Халықаралық тағылымдама
Алматы Электромеханика Колледжі оқытушылары Еуропада тәжірибе алмасты
Алматы Электромеханика Колледжінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері білім беру мен өндірістік технологиялар саласындағы озық тәжірибені үйрену мақсатында Еуропаның бірқатар жетекші білім беру мекемелері мен инновациялық нысандарын аралап қайтты.
Джон фон Нейманн университеті, Венгрия
Венгрияның Кечкемет қаласында орналасқан бұл қолданбалы ғылымдар университеті инновация мен заманауи технологияларды дамыту орталығы ретінде танымал. Колледж өкілдері университеттің сутекті технологиялар факультетінің жұмысымен танысып, таза энергия саласындағы озық зерттеулерге шолу жасады.
Тизакечке күн электр станциясы, Венгрия
Қонақтар Венгрияның Тизакечке елді мекеніндегі 28 гектар аумақты қамтитын және 8 МВт қуат өндіретін күн электр станциясында болды. Бұл нысан жаңартылған энергия көздерін тиімді пайдалану жөніндегі ерекше үлгі болып табылады.
“Шишка” техникалық-механикалық колледжі, Словения
Словенияның астанасы Люблянада орналасқан бұл колледж робототехника және 3D модельдеу саласындағы білім беру стандарттарын жоғары деңгейге көтерген. Алматы Электромеханика Колледжінің оқытушылары робототехника бойынша практикалық сабақтарға қатысып, заманауи зертханалардың жұмысын көріп, тәжірибе жинақтады.
Hamburgs Flakturm VI бункері, Германия
Германияның Гамбург қаласындағы бұрынғы әскери бункер бүгінде жаңартылған энергияның буферлік қоймасы және күн батареялары платформасы ретінде қолданылады. Колледж өкілдері бұл нысанның тұрақты энергия көздерін сақтау мен пайдалану саласындағы инновациялық шешімдерін зерттеді.
Осы сапардың нәтижесінде Алматы Электромеханика Колледжінің оқытушылары заманауи білім беру мен өндіріс технологиялары саласындағы жаңа идеялармен және тәжірибелермен танысып, Қазақстанға жаңа біліммен оралды. Бұл тәжірибе еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне озық технологиялар мен әдістемелерді енгізуге ықпал етеді.
Оңтүстік Кореядағы халықаралық тағылымдама табысты өтті!
Оңтүстік Кореяның Кимхе қаласында орналасқан Institute of Technology Kookje институтында өткен 3 апталық халықаралық тағылымдама табысты аяқталды.
Бұл тағылымдамаға Алматы электрмеханикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Маемгенов Сәулет пен шеберхана меңгерушісі Қайпқожаев Ғабит қатысты. Олар бағдарлама аясында кәсіби білімін жетілдіріп, сертификаттар мен марапаттарға ие болды.
Тағылымдама барысында шетелдік тәжірибе жинақталып, заманауи білім беру әдістері мен өндірістік оқытуды ұйымдастырудың жаңа қырлары меңгерілді. Бұл білімді болашақта жас ұрпақтың сапалы білім алуына және кәсіби дамуына бағыттайтынымызға сенеміз.
Біздің педагогтерімізді осы жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа белестерге бірге қадам басуға шақырамыз!
Алматы электрмеханикалық колледжінің оқытушылары Бразилияда кәсіби біліктілігін арттыруда
Алматы электрмеханикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Токтыманова Айнаш Нұрмұханбетқызы мен Жұмамұратова Айдана Арыстанқызы, өндірістік оқыту шеберлері Ысқақов Қуаныш Нұрболатұлы, Бейсен Серік Берікұлы және Нәлжігіт Бекнұр Мұратұлы кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Festo тренинг орталығында тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында оқу орталығының құрылымы мен оқу кестесі таныстырылды, сондай-ақ орталықтың қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Педагогтер кәсіптік білім беру жүйесімен, оның ішінде мехатроника мамандарын даярлау әдістемесімен терең танысу мүмкіндігіне ие болды.
Festo тренинг орталығының өкілі Гонзало Мора педагогтерді оқу орталығының барлық шеберханаларымен таныстырып, оқу үдерісінің практикалық кезеңдерін көрсетті. Сонымен қатар, WorldSkills чемпионатының ұйымдастырылуы жөнінде толық мәлімет беріліп, оның стандарттары мен талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Бұл тағылымдама оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттырып, халықаралық тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашты. Педагогтерімізге шығармашылық табыс пен кәсіби дамуда сәттілік тілейміз!
Жаңалықтар
-
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ
Қаңтар 23, 2025 -
Оңтүстік Кореядағы халықаралық тағылымдама табысты өтті!
Қаңтар 16, 2025
Колледж жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, бұл студенттерге кәсіптік-техникалық білім берудің тиісті мамандықтары бойынша тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Адрес: ҚР, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі 257
Е-mail: college_aemk@mail.ru
Телефон: +7 727 360 62 70, +7 727 376-62-70
Ұялы телефоны: +7-700-748-42-97