Правила поведение студентов

 

2020-2021 оқу жылындағы Алматы электрмеханикалық колледжінің студенттеріне ішкі тәртіп ережесі.

 

  1. Жалпы ереже.

1.1 Осы ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде және Алматы қаласы әкімшілігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/51 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының білім беру ұйымының типтік үлгілік ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әзірленді.

1.2  Колледждегі жұмыс және оқу пәні ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Осы ереже колледж студенттерінің тәртібі және іс-әрекеттерін   анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

1.3  Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңының 47-бабы 14-тармағына сәйкес колледж студенттері осы ішкі тәртіп ережелерін сақтәкімшілік ауға міндетті.

1.4 Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңының 47-бабы 18-тармағының негізінде колледж студенттері міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар  осы ішкі  ережелерде көзделгендей   қолданылуы мүмкін.

 

  1. Сабақ уақыты және оқу сабақтарын ұйымдастыру

Оқушылар сырт киіммен сабаққа жіберілмейді.

Сабақта ұялы телефон қолдануға рұқсат етілмейді.

Сабақ аяқталмай оқушыларды колледжден шығаруға тиым салынады. Ауырған оқушыларды сабақтан босату – дәрігердің анықтамалық  және кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен немесе бөлім меңгерушісінің рұқсатымен жіберіледі.

Оқушыларға оқу-тәрбие үдерісі кезінде, оның ішінде үзілісте колледж аумағынан кетуге тыйым салу

Сабақ кезінде студенттер кабинеттен себепсіз шықпайды. Ауысым кезінде топ шеберлерімен  кураторлар қабаттарда, асханада,колледж аумағында кезекшілік етеді және студенттердің тәртіптерін қамтамасыз етеді; сонымен қатар  студенттердің тәртібіне, өміріне және денсаулығына жауап береді.

Колледждегі оқу сабақтары топтарда, ережедегі сияқты, күніне 6 академиялық сағат (үш пар), 4-парды жоспарлауға болады. Бұл жағдайда оқу аптасының ұзақтығы 36 сағаттан аспауы керек.

Студенттердің  сабақ  немесе зерттемелік практикалық  сабақтарда киім үлгісін (егер арнайы киім қажет етпеген жағдайда):

қыздарға — ақ жейде (классикалық түрде), қара белдемше немесе шалбар (классикалық түрде),

ер балаларға – қара түсті костюм, ақ жейде, галстук болып бекітілсін. Оқу процесі кезінде бас киіммен жүруге рұқсат етілмейді.

Студент себепсіз жағдайлармен колледж киім үлгісін сақтамаса, студентке және топ шеберіне  әкімшілік тарапынан ескерту жасалынады. Ескертуден кейін қайталанса ата-анасынан немесе жауапты тұлғанысынан ескерту мен түсініктеме алынады және колледж ішілік есепке алынады.

 

 

Кезекші оқытушы мен кезекші топтың жұмысын ұйымдастыру:

 

Колледждегі кезекшіліктің  аяқталуы 1-ші  ауысымда -сағат 13.10, 2-ші ауысым – сағат 18.30.  Қоқыстарды кабинеттерден дәліздерге және дәретханаларға тастауға қатаң тыйым салынады.

Әкімшілік бекіткен кестеге сәйкес асханада кезекші топтың құқығы мен міндеттері:

  1. студенттердің  тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
  2. Аспазшылардың талаптарын бұлжытпай орындау
  3. Асханаға  сыртқы киімсіз және колледж киім үлгісін себепсіз сақтамаған студенттің кірмеуін, тәртіптерін қадағалау.

 

Оқушылар сырт киіммен сабаққа жіберілмейді.

Сабақта ұялы телефон қолдануға рұқсат етілмейді.

Сабақ аяқталмай оқушыларды колледжден шығаруға тиым салынады. Ауырған оқушыларды сабақтан босату – дәрігердің анықтамалық  және кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен немесе бөлім меңгерушісінің рұқсатымен жіберіледі.

Оқушыларға оқу-тәрбие үдерісі кезінде, оның ішінде үзілісте колледж аумағынан кетуге тыйым салу

Студенттердің құқтары мен міндеттері.

Колледж студенттері құқылы:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алу.

Оқу жоспарларына сәйкес,олардың бейімділігі мен қажеттіліктеріне сәйкес  білім,қосымша білім алу қызметтеріне

Колледждің басқару жұмысына.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тәртібі бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету,кітапхананың ақпараттық ресурстарын, интернет класын тегін пайдалану.

Өз пікірі мен сенімдерін еркін білдіру, өзінің адамгершілік қадірін құрметтеу.

Оқу, ғылыми және шығармашылық жұмыс табыстары үшін көтермелеу және марапаттау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру.

Тегін және ақылы білім алу үшін осы мақсат үшін аудиторлық қорды, жабдықты, саймандарды  және басқа құралдарды пайдалану. Тегін және ақылы білім алу үшін осы мақсат үшін аудиторлық қорды, жабдықты, саймандарды  және басқа құралдарды пайдалану.

Техникалық шығармашылықпен айналысу, өнер саласында өз таланттарын ашу, бос уақытты және физикалық дамуларды ұйымдастыру, асхана, спорт залы қызметтерін пайдалану.

Студенттердің жекеленген санаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Колледж студенттері міндетті:

Білім берудің жалпы білім беру стандарттарының көлемінде білім, дағдылар және практикалық дағдыларды игеру, ішкі нормативтік ережелерді сақтау.

Өз денсаулығына қамқорлық жасау, рухани және физикалық жақсартуға ұмтылу.

Колледжге сабақ басталуына дейін 15 минут ерте келу.

Сабаққа қатыспаған жағдайда бөлім меңгерушісіне немесе кураторға, 3 күнтізбелік күн ішінде сабаққа келмеу себептерін растайтын құжаттарды ұсыну.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуде өрт қауіпсіздігін,өндірістік санитарияны,техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау.

Қоғамдық тәртіпті сақтау.

сабақ кезінде оқытушының рұқсатынсыз орнынан тұруға,дәрісханадан шығуға және жүруге болмайды;

оқу сабақтары  кезінде  ұялы телефондарға «үнсіз» режимін орнатып топ шеберіне өткізу;

Колледжде орнатылған киім үлгісін сақтау

Қатаң тыйым салынады:

Қоғамдық орындарда, үзіліс кезінде, колледж ғимаратында,аумағында  немесе жанында  темекі шегу;

Нормативтік емес лексиканы қолдану;

Колледжге улы, есірткі заттарын, насвай, кальян, газ тәрізді, кез-келген қаруды, арнайы және кәсіпқой өндірістік пиротехникалық құрылғыларын әкелу;

Алкогольді ішімдіктер, энергетикалық сусындар, есірткілер, насвай пайдалану;

Басқа студенттер мен қызметкерлерге физикалық күш қолдану;

Өзгелердің ар-намысы мен қадірін қорлау;

Өзге студенттерден жеке заттары мен ақшаларын тартып алу;

Құмар ойындарға қатысу;

Арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалу;

Оқу-тәрбие үрдісіне қатысы жоқ, бөтен тұлғаларды колледжге әкелуге;

Оқу үрдісінің кез келген қатысушысына және басқа колледж қызметкерлеріне физикалық, психологиялық әсер ету

 

Студенттердің ата-аналарының  немесе заңды қамқоршыларың құқықтары мен міндеттері.

Ата-аналары (заңды қамқоршылары) құқылы:

Білім беру және оқу орындарының нысанын таңдау;бұл үшін демалыс кезінде колледж директорына жазбаша өтініш білдіруі қажет;

Баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

Ата-аналар студент бағасын алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, бағалауына келіспеу туралы өтініш беруге құқылы;

Ата-ана мен мұғалім арасындағы бағалаудың объективтілігі туралы қайшылықтар туындаған жағдайда, директордың бұйрығымен тәуелсіз мамандар комиссиясы (әдіскердің қатысуымен) құрылады, олар студенттің білімін тексереді және тиісті баға қояды.

Педагогикалық кеңестерге қатысу және олардың баласының жетістіктері мен мінез-құлқы туралы мәселе бойынша талқылауға қатысу;

Колледж басқаруына қатысу, яғни жалпы колледждің ата-аналар комитетіне сайлау және қамқоршылар кеңесіне сайлануға. Жалпы колледждің және ата-аналар жиналысында өз пікірін білдіру және қатысу ;

Оқу үдерісінің жүрісі мен мазмұны, студенттің үлгерім бағаларымен танысу:

Оқушының үлгерім бағаларымен танысу;

Колледждің дамуына ерікті қайырымдылықтар мен мақсатты жарналар беру;

Колледжді қорғау және оны күтіп-ұстау үшін ерікті жарналар жасау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

Ата-аналар (заңды қамқоршылар) жауапты болуға міндетті.​

Балаларын тәрбиелеу және олардың орта арнайы білім алуы;

Колледж жарғысын орындау, колледж ережесін сақтау;

Колледждің ата-аналар жиналысына қатысу;

Білім алушылардың мемлекеттік меншікке мұқият қарау.

Студенттерді ынталандыру және жазалау.

Үздік, жақсы үлгерім көрсеткіштері мен колледж өміріне белсене қатысқаны үшін ынталандыру, еңбекке ынталы студенттерді жігерлендіруге болады: алғыс жариялау; дипломмен марапаттау, мадақтама қағазбен немесе құрмет грамотасымен; бағалы сыйлықпен марапаттау; сыйақы төлеу; ата-аналарына алғыс хат жолдау.

Жазалау: еңбек және тәрбиелік тәртіпті бұзғаны үшін, осы ереже бойынша студенттер келесі тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін:

ескерту; сөгіс;

колледжден шығару.

 

Сабаққа жиі және себепсіз, ескертусіз кешіккен студент колледж ішілік есепке алынады және қоғамдық жұмыстарға тартылады

Оқу еңбек тәртібін бұзушылармен, айыппұл салу,соның ішінде сөгіс алу бөлім кеңесінде алдын-ала талқылау. Құқық тәрбиесі және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі колледж Кеңесінде аса қатал бұзушылықтарды қарастыру.

Колледжге  жалған  құжаттарды ұсынған үшін, студент оқу орнынан шығарылуы тиіс .

Қасақана колледж мүлігіне залал келтірген студент: колледж студенттері құрамынан шығарылады; залал сомасын өндіруге міндетті;

Колледжге қасақана зақым келтірмеген жағдайда студент: колледжішілік бақылауға алынады; залал сомасын өндіруге міндетті.

Сабақты себепсіз жібергені үшін, сабаққа қатыспаған жағдайда бөлім меңгерушісіне немесе кураторға, 3 күнтізбелік күн ішінде сабаққа келмеу себептерін растайтын құжаттарды ұсыну.

 

Кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының заң алдында міндеттері мен жауапкершілігі

Кәмелет жасқа толмаған студент 3 күн немесе одан көп сабақты жіберсе ата-анасы заң алдында жауап беруге тиіс

2019 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалім және ата- ана мен мұғалімнің, оқушы тәрбиесіне байланысты  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулылар.

 

«127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау»;

  1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді

 

 

409-бап 7-6 бөлім.

Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту –

жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

 

 

7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Орындаған:

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары                   Данияров М.Б.