Марапаттау

0
182

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, болашақтың тұтқасын ұстар өркендерімізге сапалы білім беру жолында еңбек етіп келе жатқан Алматы электромеханикалық колледжінің басшысы Бозымбаев Болатжан Дәулетұлы бүгін Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ұстаздық жолында жоғары тұлғалық қасиеттері мен адал еңбегінің арқасында биік шыңдарды бағындырып, жемісті нәтижеге жеткен Болатжан Дәулетұлын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да қоғамның дамуына қосар үлесіңіз жемісті болсын. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!