Колледж Жаналықтары

0
516

 

08.02. 2022 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы Бостандық ауданы қалалық СПИД-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталығының маманы Үсенқұл Мадина Мешірқызы колледждегі 1 курс студенттерімен «Адамның иммундық тапшылық вирусы және оның алдын алу» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарда студенттер АИТВ-инфекциясының жұқтыру жолдары мен алдын алу жөнінде ақпарат алды. Алдын алу – бұл АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы қолданылатын барлық шаралардың негізі. Студенттер сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Барлық қатысушыларға бейне – ролик көрсетіліп, өз денсаулықтарын нығайту жолдары туралы мәлімет берілді.

22.12.2021 күні «Smart үйде қолданылатын датчиктер» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Айнаш Нұрмұханбетқызы зертханалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында ақыл үйдің элементтері қарастылып, білім алушылар зертханалық жұмыс жасап, ақылдың үйдің құрылысы мен жұмыс принципін таныстырды.
Қазіргі уақытта заман талабына сай ақылды үйде тұруды армандайтын жандарға қолайлы жағдай жасай білетін білікті маман даярлауға өз үлесін қосқан ұстазымызға үлкен рахмет айтамыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша колледж басшысы Бозымбаев Болатжан Даулетұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Марапатыңыз құтты болсын👏👏👏
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!!!

Үлкенге құрмет, кішіге ізетпен қарайтын елдің ұрпағы қарттарға қамқорлық жасаудан жалыққан емес. 07.12.2021 жылы колледжіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мен еріктілерден құралған білім алушыларымыз ауданымыздағы №2 әлеуметтік қарттар үйінде сенбілік жүргізіп, ауласын жапырақтан, қоқыстан тазалап, тұрғын үйдің подьездеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Қайырлы іс жасап, мейірбандық танытып, үлкендерге құрмет көрсетіп жатқан білім алушыларымызға қарттар үйі әкімшілігі мен сол жердің тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

04.12.2021 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күні қарсаңында колледж басшысы Бозымбаев Болатжан Даулетұлын Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін АЛҒЫС хатпен марапаттап, алғысын білдірді.Марапатыңыз құтты болсын Болатжан Даулетұлы, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!!!

18.11.2021 жылы колледж психологы Байдербесова А. «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік, конфликтілік мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында 1 курс студенттері арасында лекция оқыды.
Лекция барысында тақырыптың мақсаты түсіндіріліп, әртүрлі эмоциялық жағдайдан қалай шығуға болытындығы жайлы әңгіме өрбіп, конфликтің біздің сезіміміз ойымыз бен әрекеттерімізге әсер етуі жолдары қарастырылды.
Білім алушылар «Мәселеге тап болғанда не істеймін?», «Көңілсіз болғанда, қорқынышты немесе ашу үстінде болған кезімде не істеуім керек?», «Маған көмек керек кезде не істеуім керек?», «Бәлеге тап болған досыма қалай жәрдем бере аламын?» секілді сұрақтарға жауап ала алды.

16.11.2021 жылы Бостандық ауданы ЖПҚ ЮПБ полиция майоры А.Ж. Кокилова 2 курс білім алушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу, жасөспірімдерге «Есірткісіз өмір», «Қоғамдық орындарда шылым шегуге қарсы әкімшілік жауапкершілік» қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу  сағаты өтті.  Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы алькогольдік ішімдік, шылым шегуге, есірткіге тәуелдікдің белең алуына жол бермеу.

06.11.2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Парасаттылық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 1 -2 курс студенттері арасында «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару. Байқау нәтижесі бойынша «Ең үздік» эссе төмендегі топ студенттері марапатталады.
1️⃣-ші орынды АЭ – 118 Жабықбай Шерхан
2️⃣-ші орынды АЭ-117 Ерленбек Еркебұлан
3️⃣-ші орынды ТЭ-113 Бекбергенов Бекжан

02.11.2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы Бостандық ауданы қалалық СПИД-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталығының маманы Үсенқұл Мадина Мешірқызы колледждегі 1 курс студенттерімен «АИВТ және оның алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда студенттер АИТВ-инфекциясының жұқтыру жолдары мен алдын алу жөнінде ақпарат алды. Алдын алу – бұл АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы қолданылатын барлық шаралардың негізі. Студенттер сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.
Барлық қатысушыларға бейне – ролик көрсетіліп, ақпараттық – білім беру материалдары үлестірілді.

28 қазан 2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде TedX форматында студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушев, колледж директоры Б.Д.Бозымбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Б Рашова, колледждегі «Sanaly urpaq» клубының жетекшісі А.Джапсарбаева, «Өзін-өзі басқару» ұйым жетекшісі Ш.Қазтай, «Sanaly urpaq» клубының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында «Sanaly urpaq» клуб мүшелері «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікіралмасу болды.

«Қарты бар ел – қазыналы ел»

2021 жылдың 04 қазан күні Алматы электрмеханикалық колледжінде Қарттар күніне орай ауданымыздағы №2 әлеуметтік қарттар үйінде колледждегі өзін-өзі басқару ұйымының студенттері және колледж ұстаздарының қатысуымен «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, қам көңіл қарттарымыздың көңілін көтеріп, жүректеріне жылу орнатты. Осылайша, студенттеріміз қарт кісіні құт – береке деп танып, сый – құрметтерін көрсете білді.

30.09.2021 колледждің мәжіліс залында топ жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жоспарлық отырысы өтті.
Жиналысқа бөлім меңгерушілері, топ жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде 3 сұрақ қарастырылды:
1️⃣. 2021-2022 оқу жылындағы колледждің оқу-тәрбие жұмысы жоспарының негізіне сәйкес топ жетекшілердің топ бойынша тәрбие жұмысын жоспарлауы
2️⃣. 2021-2022 оқу жылына әдістемелік бірлестігінің тақырыбын бекіту.
3️⃣. Білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда топ жетекшілерінің рөлі.
ӘБ жетекшісі Сембиева Е.О. 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының тақырыбымен таныстырып, жоспарға сай жасалынатын жұмыстарға тоқтала кетті.
Отырыс барысында топ жетекшілері сұрақтар қойып, диалогқа белсенді түрде қатысты.

«Біздің таңдауымыз –жемқорлықсыз болашақ!» тәрбие сағаты!!!
28.09.2021 Алматы электрмеханикалық колледжінде 1 курс білім алушылары арасында қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру мақсатында «Біздің таңдауымыз –жемқорлықсыз болашақ!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Қыркүйек айының 21-24 аралығында Алматы қаласында «Worldskills 2021»- аймақтың чемпионат өтуде!!!
Чемпионат барысында колледжден 3 құзіреттілік бойынша білім алушылар бақ сынауда.
Соның бірі «Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша колледжден ЭМ-215 топ білім алушысы Оразхан Жарқынбек өз бағын сынауда!!
Сәттілік тілейміз✊
#worldskills2021

21.09.2021 жылы жоспар бойынша І курс білім алушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алу, жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу  сағаты өтті.
Бұл кездесуге Бостандық ауданы ЖПҚ ЮПБ полиция майоры А.Ж. Кокилова, сондай-ақ колледж басшысы, директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  топ шеберлері қатысты.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда, колледжде т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды.
«Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

20.09.2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінің ұжымымен Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиналыс болып өтті.
Жиналыс барысында колледждің 2021 – 2022 оқу жылына арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды.
Колледж басшысы өз сөзінде колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бұл ретте ұжым болып белсенділік таныту керектігін баса атап өтті.

17.09.2021 күні жоспар бойынша колледжішілік Talk Like дебаттық клубының мүшелері арасында «Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы» 👨‍👩‍👧‍👦тақырыбында пікір талас болып өтті.
🔰Мақсаты: Студенттердің отбасы туралы түсініктерін кеңейтіп, отбасы құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу.
Пікірталас барысында клуб мүшелері отбасы құндылықтырын жете түсіндіре келе қазіргі қоғамда отбасында кездесетін әр түрлі келеңсіздіктер мен түсінбеушіліктер туралы да өз ойларын ортаға салды. Тақырыпты жан-жақты зерттеп тұжырымды ой айта білген жастарымызға отбасы құндылықтарын сақтап, дәріптеуде тек қана сәттіліктер тілейміз!!!

#РУМЦДОМОНРК

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ!!!
📌10.09.2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде студенттердің өзін –өзі басқару ұйымының жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті. Отырыс барысында колледж басшысы Болатжан Дәулетұлы белсенді жастардың атқаруы тиісті міндеттеріне тоқтала отырып, жастардың атқарылатын іске жауапкершілікпен қарайтындығына сенім білдірді.
📌Жиналыс барысында өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі: Шынғыс Әзімханұлы ұйымның жаңа құрамымен таныстырып, ҚР білім беру ұйымдарындағы «Студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасымен жан-жақты баяндап өтті.
📌Белсенді жастар алдағы болатын іс-шараларда белсенділік танытып, жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға ат салысатындықтарын айтты.
📌Белсенді жастарға сәттілік тілейміз✊!!!

#РУМЦДОМОНРК
#өзінөзібасқару

31.08.2021 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде онлайн түрде колледж басшысының қатысуымен АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ болып өтті.
Қаралған мәселелер:
1) «Колледж жарғысы және ішкі тәртібі» туралы ақпарат беру.
2) 2021-2022 оқу жылының тәрбие жоспарымен таныстыру;
3) Ата-ана жауапкершілігі туралы;
4) Сабақ барысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шараларын қатаң сақтау туралы;

🔷 21-28.05.2021 аралығында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жіберген ақпараттар негізінде жүргізілген апта сайынғы мониторинг балалардың қатысуымен болған оқиғалардың 116 фактісін анықтады.
🔺116 оқиғаның ішінде 25 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
🔺24 жағдай ересектердің балаларды қадағаламауы және қауіпсіздік техникасын бұзуы салдарынан орын алды.
❗ Құрметті Ата аналар қауымы, есіңізде болсын: балаларға жіті қарау талай оқыс оқиғаның алдын алуға көмектеседі!
🟢Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз❗

2021 жылы 27 сәуірде «SENSYS Engineering» Көлік технологияларын қолдау мен дамытудың халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «SERVICE MASTER JUNIOR 2021» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Қазақстанда өткен халықаралық байқаудың Ұлттық кезеңіне «Автоьобиль технигі» номинациясы бойынша Алматы электрмеханикалық колледжінің студенттері: Жанабатыров Алишер, Ивашов Азамат, Садиров Азизжан қатысып, іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, осы байқаудың іріктеу кезеңінде ұйымдастырылу іс-шарасына белсенді қатысқаны үшін тәжірибелі оқытушы Асгат Райхан дипломмен мараппатталды. Ұжым атынан студенттеріміз бен педагогтарымыздың әрқашанда бақ-жұлдызы биіктен жарқырасын демекпіз!

Алматыда «Жас маман» жобасы аясында оқу орындары жаңғыртылып жатыр

20.05.2021 күні «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты онлайн пікір талас өтті. Пікірталаста колледж белсенділері қатысып өз презентацияларын таныстырып қорғады.

Колледж бітірушілері Гранд Парк ойын-сауық орталығындағы «Dream Way» жобасына қатысты. Студенттер өз армандарын жазып, болашақ кірпішін қалады. Бұл жоба Тәуелсіздіктің 30- жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жоба мақсаты: Әр студент Арман жолы атты жобаға өз қолтаңбаларын қалдырып кету. Армандарыңыз орындала берсін.

Құрметті студенттер Есет Садуақасов пен онлайн концерт кездесуге шақырамыз.

Бүгін 2021 жылдың 21 сәуірінде Алматы электрмеханикалық колледжінде <<Nur Otan>> партиясы Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы өтті.
Жиналыс келесі күн тәртібімен өткізілді:
1)Бастауыш партия ұйымының 2021 жылдары атқарылған жұмыстары туралы және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есебі;
2)Бастауыш партия ұйымының төрағасы мен төраға оынбасарын сайлау, қажет болған жағдайда-БПҰ бюросы (егер <<Nur Otan>>партиясы жарғысының 8.6.3 тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшелері болса);
3)<<Nur Otan>>партиясы Бостандық аудандық филиалының XXVIII есеп бері-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау (БПҰ төрағалары).
Жиналыс шешімі бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Бозымбаев.Б қайта сайланды.

2021 жылдың 26 қаңтар айында «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы ұйымдастырған «Үздік автор -2021″ республткалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған ұстаздар, Сіздерге шын жүректен алғыс білдіреміз! Алматы электрмеханикалық колледжінің абыройын асқақтатып, биіктерден көріне беріңіздер! Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады» деп, атақты педагог К.Д.Ушинский айтқандай қазіргі заманда мұғалімнің кәсіби дамуы үздіксіз жалғасып отыруы керек. Кәсіби шеберліктеріңіз шыңдала бергей!

15.04.2021 күні Алматы электрмеханикалық колледжінің біршама қызметкерлеріне онлайн түрде KazPromEducation ЖШС-і «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» тақырыбында курс өткізді.
Курс барысында жалпы ҚР еңбек қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілер, мекемеде болуы тиіс еңбек қорғау бойынша құжаттар тізімі, еңбек және өрт қауіпсіздігі аясында т.б тақырыптар қозғалып, өрт қауіпсіздігі мен эвакуациялық жағдай кезінде алғашқы көмек бойынша бейне роликтер көрсетілді.

«Sanaly urpaq» жобасы шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық және оның салдары» атты онлайн дәріс семинар өтті. Семинарда «Жемқорлықтың саяси әлеуметтік қиын құбылысы» және «ҚР-ның жемқорлыққа қарсы заңнамасы» мен танысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» стол теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен республикалық турнирде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаяхметова Жадыра Абайбековна 1 орынға ие болып «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төс белгісімен марапатталды. Құттықтаймыз.

Алматы мемлекеттік электрмеханикалық колледжі «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша «Жас маман» жобасына енді.
Колледжде «Жас маман» жобасын іске асырудың қадамдық жоспары жасалып, іске асырылуда. Жаңадан 4 оқу дәрісханасы, 3 оқу өндірістік шеберханасы ашылды.
Жоба барысында алынған жоғары деңгейдегі өнеркәсіптік жабдықтар, автоматтандыру жүйелері мен оқу-зертханалық стендтер: «Өнеркәсіптік басқару», «Күн және жел энергиясын зерттеу бойынша оқыту», «Өнеркәсіптік жел энергетикасы бойынша оқыту», «Кәсіпорындарға сымдарды тарту бойынша оқыту»(толық жиынтығы), «Өндірістік басқару бойынша оқыту», «Айнымалы және тұрақты ток тізбектері бойынша оқыту», «Электр қозғалтқыштарын бөлшектеу және құрастыру бойынша оқыту», «Айнымалы және тұрақты ток тізбектерін құрастыру және сынақтан өткізу», «Айнымалы ток беру» және «Электротехника/электроника бойынша» және т.б.
Қазіргі таңда басқару щиттерін, электрлік щиттарды, завод өнімдерін шығару үшін қолданылатын құрал-жабдықтар алынуда. Өқу өндіріс шеберлері біліктілік курстарын өтуге дайын.
«Жас маман» инновациялық жобасы аясында колледжде бірнеше рет жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Кездесуге «АЭМЗ» ЖШС директоры Ғ.О. Жексембинов, «Корпорация Сайман» ЖШС директоры Ж.Қ. Ақжанов, «Elkos» ЖШС директоры Д.Р. Битимшинов, «Каз Билдинг-Сервис» ЖШС директоры М.Е. Исабеков, «Алматы электрощит завод» М.С. Аумолдаев, колледж директоры Б.Д. Бозымбаев, директордың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушалары мен өндіріс оқу шеберлері энергетика салалары бойынша мамандарды даярлауда «Жас маман» инновациялық жоба аясында атқарылып жатқан іс-шараларды талқылап, пікір алмасты.

Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осы абыройлы міндетті атқарып жүрген ұстаздарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан және де ілім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметтің арта беретіні сөзсіз!
Құрметті ұстаздар қауымы, мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!
Ұстаздар күнімен!

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы электрмеханикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Елнар Саятұлы «Үздік педагог – 2020» республикалық сайысында көп ішінен дара боп, білімі мен білігінің нәтижесінде жарқырап бәсекелестерінен оза шауып, жүлделі 1 орынға ие болғаны үшін марапатталды.

Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн тапсыру үлгісі!!!

«Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында 2020 жылдың 28 ақпанында «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтар» кафедрасының оқытушысы М.Б.Рашова 217 топқа «Техникалық механика негіздері» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «Материалдар кедергісі. Негізгі түсініктер».
Сабақтың мақсаты: студенттерге материалдар кедергісінде кездесетін негізгі ұғымдар туралы мәлімет беру.

Алматы электрмеханикалық колледж базасында «Жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтің алдын-алу жолдары» тақырыбында Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының психологы Е.А.Манжикова тренинг өткізді. Аталған тренингке Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі және т.б. колледждердің оқытушылары мен шеберлері қатысты.
Психолог Манжикова Елена Александровна суицид сипаты, статистика бойынша олардың Қазақстандағы санын атап, слайд арқылы суицидтің түрлері мен себептері жайында кең мағлұмат бере отырып, оның алдын-алу жолдарын түсіндірді. Қатысушылардың маман ретінде көкейтесті сұрақтарына жауап беріп отырды. Тренингті қорытындылай келе, қатысушыларға, ұйымдастырып отырған іс-шараға ризашылығын білдірді.

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қарай Алматы электрмеханикалық колледжінде «Абай әлеміне – 175 жыл» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. Колледж студенттері кітап көрмесі арқылы Абай әлеміне тереңірек бойлауға мүмкіндік алды.

«Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында 2020 жылдың 27 ақпанында жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының оқытушысы С.А.Арыстанбеков 215 топ «Дизайн» мамандықтарына «Кескіндеме» пәнінен «Сулы бояулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер негізгі боялардан қосымша бояулар шығарды. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлең жолдарын мәнерімен жатқа айта отырып, студенттер өз ой-қиялдарымен, сулы бояулармен осы өлең қыс, жаз, күз жолдарына композициялық сурет салып, бояу техникасын, әдістерін түсіндіріп, қорғап шықты.

Алматы электрмеханикалық колледжінде ақпан айы мен наурыз айы аралығында тәжірибелі оқытушылар арасында «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі өтті.
Мақсаты: әр алуан нәтижеге бағытталған инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісу, озық педагогикалық тәжірибелерін тарату. «Инновациялық сабақтар» әдістемелік шеруі аясында алғаш болып ашық сабақ өткізген АӘД пәнінің оқытушысы Д.С.Икапов.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Калашников автоматы мен пулеметы».

«SANALY URPAQ» жемқорлыққа қарсы үгіт –насихат орталығының басшысы К.А. Токушевпен және «жемқорлыққа қарсы технология» ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Р.Усенова ханыммен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа. қарсы технологиялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы» жобасы мен таныстық.
Сыбайлас жемқорлыққа Қарсы мәдениет мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: қызметі ашықтық және мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын көбейту.

19.02.2020 ж. Алматы электрмеханикалық колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ж.А. Шаяхметова 119 оқу тобына «Акробатикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге акробатикалық жаттығулардың түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

2020 жылдың 17 ақпанында техникалық мамандықтар кафедрасының шебері Қабылқақ Гүлім 115 топпен «Қозғалтқыштың майлау жүйесінің құрылысы» тақырыбында оқу-өндірістік тәжірибе сабағын өткізді.Тәжірибелік сабақта CLIL, kahoot әдіс-тәсілдерін қолданды, студенттерге адасқан бөлшектер ойынын ойнату арқылы майлау жүйелерінің бөлшектерін тапқызып,студенттер бөлшектерді ағылшын тілінде айта білді.

Колледж директорының ата аналарға 2019 жылдың қаржыландыру есебі.
Алматы электрмеханикалық колледжінің директоры Б. Бозымбаев колледж ата-аналарымен 2019 жылғы мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жөнінде есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста директор, ең алдымен, ата-аналарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралармен, колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбиелік жұмыстарымен, халықаралық, қалалық, аудандық жарыстардың жеңімпаздарымен таныстырып, бөлінген қаржының қандай жағдайға, қандай мақсат¬тарға жұмсалғаны жайында жан-жақты мәліметтер берді.
Жиналыс бары¬сында ата-аналар колледж дирек¬торына өздерін толғандырып жүрген сауал¬дарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды.

25.12.2019 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы Бостандық ауданы Әлеуметтік қарттар үйінің №2 күндізгі бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Жасыл шырша жанында» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, көңілдеріне қуаныш сыйлау, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.
Шара барысында балаларға жаңа жылдық концерттік бағдарлама қойылды. Мүмкіндігі шектеулі балалар өлең оқып, ән айтып, өнерлерін ортаға салды.
Бүлдіршіндер үшін Аяз ата мен ақша қарды көріп, сыйлық алудан асқан бақыт жоқ.
Салтанатты кеш соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Елім деп еміреніп, ел мен жер үшін аянбай тер төгіп қызмет қылған, бүгінгі алып мемлекетіміздің ірге тасын қалаған ЕЛБАСЫ -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарих қойнауында аты алтын әріппен қалатын ұлы тұлға екені сөзсіз.
1 –желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай Алматы электрмеханикалық колледжінде «Менің Тұңғыш Президентім» атты 1 курс студенттерінің қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
3.Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Іс-шара барысында Елбасының өмір жолы, қызметі, шығаршылығы, ел үшін жасаған ерен еңбегі туралы бейне – ролик көрсетіліп, студенттер өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» деген студенттеріміз «Мен қазақпын» әнімен тәрбие сағатын аяқтады.

2019 жылдың 25 қазан күні Алматы электрмеханикалық колледжінде Қарттар күніне орай ауданымыздағы №2 әлеуметтік қарттар үйінде колледждегі өзін-өзі басқару ұйымының студенттері және колледж ұстаздарының қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, қам көңіл қарттарымыздың көңілін көтеріп, жүректеріне жылу орнатты. Осылайша, студенттеріміз қарт кісіні құт – береке деп танып, сый – құрметтерін көрсете білді.

2019 жылдың 16 қазан күні Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және «Qolday» кәсіпкерлікті қолдау орталығы бірлесе отырып, «Кәсіп алаңы» атты жобасы аясында бір күндік мотивациялық курс өткізді.
Курсты өз ісінің мамандары Біржан Серіков, Евгений Мухамеджанов, Малаева Диана жүргізіп, «Табысты стартапты қалай құруға және инвестиция тартуға болады» тақырыбында жан-жақты мәлімет беріп, кәсіпкерлікті жүргізу туралы бейне материалдар көрсетті.
Курсқа қатысқан студенттеріміз кәсіпкерлік төңірегінде кездесетін түрлі мәселелер туралы мәлімет алып, курс соңында қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.

2019 жылдың қазан айының 5-күні Алматы электрмеханикалық колледжінде Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Колледж басшысы Болатжан Дәулетұлы ұжым ұстаздарын атаулы төл мерекелерімен құттықтап, оларға алғыс хаттар мен мадақтау қағаздарын тапсырды. Атап өтсек,
1) Мереке қарсаңызда колледжіміздегі 5 ұлағатты ұстаздарымыз жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен ЖОО оқытушылары арасында өткен «Ұлт ұстазы – 2019» атты республикалық байқауына қатысып, дипломмен, төс белгімен марапатталды.
2) Колледжімізде ғылыми –шығармашылық жұмыстар жасап, «Жас дарын» ғылыми жоба және инновациялық журналына өз мақалаларын жария еткен 9 оқытушы мен оқу-өндіріс шеберлері дипломмен, төс белгімен марапатталды.

05.10.2019 жылы Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ұйымдастыруымен «Посади лес» Республикалық акция барысында «Жасыл Алматы» акциясы жүзеге асырылды. Аталған іс-шарада 50мың ағаш отырғызу жоспарланған болатын.
Осыған орай, Алматы электрмеханикалық колледжінің бір топ қызметкерлері мен №121 топ студенттері «Жасыл Алматы» акциясына белсене қатысып, қаламызды көркейтуге өз үлестерін қосып қайтты.

2019 жылдың 2 қазаны күні Алматы электрмеханикалық колледжінде 217 топ студенттерімен «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашу «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асыру аясында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында орталықтың психолог – мамандары семинар – тренинг өткізді. Семинар барысында кең көлемде отбасы мәселесі туралы видео-ролик көрсетіліп, топтағы студенттерге әр түрлі психологиялық жағдаяттар қоя отырып, әр отбасында болатын келеңсіз жағдайлардан мысал келтірілді.
Әрине отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасынан қалыптасатыны белгілі. Осыған орай өткізілген семинар өте жоғары деңгейде өтіп, студенттерге берері көп болды.

30.09.2019 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде Алматы қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссиясының мүшесі ҚР ІІМ Алматы академиясы, ЖҚА кафедрасының доценті, полиция полковнигі Токсанова Майя Булатовнамен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар арасындағы отбасын құру мәселесі мен отбасында кездесетін зорлық – зомбылықтардың алдын –алу шаралары туралы видео роликтер көрсетіліп, жан-жақты мәлімет беріліп, сауалнамалар жүргізілді. Студенттер көкейлеріндегі ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алып, пікірлерін ортаға салды.
Кездесу мығаналы да мәнді, өз дәрежесінде өтіп, студентердің берері мол болды.

Алматы электрмеханикалық коллежінде 2019 жылдың 27 қыркүйегі күні Атамекен кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің жеке тұлғалық қасиетін дамыту және кәсіп ашуына жол көрсету мақсатында «Мен – болашақ кәсіпкермін» тақырыбында мастер класс өтті. Мастер класқа GT oil servise компаниясының директоры Сабдалинов Жанат Жұмабаевич және өзіміздің АЭМК колледжінің түлектері бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер Аллажар Асыл Мақсатұлы мен Әбінәлі Еламан Жандосұлы қонақ ретінде шақырылды. Мастер класқа қатысқан жоғары топ білімгерлеріміздің үлкен белсенділікпен пікір алмасып, көкейінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Келген қонақтармен ой бөлісіп, болашақ мамандықтары туралы талдап, талқыланды.

Алматы электрмеханикалық колледжінде «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ Жастармен жұмыс жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, «2019 Жастар жылы» бағдарламасына сәйкес Бостандық аудандық филиалының қолдауымен Алматы қаласы колледж студенттері арасында «Мини футболдан» жарыс өтті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Елбасының «2019 Жастар жылы» бағдарламасын іске асыру, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылады.
Жарысқа қала колледждерінен 8 команда қатысып, ойын өте тартысты да қызықты өтті.
Жарыстың қорытынды кезеңінде сөз алған «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жамбылов Баймұрат Мұратханович Жастар жылы аясында өткізіліп отырған шараға тоқталып, жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Үздік деп танылған спортшылар мен жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен кубок табысталды.
#жастаржылы2019

Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне орай, 2019 жылдың 24 қыркүйегі күні Алматы электрмеханикалық колледжінде «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Іс-шараға колледж студенттері белсене ат салысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мереке үш тілде жүргізіліп, жас ақындарымыз өздерінің Тілге арнауларын оқып, көпшілік ықыласына бөленді. Мың бұралған биші қыздарымыз әр ұлт билерінен поппури биін билесе, колледж қабырғасына жаңа қадам басқан 1-курс студенттері «Қамажай» биін билеп, Тіл туралы өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.
Мерекелік іс-шара «Атамекен» әнімен аяқталып, қатысушыларға үлкен шабыт сыйлады.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, студенттер бойында патриоттық сезім, Тілге деген құрмет арта түсті.

Алматы электрмеханикалық колледжінде 2019-2020 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзудың алдын-алу мақсатында, Алматы қаласы, Бостандық ауданы АПБ,ӘПБ,ЮПБ учаскелік инспекторларымен кездесу өтті.
Кездесу барасында, полиция майоры Кокилова Айнұр Жалғасбаевна және полиция капитаны Смайлова Ақниет Сауранбековна коллежге келген І курс студенттеріне, құқық бұзушылыққа қандай іс-әрекеттер жататынын, соған сәйкес баптар бойынша қолданылатын жаза түрлерін, айыппұл мөлшері туралы кең түсінік беріп өтті.

«Жастар жылы – 2019» аясында Алматы электрмеханикалық колледжінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық борыш» жобасы аясында Ауған соғысы ардагері Жұмағалиев Мұса және модератор, мәдениет танушы, жазушы Бердалы Оспанмен кездесу өтті. Кездесу барысында ардагер аталарымыз сұрапыл соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, студент жастардың сұрақтарына жауап берді.

2019 жылы Жастар жылы аясында Алматы электрмеханикалық колледжі студенттері ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ дайындаған Бүкілқазақстандық диктантқа қатысты.
Еліміздің латын графикасына көшудегі жасалып жатқан бұл қадамды барлығымыз қолдаймыз.
#жастаржылы2019
#жастарелболашағы

Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Алматы электрмеханикалық колледжінің мобилді тобы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017-2021 жылдарға арналған «баршаға тегін кәсіптік- техникалық білім беру» жобасы аясында халыққа түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Мақсат: қазіргі уакыт талабына сай кәсіпорындардың сұрасына ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлау жұмысын насихаттау болып табылады.

01.06.2019 жылы Алматы электрмеханикалық колледжінде балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – Біздің болашағымыз» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Мақсаты: 1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну , балалық шақтарын бақытты өткізуге , елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу.
Осы мерекеге орай ұйымдастырылған әдеби – сазды бағдарлама аясында студенттер мен оқытушыларымыз ән айтып, қыздарымыз мың бұрала билеп, әсем күймен жүректі тебірентті.

31 мамыр күні саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы электрмеханикалық колледжінде 1 курс студенттерінің қатысуымен «Сарғайсада тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың жүрегінде, мәңгі есінде.

Алматы электрмеханикалық колледжінде 2019 – 2020 оқу жылдарына кәсіптік мамандарды даярлау бағытында 2019 ж. сәуір – мамыр айларында
9 -11 сынып мектеп оқушыларымен «Ашық есік» күні атты іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ Жамбыл атындағы орта мектебінен 10 оқушы,
Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептен 10 оқушы, № 157 орта мектебінен 15 оқушы,
№ 146 орта мектебінен 10 оқушы, № 86 орта мектебінен 16 оқушы, № 41 орта мектебінен 48 оқушы, № 186 орта мектебінен 12 оқушылар келді. Оқушылар колледждің ішкі тыныс тіршілігімен танысып, колледж директоры және орынбасарларымен кездесу өткізілді. Алғашқы сөзді колледж директоры Болатжан Дәулетұлы Бозымбев сөз алды.
Ол талапкерлерді колледжбен таныстырып техникалық мамандықтар даярлау бағытындағы Алматы қаласының колледждерінің арасындағы АЭМК – ның деңгейі туралы мәлімдеді. Кәсіптік оқыту жөніндегі директордың орынбасары, арнайы пән оқытушысы Бейсебаев Ертай Садықұлы оқушыларды мамандықтармен таныстырды. Колледж шеберхана меңгерушілері Шотайбеков Тилеубек,
Қайыпқожаев Ғабит, Жабықбай Әділжан және Байбулин Тәліп оқушыларға шеберханалардың қондырғыларын көрсетіп, олардың жұмысы туралы айтты.
Колледждің өндірістік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Асгат Райхан мектеп оқушыларына 3 курстан бастап білімалушылардың өндіріс орындарында, өз мамандықтары бойынша тәжірибиеден өтетіні туралы айтып өтті. Мектеп оқушыларының алдында колледжішілік өзін-өзі басқару комитетінің студенттері: Әбден Ильяс, Қайратқызы Фатима, Жанысбай Еңлік, Болатбек Досымжан, Базарбай Шакизат колледждің студенттік өмірі жайында айтып кетті яғни ғылыми, спорттық, көркем өнерпаз т,б үйірмелер туралы өздерінің пікірімен бөлісті.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
Хадишина Раушан Жумадиловна

«Nur Otan» партиясының Бостандык аудандық филиалының қоғамдық штабы мен «Жас Отан» жастар канатының мүшелерімен бірге Алматы электрмеханикалық колледж ұжымы сайлауалды үгіт насихаттау жұмыстарын жүргізді.
#ЗаТокаева
#ТоқаевтыТаңдаймыз
#ТоқаеV #ТокаеV
#НашКандидат #БіздіңКандидат
#НашаКоманда #БіздіңҚұрам
#ЯиТокаев #МенЖәнеТоқаев
#NurOtan #бәрімізбірге
#преемственность #сабақтастық
#справедливость #әділдік
#прогресс #өрлеу
#твойголосважен
#выборзатобой
#будущеевтвоихруках

Қазақстанның даму тәжірибесі көптеген жолдармен ерекшеленеді. Біздің күш-жігеріміз – елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік, халықтың төзімділігі және республикада тұратын түрлі ұлт өкілдерінің достығы. Бүгінде ел өтпелі кезеңді бастан өткеруде, және әрбір қазақстандықтың басты міндеті – ең жақсысын сақтап, алға жылжу. Оң ойлау, болашаққа деген сеніміміз бен бірлігімізді нығайтады, әрбір отбасына тыныштық пен бақыт әкеледі.
Қазақстандықтар тұрақтылық, бейбітшілік, төзімділік және прогрессті – бұл адам дамуының жалғыз шынайы жолы екеніне сенімді! Қазақстан әлемдік қауымдастық үшін үлгі болып табылады.
#АЭМК
#NurOtan#бәрімізбірге
#Сабақтастық
#Әділдік
#Өрлеу
#Таңдау жасаймыз
#Болашақ сенің қолыңда

WorldSkillsAlmaty-2019 аймақтық чемпионатында жұмыс әрекеттері және дағдыларымен бәсекеге түсіп, кәсіби шеберлегін шыңдап, жүлделі орындарды иеленген студенттеріміз!!!
#жастарелболашағы
#жастаржылы2019
#worlskillskazakhstan2019

2019 жылғы 15 сәуір Алматы қаласында үздік жұмысшы маманын анықтайтын дәстүрлі «WorldSkillsAlmaty – 2019» Ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. Байқау әр мамандық бойынша үш күнге жалғасады.
16 сәуір күні Алматы электрмеханикалық колледжінің базасында өтіп жатқан «World Skills Almaty – 2019» чемпионатына Алматы қаласынан 5 колледж (Алматы көпсалалы колледжі, Алматы автомеханикалық колледжі, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі, Алматы технология және флористика колледжі және Алматы электрмеханикалық колледждері) қатысып, «Зақымданған автокөліктердің шанағын бояу жұмыстарына дейін қалпына келтіру» тақырыбында қатысушылар өз жұмыстарын көрсетуде.