжінің директоры болып тағайындалдым. 2014-2016 ж Алматы қаласы, «Өрлеу» БАҰО » АҚ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы. 2016 ж қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматы электрмеханикалық колледжі» директор болып тағайындалдым.

            2008 ж. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері,

2010 ж. «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталдым.