About the college
КМҚК «Алматы электрмеханикалық колледжі»
Колледж миссиясы:
Еңбек нарығының жаңа өзгерістері жағдайындағы жаһандық үдерістердің үдемелі дамуында жүйелі ойлап, көп тілде сөйлей біліп, өзгелермен ашық бәсекелестікке түсе алатын дағдыларға ие, құзыретті мамандар даярлау.
Алматы қаласы әкімдігінің 14.02.2013 жылғы № 1/96 жарлығымен Алматы қаласы Білім басқармасымен КМҚК «Алматы электрмеханикалық колледжі» құрылды, заңды тұлғаның № 1910-01/2437 13.05.2013 жылдан бастап мемлекеттік тіркеудегі куәлігі орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім саласында жүзеге асады.
«Алматы электрмеханикалық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының иесі — Алматы қаласының әкімдігі.
«Алматы электрмеханикалық колледжі» мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы Алматы қаласының білім басқармасы болып табылады.
Өзіндік білім беру материалдық-техникалық базасының болуы туралы растаушы құжат 2010 жылғы 16 шілдедегі № 0029130, тіркеу номері №11982 жер учаскелерін тұрақты пайдалану құқығына арналған Мемлекеттік акт болып табылады. Жер учаскесінің көлемі — 0,7103 га.
Колледждің орта техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру қызметі Жалпы мемлекеттік лицензия негізінде, Алматы қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2008 жылғы 17 қазандағы № 0059719 сериялы АА-5 сериясының қолданылу мерзімі шектеусіз жүзеге асырылады.
2013 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы 2013 жылғы 19 желтоқсандағы №13019810 бұйрығымен Бас лицензия берді.
Колледж бірінші мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті және оқу процесі жүріп жатқан мамандықтар бойынша лицензияны растады. — №51 от 08.04.2021 г
Колледж жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, бұл студенттерге кәсіптік-техникалық білім берудің тиісті мамандықтары бойынша тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Колледждің қызметі «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің стандартты ережелері», «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы, №319-ІІІ, 2016-2019 жж ҚР тілдер туралы заңы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрықтары, нұсқаушы және әдістемелік хаттары , Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 499 қаулысымен бекітілген.
2015 — 16 оқу жылында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 «Өндірістік объектілердің жұмыс жағдайлары үшін міндетті мерзімдік біліктілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өндірістік объектіні (жұмыс орындарын) 10 өндірістік нысан сертификатталған.
2016 жылдан бастап колледж ИСО 9001: 2016 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесіне сәйкес жұмыс істейді.
Колледж нарыққа қажетті білікті қызметкерлерді дайындайды.
Колледж күндізгі оқыту нысандары бойынша мамандар даярлайды, оқыту тілі-мемлекеттік тілде. 2017-2018 оқу жылындағы студенттер контингенті – 828 студент күндізгі бөлімде. Күндізгі оқу бөлімінің барлық студенттері мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады.
Педагогикалық қызметкерлердің құрамы 37 оқытушы және 39 өндірістік оқыту шебері, оның ішінде: 1 – техника ғылымының кандидаты, 2- академик, 19- магистр, жоғары санатты және бірінші санатты -16 адам, 11– «педагог- модератор», 2-педагог-сарапшы, 1-зерттеуші.
Колледжде оқу-өндірістік шеберханалар, оқу ғимараты және спорт зал, оқу дәрісханалары орналасқан,50 орындық интерактивті дәріс залы және инетернет желісіне қосылған дәрістер,конференциялар,семинарлар,әр түрлі іс-шараалар үшін бейне материалдарды көрсетуге мүмкіндік беретін интерактифті жабдықпен жабдықталған қосымша орындар,кітапхана, 10 оқу зертханасы, интерактивті тақтамен 3 дәрісхана,арнайы пәндер бойынша жаңа модификациядағы компьютерлік дәрісханалар,медициналық бөлме,100 орындық студенттер асханасы (жаңа үлгідегі асхана салынуда),тиісті жабдықтар мен және жиһазбен,ғылыми әдістемелік оқу орталығымен, 10 оқу зертханалық шеберханамен және жазғы жаттыығу алаңымен жабдықталған. Студенттермен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колледждің ішкі және сыртқы бөлімдері бейне бақылауға қосылған.
2016 жылдан бастап колледж ИСО 9001: 2016 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесіне сәйкес жұмыс істейді.
Колледждің сапа менеджменті жүйесінің құрамы құрамына 3 бөлім және 4 кафедра, оқу-өндірістік, оқу-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық қызмет, күзет қызметі, шаруашылық қызмет және материалдық-техникалық қызметтер кіреді.
Тәжірибе ұйымдастыруда негізгі әлеуметтік серіктестер: ТОО «Корпорация Сайман», ТОО «Алматинский электромеханический завод», ТОО «Элкос», АО «Алатау Жарық Компаниясы», АО «Алматинские электрические станции», ТОО «Алматинские тепловые сети», ТОО «Алматытеплокоммунэнерго», ТОО «АлматыЭнергоСбыт», ГКП «Холдинг Алматы Су», ГКП «Бастау», ГКП «Су Желісі», ГКП «Тоспа Су», ТОО «ВВС Corporation». ТОО «MEGA Моторс», ТОО «Искер Газ», ТОО «Субару центр», ТОО «Машсвар», ТОО «Автобусный парк №2».