World Skills
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің қалалық конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі-ТжКБ) ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің Алматы қалалық конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, оны ұйымдастыру, өткізу, қорытындылау тәртібін және жеңімпаздарды марапаттауды айқындайды.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Осы Ереже келесі нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленді:
– Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығы;
– WorldSkills Kazakhstan спецификациялар стандарты
– Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №30 бұйрығы;
– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №131-нқ «Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы бұйрығы;
– Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
1.2 Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі болып табылады.
1.3 Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді (әдістемелік, ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету) конкурс ұйымдастырушысы айқындайтын өңірлердің білім басқармалары жүзеге асырады.
1.4 Конкурсты өткізу бойынша ағымдағы жұмыстарын ұйымдастыру комитеті мен техникалық комитеттер жүзеге асырады.
- Конкурс мақсаты
2.1 Конкурстың мақсаты ТжКББ ұйымдары педагогтерінің кәсіби біліктілігін және мамандарды кәсіби даярлау сапасын қазіргі стандарттарға сәйкес жетілдіру.
- Конкурс міндеттері
3.1 Конкурс міндеттері:
– өзін-өзі тануға және педагогтердің кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету;
– табысты педагогикалық тәжірибені тарату және педагогтердің қоғамдық мойындауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
– ТжКББ ұйымдары педагогтері арасында кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.
- Конкурс катысушылары
4.1 Конкурсқа колледждің келесі мамандықтар бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады:
– 07130100 – Электр жабдықтары
-07130700 – Электрмеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.
4.2 Конкурсқа әр колледжден екі адамнан тұратын 1 команда, бес жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері қатысады.
4.3 Конкурсқа қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби дағдыларын, оқу үрдісінде инновациялық тәсілдерді қолдануын, жоғары жұмыс мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы меңгеруін көрсетуі тиіс.
- Конкурсты өткізу мерзімдері
5.1 Конкурс екі кезеңде өткізіледі: теориялық және практикалық.
1 кезең – теориялық
1 Модуль – Мамандық бойынша тестілеу;
2 Модуль – Сұлба сызу;
2 кезең – практикалық
3 Модуль – WorldSkills спецификациясы стандарты бойынша электрмонтаждау;
4-Модуль – БЛК (бағдарламаланатын логикалық контролер) бағдарламалау;
- Конкурстың мазмұны
6.1 Конкурс тапсырмаларының мазмұны теориялық және практикалық
тапсырмаларды болжайды.
6.2 Конкурс мамандардың кәсіби дайындық сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
I кезең Конкурсқа 1 тапсырма кіреді.
Модуль 1. Мамандық бойынша тестілеу
Конкурс тапсырмасының форматы: қатысушы мамандық бойынша тест тапсырады.
Қаралатын аспектілер: кәсіби қызметтегі білім мен құзыреттілік.
Ең жоғарғы ұпай саны – 15
Модуль 2 Сұлба сызу.
Конкурс тапсырмасының форматы: конкурстық тапсырмаға сәйкес кестені әзірлеу
Қаралатын аспектілер: құрастырудың дұрыстығы; сызбаны құрастырудың қисындылығы мен жүйелілігі; МЕМСТ сәйкес әріптік, графикалық белгілер
Ең жоғарғы ұпай саны – 15
II кезең Конкурсқа 2 тапсырма кіреді
Модуль 3. WorldSkills спецификациясы стандарты бойынша электрмонтаждау
Байқау тапсырмасының форматы: Конкурсқа қатысушылар Worldskills стандарттарына сәйкес келетін практикалық тапсырмаларды орындайды.
Қаралатын аспектілер: теориялық және практикалық дайындық, жоғары жұмыс мәдениеті, стандартқа сәйкес берілген тапсырманың дұрыстығы.
Ең жоғарғы ұпай саны – 40
Модуль 4. БЛК (бағдарламаланатын логикалық контролер) бағдарламалау. Конкурс тапсырмасының форматы: реле басқару бағдарламасын құру (Конкурс тапсырмасына сәйкес). Бағдарламалау ортасы – FBD.
Қаралатын аспектілер: тапсырманың дұрыстығы, орындалу жылдамдығы
Ең жоғарғы ұпай саны 30
- Конкурс материалдарын ұсыну мерзімі мен тәртібі
7.1 Білім беру мекемелері конкурсқа қатысу үшін 10 күн бұрын «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің қалалық конкурсына» деген міндетті белгісі бар өтінімді (1 қосымша) эл.почтаға college_aemk@mail.ru жібереді:
- Конкурстың ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру
8.1 Конкурсты өткізу үшін осы Ережеге сәйкес әрекет ететін ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурстың ұйымдастырушысы Білім басқармасы анықтайды.
8.2 Техникалық комитет пен қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті анықтайды.
8.3 Ұйымдастыру Комитетінің функциялары:
– қатысушылардың тізімін, жұмыс тәртібін, конкурсты өткізудің нысанын, орны мен уақытын қалыптастыру;
– техникалық комитет пен қазылар алқасының жұмыс тәртібін қалыптастыру.
8.4 Техникалық комитеттің функциялары:
– Конкурс тапсырмаларын әзірлеу;
– Конкурс тапсырмаларын бағалау критерийлерін әзірлеу және бекіту;
– Конкурс тапсырмаларын орындау ведомостарын, қорытынды ведомостарды дайындау;
– Конкурска техникалық қолдау көрсету.
8.5 Конкурстың қазылар алқасының функциялары:
-Конкурс аспектілері мен бағалау критерийлеріне сәйкес WorldSkills International стандарттары бойынша Конкурс тапсырмаларының орындалуын бағалау (2-қосымша);
– әрбір Конкурс тапсырмасы бойынша қазылар алқасының мүшелері бағалау ведомостарын толтырады, олар CIS-ке енгізіледі және ведомостардың хаттамаларын ұйымдастыру комитетіне береді;
– Конкурсқа қатысушылардың рейтингі Конкурстың әрбір модулі бойынша жиынтық бағалау ведомостары негізінде айқындалады және қазылар алқасының хаттамасымен рәсімделеді.
- 9. Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
9.1 Конкурс қорытындылары CIS хаттамасының және оған негізделген қазылар алқасының хаттамасының негізінде айқындалады.
9.2 Қазылар алқасы Конкурсты Ұйымдастыру комитеті бекіткен бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған конкурстық тапсырмалардың қорытынды көрсеткіштерін анықтайды.
9.3 Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері (2 және 3 орындар) анықталады.
9.4 Қазылар алқасының мүшелері номинациялар мен жүлделі орындарды беру/бермеу құқығын өзіне қалдырады.
9.5 Конкурсқа қатысушылардың барлығы қатысушы сертификатын алады.
- 10. Ақпараттық қамтамасыз ету және жұртшылықпен байланыс
10.1 Модульдердің әрқайсысын орындау нәтижесі Конкурс өткізетін білім басқармасының интернет-ресурсында жариялануы тиіс.
10.2 Конкурс қорытындылары Конкурс өткізетін Білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.