Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы
Алматы электромеханикалық колледжінің директоры

Өмірбаян

Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы 26 мамыр 1960 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. Отбасылы, үш баланың әкесі.  1986 жылы Алматы кинотехникумын «Кино жабдықтары және оны пайдалану» мамандығы бойынша және 1995 жылы Алматы энергетикалық институтын «Радиобайланыс, радиохабар және теледидар»мамандығы бойынша бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы кинотехникумында 1986 жылдың қыркүйек айынан лаборант болып бастап, 1996 жылдың қараша айына дейін кинобейнеаппаратураны жөндеу шебері, арнайы пән оқытушысы, бөлімше меңгерушісі қызметтерін атқарды. Одан әрі 1996 ж. желтоқсан айынан 1998 ж. қыркүйек айына дейін Алматы политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1998-2003 жылдары Алматы көлік және коммуникация колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 ж. Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.  2006 -2007 жж. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директордың жаңа ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары. 2007 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ОӘБ төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2013 ж.ж. Алматы сән және дизайн колледжінің директоры болып тағайындалды. 2013-2016 жж.»Өрлеу» БАҰО » АҚ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы болып ауысты. 2016 жылдың қыркүйегінен Алматы электромеханикалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

2013 жылы Финляндия Республикасындағы халықаралық менеджерлердің біліктілігін көтеру үшін КМУ НАО «Холдинг «Кәсіпқор» озық тәжірибені үйрену және арнайы мектеп басқару тәжірибесінде оны қолдану жолдарын табу курсына барды.

2015 жылы Халықаралық менеджерлердің біліктілігін көтеру курсы. Австрия, Вена қаласына «Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін көтеру «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалының арнайы пән оқытушылары мен ө/о шеберлерін қысқа мерзімді курстарда оқытуды жүзеге асыратын ӨК» курсына барды.

Жұмыс кезінде өзін сауатты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, колледжде оқу – тәрбие үдерісін басқару және еңбек мәселелерін жақсы меңгерген басшы ретінде көрсетті. Болатжан Даулетұлы  студенттермен, ата-аналармен және қызметкерлермен оңай байланыс орнатады. Өз қызметінде ол жауапкершілік, құпиялылық, мейірімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Қазақстандық студенттердің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған басымдықтарға ерекше көңіл бөледі, оларда дербестік, конструктивтілік және ойлау ерекшелігі сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және дамыту бойынша жүйелі жұмыс істейді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, «ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ», «Ы.АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен, сондай-ақ ҚР Президентінің, Алматы қаласы әкімінің және «Өрлеу «біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының алғыс хатымен марапатталды.

Болатжан Даулетұлы педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндердің негіздерін білетін білікті маман. Әріптестер, студенттер, ата-аналар арасында үлкен беделге ие.

БІЗГЕ ХАТ ЖОЛДАҢЫЗ: