Колледж директоры

Бозымбаев Болатжан 1986 жылы Алматы кинотехникумын «кино жабдықтары және оны пайдалану» мамандығы бойынша бітірді, 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «радиобайланыс, радиохабар және теледидар»мамандығы бойынша бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы кинотехникумында 1986 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қараша айына дейін лаборант, кинобейнеаппаратураны жөндеу шебері, арнайы пән оқытушысы, бөлімше меңгерушісі болып бастады.  Одан әрі 1996 ж.желтоқсан айынан 1998 ж. қыркүйек айына дейін Алматы политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1998-2003 жылдары Алматы көлік және коммуникация колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 ж. Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директордың жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары. 2007 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ОӘБ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Алматы сән және дизайн колледжінің директоры болып тағайындалды. 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін Алматы технология және флористика колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2016 жж. «Өрлеу «БАҰО» АҚ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы болып ауыстырылды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы электромеханикалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

2018 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.

Жұмыс кезінде өзін сауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, колледжде оқу – тәрбие үдерісін басқару және еңбек мәселелерін жақсы меңгерген басшы ретінде көрсетті. Болатжан Даулетұлы коммуникабелен, студенттермен, ата-аналармен және қызметкерлермен оңай байланыс орнатады. Өз қызметінде ол жауапкершілік, құпиялылық, мейірімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Қазақстандық студенттердің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған басымдықтарға ерекше көңіл бөледі, оларда дербестік, конструктивтілік және ойлау ерекшелігі сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және дамыту бойынша жүйелі жұмыс істейді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», » Ы..Сондай-ақ ҚР Президентінің, Алматы қаласы әкімінің және «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.

Болатжан Даулетұлы педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндердің негіздерін білетін білікті маман. Әріптестер, студенттер, ата-аналар арасында үлкен беделге ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған