Профориентационные работы

Құрметті түлектер! Қазіргі еңбек нарығындағы ең қажетті мамандықтарға дайындайтын Алматы электрмеханикалық колледжі 2021-2022 оқу жылына түлектер қабылдайды. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 20 маусымынан басталады!!!

Алматы электрмеханикалық колледжі –  2002 жылы құрылған,  20 жылдық тарихы бар оқу орны. Осы уақыт аралығында бұл оқу орнын 10 000-нан астам түлек тамамдады. Біздің колледжде қазіргі заман талабына сай жұмысшы мамандықтары даярланады. Жылдан жылға артып келе жатқан колледждер арасындағы бәсекелестік  — қабылдау комиссиясына қосымша қиындықтар тудыруда. Бірақ, соған қарамастан, біздің колледж оқытушылары мен өндіріс шеберлері әр мектепке барып, оқушылармен жүзбе-жүз кездеспесе де, онлайн сынып сағаттарына қатысып, колледжімізді таныстырып, болашақ студенттермен сұхбат жүргізуде.

                Өндірістік оқыту шебері Аян Бағдаулетов Алматы қаласының 103, және 108 орта мектептерінде болып, сынып сағаттарына қатысты

Алматы қалалық электрмеханикалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен мұғалімдері қала мектептерінде кәсіптік бағдар жұмысын жалғастыруда. Қазіргі нарықтық жағдайға байланысты, мекемелер жұмысшы мамандығына зәру. Біздің колледжде оқитын білім алушылар нақ осы заман талабына сай мамандықтарды игеруде. Біздің колледжді бітірген түлектер қашан да өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, еңбегінің жемісін көруде. Білімін ары қарай жетілдіріп, жоғары нәтижеге қол созған түлектер үшін жоғары оқу орындарының есігі қашан да ашық.

         Колледж мұғалімдерінің кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу барысынан көрініс.

Өндірістік оқыту шебері Даукен Айдана №19 мектепке барып 9 сынып оқушыларымен кездесіп, колледж жайлы әңгіме өткізді. Мамандыққа деген қызығушылық оқушылар арасында зор болды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дауленхан Айбек те өз тарапынан кәсіптік бағдар ісіне үлесін қосуда. Ол №49 мектепке барып оқушылармен кездесу өткізіп қайтты

Колледждің дизайн тобының бөлім меңгерушісі Джапсарбаева Аяла қаладағы №64 және №53 мектептерде болып қайтты.

       Мамандық таңдау — жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Оқушыларды мамандық таңдауда өз беттерінше дұрыс шешім қабылдай білуге баулып, болашақта мамандық түрлерін дұрыс таңдай білуге жол ашу мақсатында біздің колледж қызметкерлері қала, ауыл мектептерін аралап, оқушыларға кәсіптік бағдар беруде.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде мектеп әкімшіліктерімен кездесе отырып жыл бойы жүргізіледі.

         Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әр оқушының қабілеті мен бейімін ескере отырып кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру, болашақ мамандығын таңдауға көмектесу.

         Оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында колледжіміздің қызметкерлері қала мектептерін аралап, оқушылармен кездесіп, мектеп әікмшілігімен біріге отырып жұмыс жасауда. Кітапхана меңгерушісі Гусманова Қ.К. №161, 147 мектептерге, өндірістік оқыту шеберлері Шайкенова Күлсін №187, Кенжебекова Перизат №83 мектептерге барып, оқушыларға колледжімізде дайындайтын мамандықтар жайлы мағлұмат берді. Сонымен қатар, арнайы пән оқытушылары да бұл іс-шараға өз үлестерін қосуда. Электрик мамандығына сабақ беруші оқытушылар Шыныбаев Елдос пен Рашова Мейрамгүл №200,186 және 176, 157 мектептерде болып мамандықтар жайлы оқушыларға әңгіме өткізіп қайтты. Біздің қызметкерлеріміз тек қала мектерптерінде ғана емес, сондай-ақ ауыл-ауылды аралап, ондағы мектептерді де қамтып жүр. Арнайы пән оқытушысы Тоқтыманова Айнаш Іле ауданындағы КазЦИК, Комсомол ауылдарында болып, сондағы мектеп оқушыларымен кезедсіп қайтты. Оқушылардың мамандықтарға деген қызығыушылығының жоғары екенін байқауға болады.