» SANALY URPAQ » жобасының бірыңғай жоспарына сәйкес студенттерден және ата-аналардан онлайн түрде сұраныс жүргізілді сұраныста басты сұрақтар қамтылып, оңтайлы жауаптар мен пікірлер алынды


Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері айтыскер ақын Бекарыс Шойбековпен Адалдық сағаты.



«SANALY URPAQ» жемқорлыққа қарсы үгіт –насихат орталығының басшысы К.А. Токушевпен және «жемқорлыққа қарсы технология» ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Р.Усенова ханыммен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар картасы» жобасы мен таныстық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: қызметі ашықтық және мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын көбейту
Міндеттері:
1) білім беру ұйымдарының бизнес-процестерін автоматтандыру және оңтайландыру
2) білім беру ұйымдарының шешім қабылдауының ашықтығы және айқындылығы
3) білім беру ұйымдарының бюджеттерін қалыптастыру мен жұмсаудың ашықтығы мен айқындылығы



ПІКІР САЙЫС
Өтетін күні: 13.03.2019ж.
Уақыты: 13.00
ПІКІР САЙЫС
Сайыс тақырыптары:
- «Сыбайлас жемқорлық — жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс»
- «Мемлекеттік қызмет — ерекше қызмет түрі, оның міндеті – қоғамға және әрбір қазақстандықа қызмет ету»
Мақсаты:
- Студенттерге сыбайлас жемқорлықты әмбебап феномен ретінде ашу. Оның шығу табиғаты, тұрақтылық себептерін айқындау арқылы түсіндіре отырып, қоғамдық құбылысқа дұрыс көз қарасын қалыптастыру.
Білімді, салауатты, қоғамдық ортаға өз пайдасын тигізе алатын, адал азамат тәрбиелеу.
- «Қоғамға қызмет ету» түсінігінің синонимі болатын «Мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғырту. Студенттердің қоршаған ортада өзін-өзі ұстауын, мәдениетін және адами қасиеттірін дамыту.
Пікір сайысқа кіріспес бұрын, назарымызды бейнероликке аударайық….
Сыбайлас жемқорлық теріс құбылыс ретінде әлемнің барлық елдеріне таныс. Ақиқаты –экономикалық өркендеуге жемқорлық құбылыстары азайған елдер ғана қол жеткізетіні белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа және осы құбылыспен туындаған салалардың барлығына жағымсыз ықпал етіп, қоғамның дамуына кедергі келтіріпқана қоймайды, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Олай болса пікірлерін ортаға салуға келіп отырған қатысушыларымызды таныстыра кетейін. Оң жақта отырыған № 122 топ студенттерін 1 топ деп атап, сол жақтағы отырған №121 топ студенттерін 2 топ деп атайық.
Ал ондай болса, назармызды бейнероликке аударайық!
1 топ. Сыбайлас жемқорлыққтың пайда болу себептерін айтып, №1 топ пікірін ортаға салсын.
2 топ. Сыбайлас жемқорлықты пайда болдырмау жолдарын айтып, жемқорлық себептерін жоққа шығарып, пікірлерін ортаға салсын.
1 топ. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алатын орны кандай???
- топ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын айтыңыз.
Жалпы сұрақ: Өзің куә болған, немесе басыңнан өткен жемқорлыққа байланысты оқиға.
Бейнероликтің жалғасы….
1 топ. Сыбайлас жемқорлық жайында болған оқиғаға куә болған жағдайда, сырттай тиісті органға хабар беру, қатысың жоқ болса да араласу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыңдар?
2 топ. Сыбайлас жемқорлық жайында болған оқиғаға куә болған жағдайда, сырттай тиісті органға хабар беру, қатысың жоқ болса да араласудың кері әсері қандай.
1 топ. Пара беруші де, алушы да бірдей жазаланады. Бұл қаншалықты дұрыс…
2 топ. Пара беруші де, алушы да бірдей жазаланады. Бұл қаншалықты бұрыс…
Ал енды «Сыбайлас жемқорлық — жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» — атты тақырыбымызды талқылап, пікір айтып болсақ, бейнероликке назар аударайық…
қорытынды (мақал-мәтел)
Келесі тақырыпты бастайық. «Мемлекеттік қызмет — ерекше қызмет түрі, оның міндеті – қоғамға және әрбір қазақстандықа қызмет ету»
1 топ. «Мемлекеттік қызмет — ерекше қызмет түрі, оның міндеті – қоғамға және әрбір қазақстандықа қызмет ету» — ді қалай түсінесіңдер.
2 топ. Мемлекеттік қызметкер дегеніміз кім? Мемлекеттік қызметкер болсам не істер едім.
Пікір сайысты қорытындылау, көрермендерге сөз кезегін беру, («Мінездеме»- ойын, өлеңмен аяқтау)…



26.04.2019 жылы Алматы электрмеханиакалық колледж базасында Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауымен «2019 Жастар Жылы» бағдарламасына сәйкес «Саналы ұрпақ » жобасы аясында қалалық колледж студенттері арасында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жарыс өтті . Бұл спорттық жарыстың негізгі мақсаты: жастар арасында ұлттық спортты насихаттау жəне салауатты өмір салтын ұстануға негіздеу. Жарыстың нәтижесі бойынша: І орынды Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі, ІІ орынды Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, ІІІ орынды Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледждері иеленді.



