Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру – заманауи қоғамның басым бағыты

Принтмедиа технологиялар колледжінде 2025 жылғы 24 сәуірде өткен мерекелік іс-шара – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

2024-2025 оқу жылында аталмыш оқу орнынан 534-ке жуық түлек полиграфия және басқа да сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алып, еңбек жолын бастауға дайын. Бұл — кәсіби білім беру жүйесінің нақты нәтижесі мен сапасының айғағы.

Кәсіби тәжірибеден өткен студенттерге жұмыс берушілер тарапынан «Алтын сертификат» табысталуы — олардың еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл сертификат — тек құрмет қана емес, болашаққа деген сенімнің нышаны. Мұндай жүйе жастардың теорияны тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірістік ортада біліктілік алуына мүмкіндік береді.

50 үздік түлек – мансап жолында нық қадам

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл іс-шарада колледжіміздің 50 шақты үздік түлегі «Алтын сертификатпен» табысталып, тұрақты жұмысқа орналасты. Олар өздерінің кәсіби жетістіктерімен колледж абыройын көтеріп, оны мансап жолына шығарды.

Полиграфия саласы – нарықтың қажетті бағыты

Бүгінде полиграфия саласы – нарықта жоғары сұранысқа ие, қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Баспа өнімдеріне, қаптамаларға, жарнамалық материалдарға және сан алуан полиграфиялық қызметтерге деген қажеттілік артып келеді. Сондықтан бұл салада білім алған білікті мамандар – еңбек нарығы үшін аса құнды.

Іс-шара барысында үздік түлектерді марапаттауға біздің сенімді серіктес жұмыс берушілеріміз де белсенді атсалысты. Атап айтқанда:

– Хусаинова Сауле Камиевна – ЖШС РПБК «Дәуір» баспаханасының өндірістік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,

– Маулунбердов Нурлан – ТОО «Баспагер» компаниясының сату жөніндегі директоры,

– Илахунов Абдушкер Сабирович – ТОО «Easy Pack PRO» компаниясының директоры,

– Балгабаев Даулет Алимбаевич – ТОО «Smart university press» баспасының директоры,

– И. Т. Бегалиев – ТОО «Полиграфкомбинат» директоры,

жас түлектерге салтанатты түрде «Алтын сертификат» табыстап, олардың еңбек жолындағы алғашқы жетістігін атап өтті.

«Алтын сертификат» иегерлері – тек өздерінің жеке жетістігін ғана емес, бүкіл кәсіби білім беру жүйесінің сапалы нәтижесін көрсетті. Бұл марапат – жастардың жігерін жанып, мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың нақты көрінісі. Полиграфия секілді еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша кәсіби мамандар даярлау – ел экономикасының тұрақты дамуына қосылатын маңызды үлес. Бұл сертификат – оқу жетістіктерінен кәсіби білім, білік пен ұмтылысты нақты іске асыру кезеңіне өту нүктесін білдіреді. Ол түлектің таңдаған мамандығына деген адалдығы мен дайын екенін айқындайтын символға айналды. Алтын сертификат – түлектердің табандылығы мен еңбекқорлығына көрсетілген шынайы алғыс белгісі, әрі олардың кәсіби жолдағы алғашқы маңызды қадамын білдіретін мәртебелі марапат. Сертификат иегерлері енді кәсіби мамандар қатарында. Болашақтары – жетістікке, өсімге және өзара құрметке толы боларына сенім мол. Бұл қадам – үлкен жетістіктердің алғашқысы болғай!

Бразилияда өткен тағылымдама: Industry 4.0 болашағы

Жаһандану дәуірінде кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру – кез келген маманның басты міндеттерінің бірі. Заман көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз ізденіс пен өзін-өзі дамыту аса маңызды. Осы мақсатта, Алматы қаласының білім беру жүйесін дамытуға арналған 2023–2030 жылдарға арналған өңірлік жол картасы аясында Бразилия мемлекетінде халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым.

Бұл тағылымдама барысында Industry 4.0 технологияларымен терең танысып, заманауи өндірістегі соңғы жаңалықтарды зерттеуге жол ашылды. Бразилияның жетекші техникалық оқу орындары мен алдыңғы қатарлы өндіріс ошақтарында болып, автоматтандырылған жүйелер мен сандық модельдеу үдерістерімен таныстым.

Атап айтқанда, Festo компаниясының өндірістік кешендеріндегі ақылды өндіріс технологиялары, сенсорлық басқару жүйелері және цифрлық модельдеу шешімдері ерекше әсер қалдырды. Industry 4.0 дағдыларына арналған Festo байқауы – автоматтандыру мен инновациялық шешімдер бағытында жұмыс істейтін мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Байқау барысында қатысушыларға өндірістік робототехника, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы нақты тапсырмалар берілді. Осы арқылы заманауи өндіріс талаптары мен кәсіби шеберліктің халықаралық стандарттарын терең түсіндім.

Тағылымдама нәтижесінде жинақтаған білімім мен тәжірибемді Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу – басты мақсатым. Industry 4.0 қағидаттарын оқу процесіне енгізу, сондай-ақ өндірістік оқытуда заманауи технологияларды пайдалану – студенттердің халықаралық талаптарға сай маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өндірістік мекемелермен тығыз байланыс орнату арқылы дуальді оқыту жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.

Тағылымдама нәтижесінде айқындалған бағыттар:

  1. Оқу бағдарламаларын жаңарту
    Industry 4.0 технологияларын қамтитын арнайы оқу модульдерін әзірлеу қажет (автоматтандыру, цифрлық өндіріс, жасанды интеллект негіздері).
  2. Практикалық оқыту әдістерін дамыту
    Студенттерге арналған практикалық сабақтарда ақылды сенсорлар мен өндірістік роботтарды қолдануды үйрету – басты талап.
  3. Өндіріс орындарымен әріптестік орнату
    Дуальді оқыту аясында кәсіпорындармен байланыс орнатып, студенттердің өндірістік ортада тәжірибе жинауына жол ашу.

Бұл бағыттар техникалық мамандықтар бойынша білім беруді қазіргі заман талабына сай етіп, түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қорытындылай келе, Бразилиядағы тағылымдама мен үшін үлкен тәжірибе болды. Алдағы уақытта алған білімімді техникалық мамандар даярлау ісінде барынша қолдануға ниеттімін. Өйткені еліміздің білім беру жүйесі әлемдік стандарттарға сай болу үшін осындай халықаралық тәжірибелер аса маңызды.

БОЛАШАҚТЫҢ ЗАМАНАУИ ЖӘНЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРЫ

22 сәуір 2025 жылы JasSkills Almaty 2025 «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Алматы қаласының 9 сынып оқушыларына арналған кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. 

Іс-шараны «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы қаласы Білім басқармасы мен Принтмедиа технологиялар колледжі ұйымдастырды.

Алматы қаласының орта білім беру оқушылары арасындағы қалалық чемпионат Алатау және Наурызбай аудандары оқушыларының инновациялық шығармашылық орталықтарының базасында өтті. Іс-шара мектеп оқушыларын, сарапшыларды және білім беру мекемелерінің басшыларын бір алаңға біріктірді.

– Біз жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға және оқушылардың ерте кәсіптік бағдарын дамытуға ұмтыламыз. Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен біздің колледж жұмысшы мамандықтарының қалалық чемпионатын өткізді. Байқау үшін сұранысқа ие «Графикалық дизайн» мамандығы таңдалды. JasSkills чемпионатының негізгі міндеті оқушыларды кәсіптер әлеміне тартуды ынталандыру, саналы түрде таңдауға және колледждерде оқуға қызығушылықты оятуға ықпал ету болып табылады. Айта кету керек, JasSkills WorldSkills Kazakhstan стандарттары бойынша өтті.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және таңдаған мамандықтары бойынша гранттық негізде колледждерге түсу үшін сертификаттармен марапатталды.

«Графикалық дизайн» құзыреті бойынша № 179 ЖББМ 9-сынып оқушысы Жеңісбек Данияр Сәкенұлы 1-орынды иеленді. Байқаудағы жеңіс олардың өзін-өзі бағалауын арттырып қана қоймай, одан әрі дамытуға да шабыт берді.

  • Графикаға маманданған дизайнерлер логотиптер мен қаптама дизайнынан бастап жарнама баннерлеріне және клиент өз аудиториясына жеткізгісі келетін ниетін білдіретін басқа да құралдарға дейін визуалды шешімдерді жобалауға және дайындауға жауап береді. Қазіргі уақытта графикалық дизайнер мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады, бірақ үрдістер өзгеруде және жаңа редакторлар мен техникалық тәсілдерді меңгеру қажет.

Сонымен қатар, 1,2 мыңнан астам адам кәсіби бағдарлау іс-шарасына қатысты. «Менің болашақ мамандығым» байқауына қатысушылар үшін үздік өндіріс мамандарынан шеберлік сыныптары, чемпионат алаңдарына экскурсиялар ұйымдастырылды, сондай-ақ колледждің білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат ұсынылды. Бұл учаскелерге нақты жұмыс жағдайлары мен заманауи мамандарға қойылатын талаптар туралы түсінік алуға көмектесті. JasSkills чемпионаты Алматы жастарын кәсіби бағдарлау саласындағы жарқын оқиға болды. Ол мектеп оқушыларының жоғары дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын да көрсетті.

Кәсіби маман даярлауда – тәжірибенің маңызы зор

Биылғы 2025 жылды ел президенті Қ.Ж.Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы біздің саламызды одан әрі жандандырып, болашақ автокөлік шеберлерін дайындау қызметімізге тың серпін беруде. Жалпы, жұмысшы мамандықтарына сұраныс өте жоғары болғанымен, кейде осы саланың мамандары елеусіз қалатыны да жасырын емес. Президентіміз қолдап тұрғанда, кәсіби білімнің көкжиегін кеңейтіп, жұмысшы мамандығын таңдаған жастарымызды бәсекеге қабілетті, ел игілігіне қызмет етер нағыз маман етіп шығару біздің құзырымызда.

Каидзен жүйесінің Канван әдісін колледжде қолданудың тиімділігі

Каидзен жүйесі – Жапонияда кеңінен танылған, үнемі жетілдіру мен тиімділікті арттыруға бағытталған басқару философиясы. Оның ішінде Канбан әдісі -өндірістегі жұмыс процестерін оңтайландыруға, уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін құрал. Бұл әдіс өндірістік кәсіпорындарда, IT саласында және білім беру жүйесінде кеңінен қолданылады. 

 

Мен 2023 жылы Бразилия елінде тәжірибелік тағылымдамадан өтіп, әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарында қолданылатын Каидзен жүйесінің Канбан әдісін тереңірек меңгеріп қайттым. Тағылымдама барысында жергілікті зауыттарда, кәсіпорындарда осы әдістің қалай жүзеге асырылатынын өз көзіммен көріп, тәжірибеден өттім.

 

Іс сапардан келгеннен кейін, колледж басшылығымен бірлесіп, Канбан әдісін оқу процесіне бейімдеудің жолдарын қарастырдық. Нәтижесінде, студенттер өндірістік тапсырмаларды орындау барысында визуалды басқару жүйесін қолданып, жұмыс процестерін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Бұл тәсіл білім алушыларға тапсырмаларды жүйелеп орындауға, уақытты тиімді пайдалануға және командалық жұмысты жақсартуға көмектеседі. 

 

Біздің Алматы электромеханика колледжінде Каидзен жүйесі әдістері бұрыннан да ішнара қолданылып келеді. Бұл жүйенің колледжде негізін қалауға алғаш ұсыныс білдіріп, бастама көтерген «ТОО Janser HR academy» директоры, Executive MBA, PhD докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген энергетигі Қожабаев Хайрулла Байділдәұлы болатын. Ол Каидзен жүйесі тақырыбында біздің колледжде арнайы семинар өткізіп, оқытушылар мен студенттерге үздік тәжірибелерді таныстырды. Колледж басшылығы мен Қожабаев Хайрулла Байділдәұлының қолдауымен оқытушылар арасында да Каидзен жүйесінің негізгі қағидаттарын насихаттау жалғасуда.

 

Жалпы, канбан әдісі- жобаларды басқару және өндірістік процестерді оңтайландыруға арналған жүйе. Бұл әдіс жұмыс ағынын реттеп, өнімділікті арттыруға тиімді көмектеседі. Канбан жүйесінің төрт негізгі қағидасы бар, оларды қолдану арқылы жұмыс процесін тиімді ұйымдастыруға болатынына көзім жетті.

 

Канбан жүйесінің төрт қағидасына тоқталар болсам, олар:

1.Тақтада тапсырмаларды көрсету;

2. Орындалудағы жұмысты шектеу;

3. Тапсырмалардың тұрақты қозғалуын қамтамасыз ету;

4. Жұмыс процесінің ережелерін анықтау.

 

Дәл қазіргі таңда, осы әдіспен шеберхана жұмыстарын жүйеге келтіріп,  оқу үдерісіне енгізу арқылы студенттердің тәжірибелік білімін жетілдіріп, өндірістік дағдыларын дамытуға ат салысудамын. Болашақта бұл әдістің оқу процесіне толықтай енгізіліп, колледж білім алушыларының еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін. Бұл жаңашылдықты Алматы электромеханика колледжінде ғана қолданып қоймай, қала деңгейінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына да таратып, өз тәжірибемізбен бөлістік. Осы жүйені тиімді жүргізу нәтижесінде алдағы уақытта өз саламызда үлкен жетістіктерге жететініміз  айқын.

 

                                               Бейсен Серік Берікұлы

Алматы электромеханика колледжінің

өндірістік оқыту шебері

Тұрғын үйдi cумен жабдықтaуға арнaлған aвтoматты басқару жүйесi

Тұрғын үйдi cyмен жaбдықтауғa арнaлған автoматты бacқару жүйеci өзектiлiгi

Тұрғын үйдi cyмен жабдықтаy жүйесі тұрғындардың өмір сүрy сапасы мeн жaйлылығы үшiн маңызды элемент болады . Coңғы бірнеше  жылдары су жүйелерін басқаруда автoматтандыру технологияларының енгізілуі қажеттілікке жаратып отырмыз. Бұл жүйелер су ресурстарының тиімді пaйдаланылуын қамтамасыз ете отырып, энергия үнемдеуге, cyдың caпaсы арттыруға көп мүмкіндік беріп отыр. Тұрғын үй кeшенiнiң (ТYК) cyмен жабдықтау жүйесi бoйынша қездесетін мәселелерді ескеріп және тәжірибеге cүйенсек, сумен жабдықтау жүйесіне әсер ететін негізгі жағымсыз факторлар төмендегідей қарап шығуға болады: – кәсіпорындарда cумен жабдықтау және суды бұру процестерін жүзеге aсыру үшін пайдаланады, eскірген жaбдықтарды; – тұрғын үй кешеніне aуыз су беруге арналған су құбыры желілерінің ескіруі; – су aрнасындағы ескірген су тaзарту құрылғылары;

– экологияның нaшарлауы себебінен  сy каналына құйылaтын cyыдың ластануы судың буға айналғанда экологияға тигізетін кері әсері көп;

 – су ресурстaрының тапшылығы; – тұрғын үй кешенін сумен жабдықтау жүйелерін тұрақты талдау және бақылаудың болмауы;

 – тарифтік саясaттың жетілмегендігі;

– Тұрғын үй кешенінде пайдаланылатын су бойынша шығындартың көбейуі.Су – шектеулі және бағалы ресурс, оның тапшылығы әртүрлі аймақтарда өзекті мәселеге айналғанын жылдан-жылға артып келеді. Автомaттандырылған cy мен жабдықтау жүйесі су ресурстарын тиiмді пайдaлануға ықпал етеді. Бұл жүйелер су көлемін нaқты бақылап, қажетсіз шығындарды азайады. Сипатталған жағымсыз факторларды жеңу үшін заманауи электронды құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарын қолдану қажет, бұл үшін жaбдықтың жаңалаудан басқа өлшеу aспаптарына салыстырмалы талдау жүргізу қажет. “Қалалық сумен жабдықтауды автоматтaндыру- дaтчик белгілі бір параметрді ғана өлшейді, мысaлы судың шығыны мeн су деңгейін өлшеуі, цифрлы өлшеу құрaлдарымен тексеру қарacтырылған. Oрталықтандырылған cyмeн жабдықтаy жүйесі aрқылы диспетчерлiк пyнкiттен тұрғын yй кешеніндегі cy жүйеciн бақылайды, coнымен бiрге cy kaналына жинaлған cy мөлшерiн, яғни cyдың деңгейін дaтчиктердің көмегiмен қадағaлап қаншалықты пайда зиянды екнін анықтайды, coнымен бiрге cyдың қысымын aрнайы цифрлы өлшеу құрылғылaрының көмегімен көрсетіліп coнымен бірге cy каналында орныласқaн резервуардағы cyды сүзгінің көмегімен тазартып cyдың деңгейін қаншалықты таза екенін бақылауға болады. Көбінесе cyды хлoрлау aрқылы тазартылады. Төмендегі cyретте көп қабатты тұрғын үйдiң ыстық және cyық cy желiсіне тaлдау жаcaлған.

1 сурет – «Ақкент» тұрғын үй кешенін cyмен жабдықтаудың тұйық желiсі

 

Мұндағы:

  1. a)      ғимарaтқа кіру  – iшкі су құбырын сыртқы су құбыры желiciне қосуға арналған орын; 
  2. b)су өлшеу жабдығы – тұтынушының су шығынын есепке алуға арнaлған жабдық; 
  3. c)магистральдық желi –   су құбырлары бойынша төменгi желі және жоғaрғы көрсетілгін  желілі арқылы суды coрып жіберуге арналғaн ;
  4. d)суды магистральдық құбырдан қабаттарға тарату үшін қолданылатын су желісі; 
  5. e)тарату желісі – пәтердің iшіндегі суды  тарату құбырына беру үшін пайдaланылатын су желісі; 
  6. f)су тарату құбырындағы ажыратқыштар, дәретхана, су тарату,cyaру, өрт сөндiруге арналған су желісіндегі ажырaтқыштар; 
  7. g)негiзгі құбыр -суды тұтынушылaрға бacқаруға және таратуға арналған су желісі. Ортaлықтандырылған сумен жабдықтау жүйесiкелесi элементтер арқлы көрсетілген:

1)   Суды тұтыну-бұл жер асты көзінен немесе ашық су қоймасынан суды тұтынуға пайдаланатын белгілі бір техникалық құрылғыларды.Суды тазарту құрылғылар мен сүзгілерді айтуға болады, онда бірнеше құрылғылардан, жабдықтардан тұрады,  су тазарту сүзгісінен өтеді және сүзгі ескірген жағдайда өзгертіледі.

2)       Pезервуарда тазартылған су сақталады.

3)    Cyқұбыры сорғысы резервуардан келген суды тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге судың қысымымен автоматты түрде  сорып жеткізеді.

4)       Cy құбыры желілеріндегі есептеуіштер орнатылған.

Осылайша, орталықтандырылған сумен жабдықтау өте күрделі жүйе болып табылады және үнемі назар аударуды қажет етеді.

Cy деңгейіне арналған датчикпен cy температурасына  су қысымына aрналған датчикті қолдана отырып, су құбыры желiсіндегі ультрaдыбыстық түрлендiргіш бақылауда қолданылады, coнымeн бiргe cyмен жабдықтау жүйесiне қосылуды жүзеге асыру кезіндегі  iс-қимылдар реттiлігінің нәтижесі бoйынша сызылған құрылымдық сұлбa 2-суретте көрсетілген.

Тұрғын үй кешеніндегі cyық cyмен ыстық cy жүйесін қашықтықтан aвтaматты түрде басқаруда, бағдарламалық логикалық бақылушы қолданылып (SIMATIC S7 1500), қалалық су кaналының су шығынын aқылды есептеу жүйесін құру үшін, cyды тұтыну кезіндегі шығындарды азайту үшін де, контроллердің көмегімен біз сумен жaбдықтау (ыстық және cyық cyмен жабдықтау)  жүйесi үшін келесі құрылымдық сұлбада жaсаймыз, cy жүйесіне талдау жүргіземіз Дaтчиктер арқылы су жүйесіндегі cyдың температурасы, қысымы және шығынын aнықтаймыз. 

 

 

 2 сурет – Cyмен жабдықтау жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Тұрғын үй кешеніндегі cyық cy мен ыстық cy жүйесіндегі қaбат бойынша су жүйесінің caлыстырмалы моделіне төмендегiдей тaлдау жaсадық. Бұл жағдайда нақты ауытқу модулінен интегралды азайтуды, сондай – ақ осы модульдің квадратынан интегралды балама ретінде пайдалануын ұсынылады, ең күрделі жағдай олардың параметрлерін  айтарлықтай ерекшеленеді, әсіресе ki берілу коэффициенттері тең болған кезде  1-өрнекте екінші буынды бірінші буынға жуық деп болжасақ жуықтау дәлірек болуы мүмкін. Бұл гипотезаны VisSim бағдарламасында модельдеу әдісімен тексеріледі.

1 кесте – Сумен жабдықтау жүйесінің электрондық үлгісін калибрлеу кезіндегі нәтиже

Резервуардағы су

Суды жеткізу

жүйесі -30

Суды жеткізу

жүйесі   –

18

Суды жеткізу жүйесі -30

Суды жеткізу жүйесі -20

1-қабаттағы cy қысымы

18

45

45,783

44,181

43,423

2-қабаттағы cy қысымы

12,47

40,43

42,8

38,5

32,1

3-қабаттағы cy қысымы

0,176

0,016

0,76

0,93

0,543

4-қабаттағы cy

жылдамдық

(м/с)

1,798

1,0432

1,342

1.1025

1.1043

5-қабаттағы су шығыны

173

50,543

42,053

34,0632

26,0643

1 кесте бойынша жалпы сипаттамалары: 

1)                 Тұрғын үй кешенiндегі cy жүйесін автомaттандыру.

2)                 Кeз кeлген аумақта жүйенi жылдам дaмыту.

3)                 Cyды жеткізу жүйесi үшін бір пайдаланушының да, сервердің де нұсқасын орнaту және конфигурациялау.

4)                 Бағдарламaлық логикалық бaқылаушы (SIMATIC S7 1500), деректерді жинay және жiберу құрылғысын (ДЖЖҚ), есептеу тiзімін Plug & Play технологиясында оңай қoсу.

5)                 Деректердің үлкен көлемімен жоғары жылдамдықта жұмыс жаcay.

Cy жүйесіне автоматты реттеу үшін арнайы талдау және синтездеу әдістерін қолдану үшін Matlab бағдарламасы қолданылып  5-ші және 6-шы суреттегі графикны тұрғызылды, динамикалық бағдарламалау, деректердің ықтималдық және статистикалық талдау әдісі қолданылып, интерполяция әдісі арқылы график тұрғызылды.

 

5       сурет –датчигі  cy резервуардағы cy деңгейі бойынша берілген сигнал.

 

 

 

6       cyрет – Деңгей датчигі арқылы  ТҮК су деңгейі бойынша берілген сиганал

 Жоғарыда көрсетілген графиктер арқылы тұрғын үй кешеніндегі су желісіндегі деңгейін датчигі арқылы  тұрғын үй кешеніндегі су деңгейін  берілген сиганал арқылы реттейміз, ал су деңгейі бойынша амплитудалы жиілік сипаттамаға тұжырым жасаймыз, тұрғын үй кешеніндегі су қысымының салыстрмалы талдау жасадық.

 

Қoрытынды.

 

Тұрғын үй кешенінің cyмен жабдықтау жүйесіне талдау жүргiзілді, Автомaтикадағы цифрлық электрoндық құрылғылары, бaқылау-өлшеу acпаптары мен өлшеу acпаптары пайдаланылды, яғни бағдaрламалық-лoгикалық контроллер (SIMATIC  S 7-1500), cy деңгейiнің датчигi, cy қысымының датчигi, cy температурасының датчиктерi, ағын жылдамдығы пайдaланылды. Vis sim және MATLAB ортасында cy деңгейі мен cy қысымы дaтчиктерін қолдана oтырып, oтпелі үдерістің графигі мен aмплитудалы жиiлік сипаттамaға талдау жасалынған. дaтчиктер арқылы берiлетін сигнaлдың айнымaлы жиіліктері caлыстырылды. талдау нәтижесі бoйынша cyдың қысымына арнaлған датчиктің нәтижесі нақты, замaнауй цифрлы электрaнды құрылғылар қoлданылғaн. 

 

Хунанбай А, арнайы  пән оқытушысы:

«Алматы электромеханикалық колледжі» КМҚК

Жұмысшы мамандықтар болашақтың іргетасы

Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізі. Қазақстанның дамуы мен өркендеуі тікелей кәсіби мамандарға байланысты. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – бұл еңбек адамдарына, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көрсетілген зор қолдау. Қазіргі заманда білікті жұмысшы – сұранысқа ие, тұрақты табысы бар және елдің дамуына тікелей үлес қосатын маман. Колледждер – болашақ мамандар ұстаханасы деуге болады, себебі дәл осы жұмысшы кадрларды дайындайтын білім беру орталықтары.

Мен Жұмамұратова Айдана жұмысшы мамандықтарды даярлайтын Алматы электрмеханика колледжінде арнайы пән оқытушысы ретінде, болашақ мамандарды тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келемін. Колледжімізде жыл сайын 300-ден астам білім алушылар қоғамға қажетті біліктілікті меңгеріп шығуда, олар техник-электрик мен электр монтаждаушы мамандар. Колледждер тек білім беретін орын ғана емес, студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, заманауи технологияларды игеруіне мүмкіндік жасайтын орта.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес 2023 жылы колледж тарапынан Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Festo оқу орталығында кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында халықаралық тағылымдамадан өттім. Бұл сапар барысында заманауи әдістемелерді меңгеріп, оқу процесінің құрылымы мен халықаралық деңгейдегі дайындық жүйесімен таныстым. Орталықтың жетекшісі Гонсало Мора бізге WorldSkills чемпионатының ұйымдастырылуы туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқу шеберханаларын көрсетті.

Қазақстанға оралған соң, алған білімімді әріптестеріммен бөлісіп, эксперименталды топ ретінде ЭМ-315 алдым. Білім алушыларға жаңа технологиялар мен әдістерді үйретіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруге атсалыстым. Білім алушылардың ынтасын арттыру мақсатында түрлі жарыстар мен байқаулар ұйымдастырып, олардың бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына үлес қостым. Осы еңбектің нәтижесінде, 2025 жылы Германияға тәжірибе алмасуға аттанған 20 білім алушының 12-сі менің эксперименталды тобымнан болды. Бұл – ортақ еңбегіміздің жемісі. Қазіргі уақытта шәкірттеріммен үнемі байланыстамын, Zoom арқылы кездесіп, тәжірибелерімен бөлісеміз. Олардың көздеріндегі жалын мен жаңа технологияларды үйренуге деген құштарлығы мен үшін ең үлкен шабыт.

Бұл жетістік 2025 жыл – Жұмысшы мамандық жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Өндірістік тәжірибені халықаралық деңгейде шыңдау – еліміздің білікті жұмысшы кадрларын даярлаудағы басты басымдықтарының бірі. Осындай мүмкіндікке жол ашқан колледж басшылығына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Мен өз шәкірттерімнің білікті маман, өз ісінің шебері, сұранысқа ие кәсіп иесі болып қалыптасуына бар күшімді саламын.

Біз бүгін білім мен тәжірибе арқылы болашақтың іргетасын қалаудамыз!

Жұмамұратова А., педагог-сарапшы, арнайы пәндер оқытушысы

Алматы электромеханика колледжінде күн энергетикасын дамыту жобасы іске қосылды

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл шешім техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай келетін адал еңбек арқылы жетістікке жеткен адамдарға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осы бастама аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандар даярлауды жақсарту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеру және еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін күшейту бағытында нақты шаралар қолға алынбақ.

Оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің жарқын мысалдарының бірі – Алматы электромеханикалық колледжінің күн энергиясын дамытуға бағытталған жобасы. Халықаралық тағылымдама аясында колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Венгрия, Словения, Австрия, Германия сияқты Еуропа елдерінде «Электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру» бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Тағылымдаманың маңызды жобаларының бірі Венгриядағы 28 га жерді алып жатқан және 8 МВт энергия өндіретін күн электр станциясы болды.

Күн энергиясы жаһандық энергетикалық мәселелерді шешудің ең экологиялық таза және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің күн шуақты климатының арқасында бұл саланы дамытудың болашағы зор. Жаһандық энергетикалық дағдарыстың сын-қатерлеріне жауап ретінде Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Еуропалық тәжірибеден үлгі алған Алматы электромеханика колледжінің басшылығы қазақстандық «Green Dem» компаниясымен оқу орнының аумағына күн панельдерін орнатуға келісім-шартқа отырды. «Green Dem» компаниясы – 0,55 кВт автономды, MUST 3KW 24V 230V Pro MPPT гибридті инверторы және  1,1 кВт автономды күн электр станциясы сынды 3 түрлі күн панельдерін ұсынады. Алматы электромеханика колледжіне 0,55 кВт автономды күн панелі қойылып, желіге тікелей қосылған. Алдағы уақытта бұндай күн панелін колледждің шеберхана аумағына қою жоспарланды. Шеберхана аумағы 2380 шаршы метрді құрайды. Бұл электр энергия шығынын 50% дейін үнемдейді. Негізгі электр желісінен тәуелсіз жұмыс істейтін, бұл панельдер энергия жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі. Колледжде күн панельдерін  орнату қаржылық шығындарды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар мекеменің экологиялық жауапкершілігін арттырады.

Күн панельдерін  орнату жобасы тек техникалық жоба ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру бастамасы болып табылады. Колледж студенттеріне болашақ мамандықтар дайындауға көмектесетін жаңартылатын энергияның теориясы мен тәжірибесін үйренудің бірегей мүмкіндігі бар. Бұл үдерісте білім сапасын арттырып, білім алушылардың инновациялық технологияларға деген қызығушылығын арттыратын аарнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің бірлескен іс-әрекеті ерекше рөл атқарады.

Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикасы» жолындағы маңызды қадам болып табылады және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, сонымен бірге жұмысшы мамандықтары мәртебесін және олардың қоғамдағы маңыздылығын арттыруға ықпал етеді.

Алматы электромеханика колледжінің арнайы 

пәндер оқытушысы Дәуіт Шынар Болатбекқызы 

2025 жылдың 14-наурызында АҚжТК колледжі базасында Кәсіподақ ұйымы колледждермен бірігіп ұйымдастырған қалалық форумда Алматы электромеханика колледжі” «Жұмысшы мамандықтары: қоғам тірегі»
атты көрмеге қатысып қайтты. Көрмеге Алматы қаласындағы 20 мемлекеттік колледждің кәсіптік бағдар беруші жауапты мамандары және қала мектептері мен гимназиялардың кәсіби бағдар беруші мамандары қатысты
🔹Көрменің мақсаты:
Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, олардың ел экономикасына қосатын үлесін насихаттау.

🤝 Жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыруға үлес қоса отырып, жоғары деңгейдегі іс-шараны ұйымдастырған Кәсіподақ ұйымына және ұйымдастырушы колледждерге алғыс білдіреміз!

#жұмысшымамандықтаржылы
@godrp.tipo
@tipo_colleges_almaty
@talap.edu.kz

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

✔️Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.

Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы

Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне біздің колледждің өкілдері барып, іс-шараның қалай өткенін өз көздерімен көріп қайтты. Фестивальге колледж басшысы Бозымбаев Болатжан, аға шебер Жабықбай Әділжан, өндірістік оқыту шебері Сатылған Жания, сондай-ақ үшінші курс студенттері барды.

Шара барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын айқын сезініп, бұл саладағы жаңашылдықтармен танысты. Кәсіптік білім берудің даму бағытын көріп, өндірістегі заманауи технологиялардың қарқынды енгізіліп жатқанын байқады.

Фестиваль студенттерге жұмысшы мамандықтарының болашағы зор екенін көрсетіп, оларды кәсіби дамуға ынталандырды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы тәжірибелік сабақ

Бүгінгі күні шеберхана меңгерушісі Игембаев Нұрбол және өндірістік оқыту шебері Рахимова Динараның ұйымдастыруымен тәжірибелік сабақ өтті.

Сабақтың негізгі тақырыбы – күн панельдерін орнату және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Сонымен қатар, білім алушыларға жаңартылатын энергия көздерінің қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналғаны жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

🔹 Күн панельдерінің артықшылықтары:
• Қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза.
• Энергияны тегін алуға мүмкіндік береді.
• Ұзақ мерзімді және үнемді шешім.

🔹 Кемшіліктері:
• Бастапқы орнату шығындары жоғары болуы мүмкін.
• Ауа райына тәуелділігі.

Білім алушылар сабақ барысында күн панельдерін орнату бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, жаңартылатын энергияның болашағы мен маңыздылығын түсінді.

🌍 Жаңартылатын энергия – келешек кепілі!
Осындай өзекті тақырыптар арқылы білім алушылар заманауи технологиялармен танысып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға бір қадам жақындай түсуде.
@talap.edu.kz @god.tipo

Жұмысшы мамандықтар жылына’’ орай 2025-жылдың 30- қаңтарында 64- Жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының Оқушылар сарайында ,,Zhas mamas 2025’’ атты жыл сайынғы мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Іс шараның мақсаты 9-сынып түлектеріне орта-кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға түсу мүмкіндіктерін түсіндіру, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің танымалдылығын арттыру. ‘’ Мамандықтар жәрмеңкесіне’’ Алматы қаласының мектептерінің 9-сынып түлектері мен ата аналары шақырылды. Іс шараға Алматы қаласының барлық кәсіптік білім беру колледждері атсалысты. Алматы электромеханика колледждінің кәсіптік бағдар беруші мамандары оқушылар мен ата аталарға колледжімізде оқытылып жатқан сұранысқа ие заманауи жұмысшы мамандықтар бойынша толық ақпарат беріп қайтты.
@talap.edu.kz @god.tipo

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ‘’ 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы,, 744-жарлығына орай, ,,ProfiTIME’’ тақырыбында ашық есік күні болды. Іс шараға Алматы электромеханика колледжінің кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты мамандары қатысып, 9- сынып түлектеріне қазіргі таңдағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды таныстырып, ақпарат беріп қайтты.
@talap.edu.kz @god.tipo

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Astana motors manufacturing Kazakhstan @ammk_kz компаниясының өкілдері білім алушылармен кездесу өткізіп, ашық есік күні аясында өз компаниялары туралы таныстырды. Олар түлектерге қандай жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ұсына алатындығын айтып, болашақ қызметкерлердің әлеуетін дамыту жолдарын талқылады. Бұл іс-шара түлектер үшін пайдалы тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты!

Еңбек шеберлерінің жаңа буынына жол ашу!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Алматы электромеханика колледжінде ерекше іс-шара өтті.

Автомобильдерге қызмет көрсету мамандығы бойынша оқу өндірістік шеберлері мен шеберхана меңгерушілері үшін E-CAR Service @universal_ecar гаражының жетекшісі Ермек Асперов арнайы мастер-класс өткізді.

Мастер-класс барысында Ермек Асперов өз тәжірибесімен бөлісіп, автосервис саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер туралы құнды ақпарат берді. Бұл болашақ мамандар мен оқытушылар үшін нағыз шабыттандырарлық кездесу болды!

Қазақ жастарының біліктілігін арттыруға арналған осындай іс-шаралар еліміздің жарқын болашағына негіз қалайды!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастама аясында Алматы электромеханика колледжі білікті мамандарды даярлауда халықаралық деңгейдегі жобаларға белсенді қатысуда.

2023-2024 оқу жылынан бастап колледж Германияның Janser Consult GmbH компаниясымен ынтымақтастық орнатты. Бұл серіктестік нәтижесінде 4-курс студенттері Германияның жетекші компанияларында тағылымдамадан өтіп, 1500-2000 еуро көлемінде стипендия алу мүмкіндігіне ие болды.

2025 жылдың 16 қаңтарында колледждің 20 студенті тәжірибеден өту үшін Германияға аттанды. Олар Actemium miprotek GmbH, SITEX GmbH, Hans Kupfer GmbH және басқа да алдыңғы қатарлы компанияларда кәсіби шеберлігін жетілдіреді.

Колледждің басты мақсаты – заманауи технологияларды игеру, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру және шетелдік тәжірибені еліміздің игілігіне қолдану.

2025 жыл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы электромеханика колледжінің студенттері Германияның жетекші компанияларында өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді ✈️ 🇩🇪

Колледж 2023-2024 оқу жылында «Actemium miprotek GmbH», «AMP Leuna GmbH», «Hans Kupfer & Sohn GmbH» сияқты ірі неміс компанияларымен ынтымақтастық орнатып, халықаралық стандарттарға сай білікті мамандарды даярлауда.

Бұл жоба «Janser HR academy» директоры Хайрулла Қожабаевтың бастамасымен жүзеге асырылып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына және еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, бұл бастама еліміздің дамуына тың серпін беруді көздейді. Алматы электрмеханика колледжінің директоры Болатжан Бозымбаевтың айтуынша, бұл жыл – еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, өз ісінің нағыз шеберлерін даярлау үшін үлкен мүмкіндік. «Біздің басты мақсатымыз – ел экономикасының өсуіне өз үлесін қосатын жоғары білікті жұмысшы мамандарды даярлау. Бұл тек колледжіміздің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті», – деп атап өтті ол AQSHAM NEWS.KZ сайтына берген сұхбатында.

Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлықжәне біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан, мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр.
Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар.
Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады.
Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!