мероприятии

«Жаратылыстану - математика пәндер» кафедрасының меңгерушісі онлайн түрде ZOOM бағдарламасы арқылы өтілген сабақтың өтілу барысын қадағалау мақсатында кафедрадағы пән оқытушыларының сабақтарына онлайн қатысып, сабақтың өтілу барысына талдау жасалды. Сабақты талдау критерийлері: 1. Сабақтың тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігі 2. Студенттердің сабақтағы іс-әрекеті 3. Онлайн сабақта студенттерді белсендіру әдістері 4. Өзіндік жұмыстың рөлі 5. Қолданылған көрнекі құралдар 6. Сабақ барысында кері байланыстың болуы Осы аталған критерийлерді негізге ала отырып, Математика пәнінің оқытушысы Сембиева Гулбану апайдың, сызу пәнінің оқытушысы Шайкенова Күлсіннің, Биология пәнінің оқытушысы Абесеева Жібектің және де География пән оқытушы Хадишина Р.Ж. сабақтарына қатыстық. Математика пәнінің оқытушысы Сембиева Гулбану: Сабақтың тақырыбы: «Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері». Білім алушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп, сабаққа даярлығын пысықтады. Білім алушыларға сабақ мақсатын айттып, осы мақсатқа жету керек екендігін ескертті. Білімділік мақсаты: көрсеткішті теңдеулерді шешкенде бір негізге келтіру, жаңа айнымалы енгізу тәсілдерін қолдана отырып, жылдам есептеуге бейімділігін қалыптастыру. Білім алушылардың өткен сабақ бойынша қызығушылықтарын ояту үшін сұрақтар қойылды. Көрсеткіштік теңдеу ұғымын түсіндіре отырып, көрсеткіштік теңдеу қасиеттерін қалай пайдалану керек екендігі түсіндіріліп өтті. Көрсеткіштік теңдеудің қасиеттерін пайдалана отырып есептер шығарды. Білім алушылар белсенді қатысты. Сабақтың тиімді жақтары логикалық есептер және сәйкестендру арқылы есептер шығара отырып, ғылыми сөздер табу болды. Білім алушылар есептерді шығара отырып, логикалық есептер шығарып, қызығушылықтарын арттырды. IDROO тақтасын қолданып, математикалық есептер шығаруға арналған тақтада есептерді түсіндіре отырып, білім алушылар формулаларды айта отырып тақтаны өздері қолдана білді. Білім алушылар формулаларды жаза білуі, есептің мазмұнын түсінуі, тақтада формулалар жазып үйренді. Білім алушыларды әр есепке берілген ұпайлар арқылы бағалап, шығарған есептерінің ұпайларын өздері есептеп отырды. Сабақты тест тапсырмалары арқылы қорытындылады. Үйге тапсырма нақты беріліп түсіндірілді.
Ұсыныс: Болашақта сабақты жарыс, ойын сабақтар түрінде өткізсе, өйткені білім алушылар бір бірімен жарыса отырып математика сабағына қызығушылықтары артар еді, сондай ақ өз бетінше ізденіспен жұмыс жасауына, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына үлкен ықпал етер еді. Сызу пәнінің оқытушысы Шайкенова Күлсіннің сабағына қатыстым: Сабақ тақырыбы: «Бұйымдардың жəне конструкторлық құжаттардың түрлері». Білім алушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп, сабаққа даярлығын тексеріп өтті. Білімалушыларға сабақ мақсатын айттып, осы мақсатқа жету керек екендігін ескертті. Білімділік: Студенттерге қарапайым құрастыру сызбаларын сызу тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру. Конструкторлық құжаттардың түрлері туралы мәліметтер беріп сызбаларымен таныстыру. Дамытушылық: Студенттерге ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету Тәрбиелік: ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыруға, білімдерін практикада пайдалана білуге тәрбиелеу Білімалушылардың өткен сабақ бойынша үй тапсырмасын бағалау критерийлер бойынша15 балдық жүйемен бағалады. Слайдтағы бағалау дескрипторлары арқылы студенттер өз жұмыстарын ортаға салып, талдау жасады. Білім алушылар белсенді қатысты. Жаңа тақырыпты powerpoint бағдарламасы арқылы кестелермен, сызба жұмыстарымен және қосымша бейнематериалдармен түсіндірді. Жаңа тақырып бойынша бірнеше тәсілдермен құрастырылған тапсырмалар ұсынды. Білімалушыларды орындаған тапсырма санына байланысты бағалады. Сабақты тест тапсырмалары арқылы қорытындылады. Үйге тапсырма нақты беріліп түсіндірілді.
Ұсыныс: Сабақ мақсатына екі жақтыңда жете білуі. Бар мүмкіндікті пайдалануы. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Пәнді ойын түрінде тереңірек түсіндіріп,бала жадында қалдыру. Білім алушылардан кері байланыстың болмай қалуы, сабаққа аз қатысуы Биология пәнінің оқытушысы Абесеева Жібектің сабағына қатысып, талдау жасадық. Сабақ тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесінің құрылысы». Сабақ тақырыбын студенттерге айтып, blm.kz порталы арқылы үй тапсырмасының орындалуын тексерді. Білім алушылардың сабаққа назарларын аударып, сабаққа даярлығын тексеріп өтті. Өткен сабақ бойынша сұрақ жауап әдісін қолданды. Сабақ тақырыбына байланысты видеоматериалды көрсетіп, сұрақ қою арқылы материалды қалай игергендігін тексеріп отырды. Білімалушылар белсенді қатысты, сондай ақ суреттер сөйлейді әдісі арқылы, қызығушылықтарын арттырып отырды. Сабақты сызбанұсқасны толықтыру және тест тапсырмалары арқылы қорытындылады. Үйге тапсырма нақты беріліп түсіндірілді.
Ұсыныс: Әріптестер тарапынан білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында басқа да әдіс тәсілдерді қолдану керектігі айтылды. Білім.кз-гі бағаның аздығы. Білімалушылардың сабаққа аз қатысуы. География пән оқытушы Хадишина Р.Ж. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайында сипаттау. Оқу бағдарламасына сәйкес ҚМЖ-дан сабақтың тақырыбын анықтап, сабақта өтетін сұрақтар мен жетекші ұғымдардармен студенттерді таныстырды. Сабақтың мақсатын тағайындау: салыстыру, жіктеу, анықтау, мысал келтіру, болжам жасау арқылы. Студенттердің 100% cабаққа қатыспауы. Онлайн сабақтың алдында топ шеберімен хабарласып студенттерді түгелімен сабаққа қатыстырды. Сабақ барысында әртүрлі әдістерді колдануы. “Миға шабуыл” әдісі арқылы студенттерге кіріспе сұрақтар қойылады. Сабақтың тиімділігі кері байланыста байқалады. Өр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып өткен тақырыпқа сараптама жасалды.(ойындар қолдану, кесте толтыру т.б.) Бағалау критерийлері топтастырады, салыстырады, талдайды. Берілген тапсырмалардың ұпайы арқылы сабақты қорытындылады. Үй тапсырмасын сабақтың соңында түсіндіре отырып, blm.kz – тен орындалатынын ескертті.
Ұсыныс: Студенттер сабақта тапсырмаларды аз орындауы. blm.kz – те тапсырманың аздығы. Білім алушылардың белсенділігін арттыру. Жаңа технологиярдың аздығы. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. Жаңа технологияны қолдана отырып, білім алушылардың қызығушылығын ояту. «Жаратылыстану - математика пәндер» кафедрасының меңгерушісі Тукушбаева Салтанат Еркінқызы
«Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады»- дейді атақты педагог К.Д.Ушинский. Гуманитарлық кафедра оқытушыларымен әр аптаның дүйсенбі күні колледж басшысының әдістемелік жұмыс орынбасары: Ордағұлов И.Б, әдіскер Маханова М.О және кафедра меңгерушісі Кошмуратова Е.О.қатысуымен әр аптада өткен сабақтарға талдау жасалады. Алдымен оқытушылар өз сабақтарына тоқталып, жеткен жетістіктері мен қолданған әдіс- тәсілдері туралы айтып, кеткен кемшіліктері болса толықтыратынын айтады. Жалпы оқытушының өз сабағын талдауының негізгі мақсаты – осы қашықтан оқыту сабақтарының сапасын көтеру. Оған қатысушылар өз пікірлерін айтып, сабақты жалпы кешенді талдайды. Ол үшін колледждің әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген төмендегі критерилерге сүйенеді: 1. Сабақтың тақырыбын айқындау. Бұл сабақтың алдыңғы сабақтармен байланысы және оның келесі сабақтарға әсері. 2. Топтың қысқаша сипаттамасы: күшті / әлсіз студенттердің саны; сабақты жоспарлау кезінде топтың қандай ерекшеліктері ескерілді. 3. Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қысқаша баяндау және олардың орындалуын бағалау. 4. Сабақтың формасын және сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдау. 5. Демонстрациялық материалдарды (бейнеролик, презентация, өзге сілтемелер, электронды оқулықтар) пайдалануды негіздеңіз. Бұл қойылған мақсаттарға жетуге қалай көмектесті? 6. Білім алушылардың білімін бақылау қалай ұйымдастырылады (қай кезеңде, қандай формада). Таңдалған әдістің тиімділігін бағалау. 7. Сабақтағы психологиялық атмосфера, білім алушылардың қызығушылығы, оқытушымен қарым-қатынасы қалай болды? 8. Үй тапсырмасының көлемі мен мазмұны топтың ерекшеліктерін және жаңа білімді игеру дәрежесін ескере отырып дұрыс анықталған ба? 9. Сабақтың нәтижесін өзіңіз қалай бағалайсыз: барлық тапсырмалар шешілді ме, жоқ болса, неліктен? 10. Сіз болашақта өз сабағыңызда нені өзгертесіз? Осы критерийлерді негізге алып, «Гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушыларынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Р.А. Киізкапова дене тәрбиесі оқытушысы Шаяхметова Ж. және Дәуленхан А. сабақтары талқыланды. Өз сабақтарын талдау барысында жоғарыдағы криетерийлер бойынша рефлексия жасаған оқытушылар өз сабақтары бойынша терең ізденгені көрініп тұрды. Қорыта айтқанда, талдау барысынан байқағанымыздай сабақ үдерісінде кемшіліктер де орын алып отырды. Айталық, білім алушылардың біраз бөлігі сабақта белсенді емес, оқытушылар тарапынан студенттерді диалогқа тартатын сұрақтардың аз болуы сияқты бірқатар проблемалар анықталды. Қатысып отырған тәжірибелі мамандар осындай әлсіз тұстарды жетілдіру үшін кәсіби кеңестерін берді. «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетекшісі Кошмуратова Е.
Өз сабағын талдау «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедарсы бойынша онлайн түрде ZOOM платформасы арқылы өтілген теориялық және өндірістік оқыту сабақтарының өтілу барысын әдістемелік тұрғыдан жетілдіру және қашықтан оқыту сабақтарының сапасын арттыру мақсатында кафедрадағы арнайы пән оқытушылары мен өндіріс шеберлерінің сабақтарына онлайн қатысып, сабақтың үдерісіне талдау жасалынды. Сабақты талдау барысында колледждің Әдістемелік кеңесінде (№3 хаттама) қаралып ұсынылған төмендегі критерийлерді негізге алдық. Өз сабағын қысқаша кешенді талдау критерийлері Өзіндік рефлексия сабақтың барлық қырларын қамтуы шарт емес. Мұғалімге өзіндік рефлексия жасауға көмектесетін бірнеше критерийлерді ұсынамыз: 1. Сабақтың тақырыбын айқындау. Бұл сабақтың алдыңғы сабақтармен байланысы және оның келесі сабақтарға әсері. 2. Топтың қысқаша сипаттамасы: күшті / әлсіз студенттердің саны; сабақты жоспарлау кезінде топтың қандай ерекшеліктері ескерілді. 3. Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қысқаша баяндау және олардың орындалуын бағалау. 4. Сабақтың формасын және сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді таңдау. 5. Демонстрациялық материалдарды (бейнеролик, презентация, өзге сілтемелер, электронды оқулықтар) пайдалануды негіздеңіз. Бұл қойылған мақсаттарға жетуге қалай көмектесті? 6. Оқушылардың білімін бақылау қалай ұйымдастырылады (қай кезеңде, қандай формада). Таңдалған әдістің тиімділігін бағалау. 7. Сабақтағы психологиялық атмосфера, студенттердің қызығушылығы, оқытушымен қарым-қатынасы қалай болды? 8. Үй тапсырмасының көлемі мен мазмұны топтың ерекшеліктерін және жаңа білімді игеру дәрежесін ескере отырып дұрыс анықталған ба? 9. Сабақтың нәтижесін өзіңіз қалай бағалайсыз: барлық тапсырмалар шешілді ме, жоқ болса, неліктен? 10. Сіз болашақта өз сабағыңызда нені өзгертесіз? Осылайша кері байланыс жасау мұғалімге өзінің сабағына сыни қарауға, оның «оң» және «жағымсыз жақтарын» объективті бағалауға көмектеседі. Бұл сізге білім берудегі өзіндік стиліңізді қалыптастыруға және педагогикалық шеберлігіңізді дамытуға мүмкіндік беретін рефлексия болады деп ойлаймыз. Осы аталған критерийлерді негізге ала отырып, арнайы пән оқытушылары: Шыныбаев Е., Жұмамұратова А., Тоқтыманова А. Сондай-ақ өндірістік оқу шеберлері: Сейл М., Махсус Б., Байниет Н., Бейсен С. сияқты оқытушылар өз сабақтарына кешенді талдау жасады. Шыныбаев Е.С. «Электр жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және пайдалану» пәнінен «Үш сыртқы екі орамды үш фазалы трансформатордың конструкциясы және құрылысымен танысу» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында ұйымдастырушылық-мотивациялық сәт жақсы ұйымдастырылды. Ақпараттық техникалық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын білім алушыларға түсінікті етіп аша білді. Сабақта тақырыптың ашылуы жүйелілігі мен бірізділігі сақталды. Көрнекі құралдардан бейне-роликтер, слайд, сұлбалар қолданып, білім алушыларды сабаққа қызықтыра білді. Техникалық ақауларға байланысты сабаққа толық қатыса алмаған білім алушыларға, оқытушы параграф Blm.kz жүктелген тапсырманы орындап салуға болатындығын және сол арқылы бағаланатындығын айта өтті. Осылайша оқытушы сабақта барлық білім алушының толық қатысып, тапсырманы толық орындалуына мүмкіндік жасап, өзінің ісінің білікті маманы екендігін көрсете білді. Дегенмен де, сабақ барысында кемшіліктер орын алып отырды. Айталық, көп жағдайда оқытушының өзі белсенділік танытып, студенттердің сөйлеуіне аз уақыт берілді. Өзі сұрақ қойып, студентті күтпей, өзі жауап беріп отырды. Ұсыныс: Студенттерді белсендіру үшін тиімді әдістер қолдану және оларды ойлаудың жоғары деңгейіне жетелейтін сұрақтар әзірлеп, сабақта студенттерді диалогқа тарту қажет. Сейл М. «Электр қондырғыларын жерлендіру» тақырыбында өндірістік сабағын өткізді. Сабақ барысында шебер сабақ құрылымын сақтап, барлық бөлімдері бойынша ақпаратты толық қамтыды. Оның ішінде тоқтала кететін өндірістік сабақта білім алушыларға тәжірибелік сабақты меңгертуге аса мән берілді. Сабақтың мазмұнын тақырыпқа сай бейне –роликтер көрсете отырып, жерлендіру үрдісінің жүргізілу жолдары мен әдістерін қарапайым мысалдармен түсінікті етіп жеткізді. Осылайша білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята білді. Сабақ барысында білім алушылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытып отырды. Тек сабақтың онлайн түрде өтуіне байланысты білім алушыларға іс жүзінде қолмен ұстап жасап көргенде одан да жақсы жетістікке жетер ме еді. Ұсыныс: Білім алушылардың өз бетінше ізденіспен жұмыс жасауына, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатындай мамандыққа деген қызығыушылығын арттыра білу мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану керек. Сонымен бірге сабақта көрсетілген видеоның уақыты тым ұзақ. Сосын видеоны тоқтатып, арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақ қойып отыру керек. Сосын сабақ соңында студенттерден кері байланыс алып отыру қажет. Байниет Н. Өндірістік сабақтан «Тербелмелі және сырғанау подшипниктері» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Сабақ барысында сабақтың құрылымын сақтап, білім алушыларды ұйымдастыра білді. Сабақты қойылған мақсатқа сай өткізген өндіріс шебері жас маман болса да сөйлеу шеберлігін көрсете білді. Оқыту ресурстарын сауатты пайдаланған шебер сабақта психологиялық ахуал туғызып, білім алушылардың зейінін сабаққа аударып қызықтыра білді. Жаңа тақырыпты жеткізу барысында шебер көрнекі құралдар сұлба, сурет, презентация, бейнероликтер қолданып тақырыпты түсінікті етіп жеткізе білді. Сабақта қолданған әдістерін де атап өтті. Ұсыныс: Әрістестер тарапынан білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында басқа да әдіс тәсілдерді қолдану керектігі айтылды. Махсум Б. «Жарық беруде қолданылатын светодиодты шамдар» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Өндірісті оқыту шебері тәжірибелік сабақта білім алушыларды ұйымастыра білді, сабақтың тақырыбы бойынша мақсатын қамтып өтті. Өткен сабақты сұрақ-жауап қою арқылы қорытындылап, Жарық беруде қолданылатын светодиодты шамдар тақырыпбына сәйкес слайд, бейне ролик арқылы түсіндірді. Шамдардың басқа түрлерімен светодиодты шамды салыстыра отырып, білім алушыларды қызықтыра алды. Студенттерге сұрақ қоя отырып, кері байланыс орната білді, бірақ дегенмен де студенттердің өз бетінше жұмыс жасап, ізденушілігін арттыруда қосымша әдістер қолдану қажеттігін талап ететіні сөзсіз. Ұсыныс: Сабақта қолданатын видеороликтерді мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа (3-4 минут) етіп ықшамдап алса, сабақ барысына да оңтайлы болар еді. Сонымен қатар көрсетілген видеоны толыққанды талдауды, сұрақтар әзірлеуді ұсынамын. Қорыта айтқанда, ұлы Абай: Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! –дейді. Сол себепті де оқытушылардың өз сабақтары бойынша берген талдаулары тәжірибелі оқытушылардың талқысынан өтіп, сабақ берудегі кемшіліктері түзетіліп, болашақ педагогикалық іс-әрекетіне дұрыс бағыттар мен ұтымды ұсыныстар алды деп ойлаймын. «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедарсының жетекшісі М. Рашова
2021 жылы 27 сәуірде "SENSYS Engineering" Көлік технологияларын қолдау мен дамытудың халықаралық орталығының ұйымдастыруымен "SERVICE MASTER JUNIOR 2021" кәсіби шеберлік байқауы өтті. Қазақстанда өткен халықаралық байқаудың Ұлттық кезеңіне "Автоьобиль технигі" номинациясы бойынша Алматы электрмеханикалық колледжінің студенттері: Жанабатыров Алишер, Ивашов Азамат, Садиров Азизжан қатысып, іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, осы байқаудың іріктеу кезеңінде ұйымдастырылу іс-шарасына белсенді қатысқаны үшін тәжірибелі оқытушы Асгат Райхан дипломмен мараппатталды. Ұжым атынан студенттеріміз бен педагогтарымыздың әрқашанда бақ-жұлдызы биіктен жарқырасын демекпіз!
Алматыда «Жас маман» жобасы аясында оқу орындары жаңғыртылып жатыр
Кәсіптік бағдар жұмысы Республика бойынша қызу жүргізілуде. Оқуға түсушілерді 2021-2022 оқу жылына қабылдау қағидаларының өзгеруіне байланысты Алматы қалалық Білім Басқармасы мен Білім және Ғылым Министрлігі өкілдерінің қатысуымен және Республика колледждерінің қатысуымен «Современное образование» журналы 2021 жылдың 14 мамыр күні «Ашық есік» күні форумын өткізді. Форумда қабылдау комиссиясының құрылуы, жұмысы, құрамы талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Форумға қатысқан мектеп түлектерінің сұрақтарына колледж өкілдері, Білім басқармасы мен Министрлік өкілдері жауап берді. Және де форумға қатысқан колледждердің өз оқу орнын жарнамалауға мүмкіндігі болды.
Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Барлық ардагерлер, майдангерлер, тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз. Біздің ортақ парызымыз-біздің Жеңісіміздің тарихы барлық келесі ұрпақтарды отансүйгіштік сезімде, мықты достықта тәрбиелеуде басты өнеге болып қалуы. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік, игілік отбасыларыңызға жақсылық және сүйіспеншілік, уайымсыз тіршілік тілейміз!
Сіздерді мерейлі мереке-Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбын асқақтап, даңқы арта берсін!
Колледжіміздің студенттерін және әріптестерімізді 7- мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 -мамыр Жеңіс күнімен құттықтау онлайн концерті өтті. Кеш ұйымдастырушылары колледжіміздің өзін өзі басқару ұйымы және эстрада үйірмесінің жетекшісі Белгозиева Ұлболсын апайымыз. Кеште Республикалық байқаулардың лауреаттары, өнерде ойып тұрып орын алар әншілер қатысты, айта кетсек Әділжан Аманжолұлы «Жігіттерге» деген әдемі сазды әнін, Құдайбергенов Ербол «Ақмаңдайым» әнімен, Құдайбергенова Асем- «Атамекен» әнін шырқап өз өнерлерін паш етті. Біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзететін әскеріміздің айбыны арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Құрметті студенттер Есет Садуақасов пен онлайн концерт кездесуге шақырамыз.
Құрметті әріптестер, колледж ұжымы! Сіздерді татулық пен келісімнің мерекесі – «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен» шын жүректен құттықтаймын! Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге білім саласы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғаны аян. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі - бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған колледж ұжымы үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Сондықтан әріптестер, білім ордасының негізгі қуаты – ұжымдық келісім мен адамгершілік үйлесімді сақтау - колледжіміздің алдында тұрған басты міндет. Ұжымдағы өзара келісім мен ынтымақтастық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір педагогтың міндеті деп ойлаймын. Мереке құтты болсын, әріптестер!!! Баршаңыздың отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ашық аспан тілеймін! Бірлігі жарасқан еліміз жайнай берсін!
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2021 халықаралық зерттеуіне қатысады. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Аталған іс-шараға Алматы электрмеханикалық колледжінің 15 жастағы 35 студенті де қатысып, еліміздің білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған орай, бүгін 2021 жылы 29 сәуірде Алматы электрмеханикалық колледжінің басшысы Б. Бозымбаев қатысатын студенттердің ата-аналарымен түсіндіру жұмысын өткізді. Ата-аналар жиналыс соңынан сұрақтар қойып, берілген жауаптарға ризашылығын білдірді.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Сондай-ақ ұстаз өзгелерге қадірлі, шәкіртіне абыройлы, беделді болу үшін үнемі ізденісте жүреді. Өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесін баспасөз беттеріне жариялап, шеберлігін бөлісіп отырады. Сол сияқты біздің де колледжіміздің ізденімпаз ұстаздары 2021 жылы ақпан айында өздерінің тәжірибесін «Ұлы дала ҰСТАЗЫ» халықаралық журналына жариялады. Бүгін соны назарларыңызға ұсынамыз. Жарияланған мақалалар жас мамандарға сонымен бірге колледж педагогтарына әдістемелік көмек болары сөзсіз.
2021 жылдың 27.04 күні Кәсіптік және техникалық білім беру саласының студенттеріне арналған «SERVICE MASTER JUNIOR» атты халықаралық кәсіби шеберлік байқауының республикалық кезеңі өтіп, қатысушылар өз білімдерін сарапқа салды. Осы байқаудың «Автокөлік технигі» номинациясы бойынша Алматы электрмеханикалық колледжі студенттері Алишер Жанабатыров, Азамат Ивашов, Садиров Азизжан, Нұрбек Муртазаев, Ашимов Ернар бақтарын сынады. Байқаудың аты - байқау, біреу озып, біреулер қалыс қалып жататыны сияқты барынша талпынған біздің студенттер жоғары межені бағындыра алмады. Дегенмен осы аталған байқауда өздеріне халықаралық тәжірибе жинақтаған білім алушылар, жіберген қателіктерімен жұмыс жасап, ары қарай дамудың даңғыл жолына түсіп, келесі байқауларда алдыңғы орындардан көрінеді деген үміттеміз. Нағыз ер жеңсе, тасымас, жеңілсе жасымас-дегендей бағындырар биігіміз алда болсын!
2021 жылдың 01-25.04. аралығында Алматы электрмеханикалық колледжі студенттері арасында «SERVICE MASTER JUNIOR» атты халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Мақсаты: • Автокөлік бизнесінің беделін арттыру. • Талантты және болашағы бар жастарды анықтау. • Кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру. • Оқытуда тиімді инновациялық әдістерді, интерактивті бағдарламаларды енгізу. • Жастарды автокөлік қызметтері саласында үздіксіз өсуге және дамытуға ынталандыру. • Жас кадрлармен ынтымақтастықта әлеуетті жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыру. • Автокөлік технологиясы бойынша озық білім алу. Осы байқаудың «Автокөлік технигі» номинациясы бойынша сынға түскен студенттерден іріктеу кезеңінде суырылып алға шыққан 5 білім алушы анықталды: 1. Алишер Жанабатыров Даулетұлы 2. Азамат Ивашов 3. Садиров Азизжан 4. Нұрбек Муртазаев 5. Ашимов Ернар Аталған жеңімпаздар ұлттық кезеңге жолдама алды. Ұлттық кезең 2021 жылдың 27.04 күні өтеді. Өрендеріміздің талабына нұр, қадамына гүл бітсін демекпіз!
2021 жылдың 12-20 сәуір аралығында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету мақсатында биология, химия пәндерінен колледжішілік олимпиада өтті, жалпы 85 студент олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша озық шыққан 11 студент іріктеліп, екінші кезеңге өтті, соның ішінде үздік диплом иегерлері 113 топ студенттері Бауыржан Бірлік, Уатаев Нұрбол, I дәрежелі дипломмен 113 топ студенттері Мәсімхан Дарын, Аманов Бекзат, Серік Арсен, II дәрежелі дипломмен 114, 118 топ студенттері Ильяс Мирас, Бақыткелдіұлы Арман, Шаймардан Альфия, Кабдулда Аружан, Бейсен Анель, Садиров Азизжан марапатталды.
«Адал еңбектің айқын бейнесі» сурет байқауы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, заманауи жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Алматы электрмеханикалық колледжінің «Дизайн» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен, сәуірдің 16-20 аралығында жалпы 1-2 курс студенттерінің арасында «Адал еңбектің айқын бейнесі» атты жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау. Байқаудың міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау. Сурет байқауының ережелері: 1.Суреттің тақырыпқа сай салынуы 2.Суреттің боялуы 3.Эстетикалық талғамға сәйкес салынуы Байқауға 4 топ (114, 214, 215, 217) студенттері белсене қатысты Қазылар алқасы шешімі бойынша келесі орындар берілді: I-орын – Уразбай Аян 114 топ студенті II –орын- Бекболұлы Қуаныш 215 топ студенті II –орын- Карасай Нұршат 217 топ студенті III- орын – Аманқұлова Ақбота 214 топ студенті «Жаңашыл суретші» номинациясы- «Адалдық бейнесі» номинациясы- «Жас Патриот» номинациясы- «Үздік шығармашыл» номинациясы- «Креативті ой» номинациясы- «Рухани тазалық» номинациясы- «Қыл қалам» номинациясы- «Талғампаз суретші» номинациясы. Байқауға атсалысқан барша педагогтарға алғысымыз
2021 жылдың 20, 21 сәуірінде Алматы электрмеханикалық колледжінде онлайн режимде ЗУМ платформасында 3 бағам білім алушылары ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыстың күн тәртібінде: 1. Білім алушылардың қала мекемелерінде практика өтуі, жұмысқа орналасуы жайлы; 2. Қазіргі еліміздегі ахуалға байланысты білім алушылардың екпе алуы жайлы мәселелер; 3. Білім алушылардың бітіру емтиханына дайындығы жайлы; 4. Болашақ маман ретінде білім алушылар практикаға шыққаннан бастап, өз атынан «Зейнетақы жинақ қорын» ашуы жайлы; 5. Және басқа да ата-аналарды толғандырып жүрген ағымдағы сұрақтар қойылды.
Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған мақсат «Қазақстан — 2050» бағдарламасында білікті де білімді және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы орайда, .Алматы электрмеханикалық колледжінің "Техникалық мамандықтар" кафедрасы 2021 жылдың сәуір айының 12-сі мен 16-сы аралығында "Жас механиктер" атты онлайн байқауын әлеуметтік желілерде ұйымдастырды. Байқауға келесі топтар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша І орын – АС 215 топ білім алушылары Қабылбек Әсет, Толқын Ердана және осы топтың оқу-өндірістік шебері Жабықбай Әділжан, ІІ орын – 117 топ білім алушылары Муртазаев Нурбек, Сағымжан Данияр және осы топтың оқу-өндірістік шебері Айтақын Нұрболат, ІІІ орын – 218 топ білім алушылары Садиров Азизжан, Жанабатыров Алишер және осы топтың жетекшісі Нуртазаева Ақеркеге берілді. Байқауға қатысқан барлық топтар мен олардың жетекшілері, байқауды ұйымдастыруға атсалысқан барлық өндіріс шеберлері мен шеберхана меңгерушілері алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтай келе, білім алушыларымызға мамандықтарын жақсы меңгеріп, білімді де білікті маман иесі болуларына тілектеспіз. «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» дегендей, ат салысқан топ шеберлеріне алғымыз шексіз.
2021 жылдың 26 қаңтар айында "Рухани жаңғыру" ақпараттық-сараптамалық орталығы ұйымдастырған "Үздік автор -2021" республткалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған ұстаздар, Сіздерге шын жүректен алғыс білдіреміз! Алматы электрмеханикалық колледжінің абыройын асқақтатып, биіктерден көріне беріңіздер! Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады" деп, атақты педагог К.Д.Ушинский айтқандай қазіргі заманда мұғалімнің кәсіби дамуы үздіксіз жалғасып отыруы керек. Кәсіби шеберліктеріңіз шыңдала бергей!
"Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен студенттер мен оқытушылар арасында өткен VII Халықаралық пәндік олимпиадаға қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталған колледжіміздің студенті Оразханұлы Алиді және жетекшісі Нұртазаева Ақеркені шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
15.04.2021 күні Алматы электрмеханикалық колледжінің біршама қызметкерлеріне онлайн түрде KazPromEducation ЖШС-і "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" тақырыбында курс өткізді. Курс барысында жалпы ҚР еңбек қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілер, мекемеде болуы тиіс еңбек қорғау бойынша құжаттар тізімі, еңбек және өрт қауіпсіздігі аясында т.б тақырыптар қозғалып, өрт қауіпсіздігі мен эвакуациялық жағдай кезінде алғашқы көмек бойынша бейне роликтер көрсетілді.
2021 жылдың 8 сәуірінде сағ. 17.00 - де колледж ұжымы ата- аналармен дәстүрлі басқосуын өткізді. Онлайн режименді өткен басқосуда ата-аналар тарапынан өздерін толғандарып жүрген сұрақтар қойылды. Сұрақтардың басым бөлігі: офлайн режиміндегі сабақтың қашан басталатындығы, студенттерге екпе салу, өндірістік тәжірибенің өту барысы туралы болды. Қойылған сауалдарға колледж басшысы толыққанды, жан-жақты жауап беріп, басқосу соңынан ата-аналар ризашылығын білдірді. Аталған бас қосу колледжімізде әр аптаның бейсенбі күні ұдайы ұйымдастылырып тұрады
«FUTURE TECHNOLOGY - 2030» зерттеу іс-шарасының нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. 1️⃣ орын💣🔥 Зерттеуші: ТЭ-213 топ білім алушысы Бақытбекұлы Ердаулет @yerdaulet_bakhytbek Жетекшісі: Анафин Нұржан ағай 2️⃣ орын💥 Зерттеуші: ЭМ- 213 топ білім алушысы Белек Иманғали @imangali_belek Жетекшісі: Ысқақов Қуаныш ағай 3️⃣ орын💥 Зерттеуші: ЭМ- 212 топ білім алушысы Балық Бақдаулет @bakosyai_1 Жетекшісі: Бейсен Серік ағай Орын алған білім алушылар мен жетекшілерді арнайы мадақтау қағаздарымен марапаттаймыз, қатысып белсенді болған білім алушыларға арнайы алғыс хат беріледі. Құрметті білім алушылар, зерттеу іс-шарасына қатысып, білімдеріңізді сәл де болса шыңдаған боларсыңдар деген үміттеміз.
Үстіміздегі жылдың 19 наурызында әріптесіміз Нұртазаева Ақерке Абылайханқызы «Халықаралық Экология, Инженерия педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Кәсіптік білім берудің дуальді жүйесі» және «Білім берудегі заманауи технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына белсенді қатысып, аталған ұйымның сертификатын иеленді. Сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында игілікті шараларға белсене араласқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Колледж ұжымы тарапынан Ақерке Абылайханқызына инженерлік – педагогикалық жолында биік парасат пен шығармашылық табыс тілейміз!
2021 жылы наурыз айының 16-18 аралығында Көлік технологияларын дамыту және халықаралық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Е-преподаватель» тақырыбында курс өтті. Курстың бастапқы деңгейіне біздің колледжден арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері қатысып, біліктілігін көтерді. Атап айтар болсақ, Асгат Райхан, Даукен Айдана, Нұртазаева Ақерке халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды. Мұғалім ізденісін тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де тоқтайды дгендей, ұстаздарымыздың беделі асқақтай берсін! Еңбектеріне жеміс пен жеңіс тілейміз!
Гуманитарлық кафедра оқытушылары өз санаттарын көтеру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айтсақ «Қазақстан тарихы» пәні оқытушысы Қозыбақова Д.А 15.03.2021 жылы ЭО-111 топпен «Тарихи және мәдени ескерткіштер» тақырыбында колледж ішілік ашық сабақ өтті. Сабаққа студенттер белсенді қатысты және сабақ соңында тарихи ескерткіштерді сақтап дамыту, бабадан қалған мол мұраларды келешекке жеткізу жастардың қолында екендігі атап айтылды.Сабақ жаңартылғын білім беру бағдарламасының негізгі талаптарын қамтыған. Сондай-ақ сабақ үдерісі Б.Блум таксономиясының теорияларын басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ" стол теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен республикалық турнирде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаяхметова Жадыра Абайбековна 1 орынға ие болып "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төс белгісімен марапатталды. Құттықтаймыз.
ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК – ТАБЫС КІЛТІ «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады. Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету. Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары: - білім беру; - ғылым; - медицина; - мәдениет; - ауыл шаруашылығы; - өнеркәсіп. Көрнекті жетістіктің белгілері: - қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру; - өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету; - ғылымда, өндірісте жаңалық ашу. Қажырлы еңбектің белгілері: - ұзақ жыл бір салада еңбек ету; - өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау; - кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау; - еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту. Қатысу шарттары: 1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды. 2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 28 наурызға дейін. 3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті. 4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады. 5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.

Құрметті қазақ елі! Алматы электрмеханикалық колледжінің ұжымы сіздерді наурыз мерекесімен құттықтайды! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандылардың құрметіне арнап, біздің колледждің Бержан Алма мен Нұртазаева Ақерке сияқты өндірістік оқу шеберлерін СТВ каналы арнайы бағдарламаға түсірді. Назарларыңызға түсірлген бағдарламаның видеосын ұсынып отырмыз.

«WorldSkills college» іріктеу чемпионаты 2021 жылдың 10 наурыз күні Алматы электрмеханикалық колледжінде «WorldSkills college» іріктеу чемпионаты басталды. Бұл чемпионаттың мақсаты білім алушылардың мамандық салалары бойынша теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдау, оқу сапасын жоғарылату, мамандыққа деген қызығушылығын арттыра отырып, білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Колледж бойынша дайындалатын мамандықтардың ішінен алты құзіреттілік бойынша білім алушылар бақтарын сынайды: - Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету; - Шанақты жөндеу; - Автокөліктің электр құрал-жабдықтарын жөндеу; - Электрмонтаждаушы; - Дәнекерлеу ісі; - Көркемдік әсемдеу жұмыстарын орындаушы. Чемпионатқа қатысушы білім алушылар әр құзіреттілік бойынша бөлініп, белгіленген кесте бойынша сайысқа түседі.

Колледж студенттері арасында өткен "МЕНІҢ КОЛЛЕДЖІМ" атты бейне байқауының жеңімпаздары бағалы салықтар мен және мадақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

"МЕНІҢ КОЛЛЕДЖІМ" атты бейне байқауының қорытындысы. Тапқырлық пен алғырлық танытқан студенттерге алғыс білдіреміз. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

"Менің колледжім" 212 топ- Электрмонтаждаушы мамандығы

"Менің колледжім" 313 топ - Автоэлектрик мамандығы

"Менің колледжім" 214 топ- Дизайн мамандығы

"Менің колледжім" 119 топ- Дәнекерлеу ісі.

Ағымдағы жылдың 10-25 ақапан аралығында «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен 1,2,3 курс білім алушылары арасында «Мамандығым - мақтанышым» атты бейне байқау ұйымдастырылды. 1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері Білім алушылардың мамандығына деген қызығушылықтарын ояту және оқуға ынталандыру; Байқау міндеттері: Жұмысшы мамандарын дәріптеу және олардың қоғамдағы беделін арттыру 2. Байқауға катысушылар Байқауға 0910000 «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» мамандығының білім алушылары қатысады. Байқауға әр топтан бейнероликтер қабылданады. 3. Байқаудың мазмұны Байқаудың мазмұны келесі критерийлер бойынша анықталады: - орындау стилі, бейне роликтің мазмұны; - шығармашылық бастама және идеялардың өзіндік ерекшелігі; - кәсіби шеберлік пен жеке қасиеттері (ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттері); - бейне ролик 1 минуттан кем болмауы керек; - энергетика саласына қатысы болу керек; - бейне роликтің өзектілігі мен мазмұны; - бейне роликтің жаңашылдығы мен сапасы; 4. Байқаудың өткізілуін ұйымдастыру Байқау тапсырмаларын және білім алушылар тарапынан жіберілген барлық бейне роликтерді әлеуметтік желілерде жариялауды ұйымдастыру және байқаудың қорытындысын жүзеге асырады. Комиссия мүшелері: Токтыманова А. Ахметов Е.С. Төреханов А. А. 5. Байқауға қатысушы міндетті: - білім алушылардың түсірген бейно ролигі энергетика саласына қатысы болу керек, еңбек қауіпсіздігінің нормаларын сақтауға, басқа білім алушылардың авторлығы мен өз авторлық жұмыстарын құрметтеуге; - қазылар алқасы тарапынан қойылған талапқа сай бейне ролик 1 минуттан кем болмауы керек; -дайын бейне роликті өз аккаунттына салып, @energo_aemk аккаунтын және #aemk_ energo хэштегін белгілеу қажет. 6. Байқаудың өткізілетін орны, күні және уақыты Алматы электрмеханикалық колледжінің "Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар" кафедрасы 2021 жылдың ақпан айының 10 мен 25-ы аралығында "Мамандығым—мақтанышым" атты бейнероликтер байқауы онлайн түрде әлеуметтік желілерде ұйымдастырылғандығын айтып өтті. 7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау Байқау нәтижесіне сәйкес қазылар алқасы «Мамандығым-мақтанышым» онлайн байқауының жеңімпаздарын анықтайды. Бірінші, екінші және үшінші орындармен марапаттайды, байқау номинацияларын анықтайды және мақтау қағаздарымен марапаттайды. Байқаудың жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан электрлік құрылғылар сыйға беріледі. ҚАУЛЫ ЕТТІ: Байқау қорытындысы бойынша І орын – ЭМ 216 топ білім алушысы Қадыржан Мейіржан және осы топтың оқу-өндірістік шебері Атагелдиева Айғаным, ІІ орын – 116 топ білім алушылары және осы топтың оқу-өндірістік шебері Махсум Батыржан мен 319 топ білім алушысы Қапар Мадияр және осы топтың жетекшісі Жумамуратова Айдана, ІІІ орын – 213 топ білім алушылары және осы топтың жетекшісі Төлегенова Марта Беласарқызына берілді. Байқауға ат салысқан ЭМ 110 және осы топ шебері Өскенбайқызы Айсұлу, ЭМ 212топ және шебері Бейсен Серік, ЭМ 318 топ және топ шебері Рашова М.Б. мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтай келе, білім алушыларымызға мамандықтарын жақсы меңгеріп, білімді де білікті маман иесі болуларына тілектеспіз. «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» дегендей, ат салысқан топ шеберлеріне алғымыз шексіз.

2021 жылы 19 ақпан күні "Жүзден жүйрік" атты математика-физика пәндері бойынша 1 курстар аралығында олимпиада өтті.

Алғыс айту ПАРЫЗЫМ тақырыбында жалпы көлледж ішілік ашық сабақ өтті. Сабақ жалпы гуманитарлық пән мұғалімдерінің бастауымен өтті. Ашық сабақ барысында алғыс айтудың маңыздылығымен дәстүрі қозғалып, түрлі логикалық ойындар ойналды. Қатысқан студенттер саны 245.

Алматы электрмеханикалық колледжінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша және кезекті іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мемлекеттік қызмет қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмететудің ерекше және қызмет түрі» тақырыбында дебат өткізілді.

Есіңе мені алғайсың

       Ағымдағы жылы ақпан айының 11-і күні колледж ұжымы мен студенттері М. Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойын атап өтті. Қазақ әдебиетінің белгілі қаламгері М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.  Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам,оған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.  Еліміздегі сондай іс-шаралардың бірі- біздің Алматы электрмеханикалық колледжінде де шағын түрде,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары  Киізкапова Р.А және Кошмуратова Е.О. ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында  аталып өтті. Халқымыздың біртуар перзенті, ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне 90 жыл құрметіне байланысты  тәрбие сағаты сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді. Студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды және ақынға өздерінің арнауларын оқып шықты, ақынның ән жазылған бірнеше өлеңдері орындалды. Іс-шара соңында әділ қазылар алқасы  ақын өлеңдерін оқуда сайысқа белсенділік танытқан бірнеше студенттерді мақтау қағазымен марапаттады. «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев әрбір жанның жүрегінен өз орнын тапқан. Олай болса ақынның  артынан қалған өшпес мұрасын, келер ұрпаққа, атадан балаға беріп отыру»- біздің мақтанышымыз дегім келеді.

Алматы электрмеханикалық колледжінде 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай гуманитарлық пәндер кафедрасы жетекшісі Есенгүл Оспановна және Тұрлыбекова Әсемнің ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайыс сабағы өтті. Сайыс сабақтың мақсаты: білім алушылардың туған тілін сүюге, тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу. Сайыс сабақта көптеген тіл туралы мақал-мәтелдер, тапсырмалар, өлеңдер орындалды. Сабақ соңында білім алушыларға сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріліп, сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Әділ қазылар шешімі бойынша «Тапқырлар» 114 топ жеңімпаз атанды.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осы абыройлы міндетті атқарып жүрген ұстаздарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан және де ілім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметтің арта беретіні сөзсіз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отыра, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар тілеп, мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңіздің жемісті болуына тілектеспіз. Құрметті ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз! Ұстаздар күнімен!

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы электрмеханикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Елнар Саятұлы "Үздік педагог - 2020" байқауында көп ішінен дара болып, білімі мен білігінің нәтижесінде жарқырап бәсекелестерінен оза шауып, жүлделі 1 орынға ие болғаны үшін марапатталды.

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы электрмеханикалық колледжі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасын қолдану арқылы «Ұстаз Тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекші маманы А.М. Абдишова мен Ж.Қ.Жолдасбаймен «Қашықтықтан оқытудың жаңа форматы және платформалар мүмкіндіктері» атты семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақтарды ұйымдастыру.

2020 жылдың 29 тамызында Алматы электрмеханикалық колледжінде онлайн режимінде әдістемелік кеңес отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде: 1. 2019-2020 оқу жылындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау және 2020-2021 оқу жылына әдістемелік жұмыстарын жоспарлау. 2. Қашықтықтан оқыту ұйымдастыру барысында нормативтік-құқықтық құжаттарға және әдістемелік ұсынымдарға шолу. 3. Үлгілік оқу жоспарларының моделіне негізделген оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту.

«Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында 2020 жылдың 27 ақпанында жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының оқытушысы С.А.Арыстанбеков 215 топ «Дизайн» мамандықтарына «Кескіндеме» пәнінен «Сулы бояулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер негізгі боялардан қосымша бояулар шығарды. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлең жолдарын мәнерімен жатқа айта отырып, студенттер 3 топқа бөлінді және өз ой-қиялдарымен, сулы бояулармен осы өлең қыс, жаз, күз жолдарына композициялық сурет салып, бояу техникасын, әдістерін түсіндіріп, қорғап шықты.

Алматы электрмеханикалық колледжінде ақпан айы мен наурыз айы аралығында тәжірибелі оқытушылар арасында «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі өтті. Мақсаты: әр алуан нәтижеге бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісу, озық педагогикалық тәжірибелерін тарату. «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында алғаш болып ашық сабақ өткізген АӘД пәнінің оқытушысы Д.С.Икапов. Ашық сабақтың тақырыбы: «Калашников автоматы мен пулеметы».

«SANALY URPAQ» жемқорлыққа қарсы үгіт –насихат орталығының басшысы К.А. Токушевпен және «жемқорлыққа қарсы технология» ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Р.Усенова ханыммен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа. қарсы технологиялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы» жобасы мен таныстық. Сыбайлас жемқорлыққа Қарсы мәдениет мақсаты мен міндеттері Мақсаты: қызметі ашықтық және мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын көбейту.



2020 жылдың 27 ақпанында «Сабақ – біртұтас динамикалық жүйе» атты жас мамандар мектебінің кезекті отырысы өтті. СТО технологиясы бойынша жас мамандар «Сабаққа дайындықты неден бастау керек? Қазіргі заман сабағын қалай дайындау керек? Сабақтың дұрыс өтуі неге байланысты?» деп қойылған сұрақтарға өз ойларын ортаға салды. Колледж әдіскері М.Маханова сабақтың дұрыс өтуі оның типінің дұрыс белгіленіп, кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылуында екені айта отырып, сабақтардың типологиясына сәйкес сабақтың макроқұрылымдары туралы түсінік берді.

24.02.2020 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жас маман» жобасы бойынша жұмыс берушілермен бірге дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: «Жас маман» жобасымен Энергетика салалары бойынша кадрлар даярлау үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу, студенттер үшін тағылымдамалар мен салалық даярлаудың одан әрі ынтымақтастығы туралы талқылау және келісу. Негізгі мәселе жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын ескере отырып, халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау болып табылады. Кездесу барысында «АЭМЗ» ЖШС директоры Жексембиев Галымжан Оразович, «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Акжанов Жанат Койшибаевич, «Elcos» ЖШС директоры Битимшинов Дархан Ризабекұлы, «Каз Билдинг-Сервис» ЖШС директоры Исабеков Магжан Ермекович, «Алматинский завод Электрощит» ЖШС директоры Аумолдаев Марат Сатыбалдиевич, АЭМК директоры Бозымбаев Болатжан Даулетович, Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Асгат Райхан және арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлер қатысып, баяндамалар оқылып, сұрақтар қойылып, өзара пікір алысты.

2020 жылдың 12 ақпанында "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында Алматы электрмеханикалық колледжінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Е.О. Кошмуратова «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін қоғамға қызмет етудің мәні мен мағынасын ашу.

Ата-аналар жиналысы


Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры Б.Д.Бозымбаев колледж ата-аналарымен 2019 жылғы мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жөнінде есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста директор ең алдымен ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен, колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, халықаралық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздарымен таныстырып, бөлінген қаржының қандай жағдайға, қандай мақсаттарға жұмсалғаны жайында жан-жақты мәліметтер берді. Жиналыс барысында ата-аналар колледж директорына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды.

Жас мамандар мектебінің отырысы

07.02.2020 ж Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кеш болды. Әдеби кешті ұйымдастырудағы мақсат – білімгерлерді ақын өлеңдеріне қызығушылығын оятып, құрметін арттыру.

05.02.2020 ж кезекті Алматы электрмеханикалық колледжінде «Жас мамандар мектебі» отырысында «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедрасының кафедра жетекшісі А.Н.Токтыманова жас мамандарға оқу-әдістемелік кешенінінің түрлері, құрылымы мен оларға қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.
Мақсаты: Оқу-әдістемелік кұжаттаманы жүйелендіру қажеттілігін ұғындыру және қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында оқытушының үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету.

05.02.2020 ж. Алматы электрмеханикалық колледжінде колледж психологы Жанкелді Айтолқын 220 топпен «Сүйіспеншілікке толы өмір» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы қоршаған ортаға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

03.02.2020 ж. Алматы электрмеханикалық колледжінде «Өзін-өзі тану Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің бірінші күні өтті. Онкүндіктің ашылу салтанатында колледж студенттері ақындардың шығармаларын және авторлық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Салтанатты іс-шараның соңында онкүндік барысында өтілетін жоспармен таныстырылды. Онкүндіктің мақсаты: студенттердің бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Ардагерлерге арналған жаңа жылдық құрмет!

25.12.2019 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы Бостандық ауданы Әлеуметтік қарттар үйінің №2 күндізгі бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Жасыл шырша жанында» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, көңілдеріне қуаныш сыйлау, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.

Алматы электрмеханикалық колледжінде 2019-2020 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзудың алдын-алу мақсатында, Алматы қаласы, Бостандық ауданы АПБ,ӘПБ,ЮПБ учаскелік инспекторларымен кездесу өтті. Кездесу барасында, полиция майоры Кокилова Айнұр Жалғасбаевна және полиция капитаны Смайлова Ақниет Сауранбековна коллежге келген І курс студенттеріне, құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.