Профессиональная практика

Еліміздегі ахуалға байланысты қазіргі кезде сабақ барлық оқу орнында онлайн режимге көшті.  Колледжіміздің 1 бағам білім алушылары да өндірістік оқу сабағын онлайн өтуде. Өндірістік оқыту шеберлері білім алушыларға практика сабағын барынша түсінікті, қызықты етіп өту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, сабақты тартымды өтуге тырысуда. Маңыздысы, білім алушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын жоғалтпай, керісінше, құштарлана түсуге баулу. Колледжде өтіп жатқан өндірістік оқу сабақтарынан көрініс.

Колледж білім алушылары колледжде оқуды бастағаннан теориялық сабақтармен қатар  практикалық сабақты да өте бастайды. Нәтижесінде, білім алушылар алғашқы күндерден өздері қалаған мамандыққа деген қызығушылықтары артып, сенімдері нығая түседі.

            Практикалық сабақтар тек колледж қабырғасында ғана өтпейді. Колледжіміз қанша жылдан бері қала және облыс аясында серіктес кәсіпорындармен жұмыс жасап келеді. Сондай кәсіпорынның бірі ЖШС «Сайман Корпорациясы» құрал өндіру зауыты.

            ЖШС «Сайман Корпорациясы»  — бұл электр энергиясын есептеу құралдары өндірісінің толық циклі бар отандық аспап жасау саласындағы жетекші кәсіпорын. Ол республикада және ТМД елдерінде жетекші өндіруші және өз өнімдерін жеткізуші ретінде танымал — электронды электр есептегіштерінің, ток трансформаторларының, ішкі және сыртқы электр есептегіш шкафтарының, жарықдиодты өнімдердің, электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесі, сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі. 

            Біздің студенттер ЖШС «Сайман Корпорациясында» практика өтеді. Ол жерде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Жұмыскердің ең төменгі сатысынан бастап орта деңгейлі маман иесі атануға мүмкіндік бар. Қаншама түлектеріміз қазіргі таңда осы кәсіпорынның белді мамандары болып табылады.