World skills

WorldSkills college» іріктеу чемпионаты

Алматы электрмеханикалық колледж қабырғасында «WorldSkills college» іріктеу

чемпионаты жалғасуда. Бүгін, яғни, 16 наурыз күні «Автокөліктің электр құрал-жабдықтарын жөндеу» құзіреттілігі бойынша сайыс басталып кетті. Сайысқа барлығы 1, 2, 3 бағам білім алушылары арасынан 9 адам қатысады. Жеребе тасталып, әр білім алушы өз нәмірлері бойынша жұмысқа кірісті.

«WorldSkills college» іріктеу чемпионаты

«WorldSkills college» іріктеу чемпионатында «Шанақты жөндеу» құзіреттілігі бойынша сайысқа түскен білім алушылар колледж қабырғасында алған білімдерін бар ынтасымен қолдануда. «Жүзден жүйрік» атануға барлығының да ниеті бар. Бірақ, алдыңғы сапқа тек білімі мен іскерлігі басым білім алушы ғана шықпақ.

«WorldSkills college» іріктеу чемпионаты

«WorldSkills college» іріктеу чемпионатында  құзіреттіліктер бойынша жарыс жалғасуда. «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі өз мәресіне де жетіп қалды. Ақтық турға шыққан бес білім алушы финалда бас сынасады. Жеңімпаз атанғаны Алматы қалалық чемпионатына жолдама алады.

«WorldSkills college» іріктеу чемпионаты 

2021 жылдың 10 наурыз күні Алматы электрмеханикалық колледжінде «WorldSkills college» іріктеу чемпионаты басталды. Бұл чемпионаттың мақсаты білім алушылардың мамандық салалары бойынша теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдау, оқу сапасын жоғарылату, мамандыққа деген қызығушылығын арттыра отырып, білім, білік, дағдысын қалыптастыру.

Колледж бойынша дайындалатын мамандықтардың ішінен алты құзіреттілік бойынша білім алушылар бақтарын сынайды:

  • Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету;
  • Шанақты жөндеу;
  • Автокөліктің электр құрал-жабдықтарын жөндеу;
  • Электрмонтаждаушы;
  • Дәнекерлеу ісі;
  • Көркемдік әсемдеу жұмыстарын орындаушы.

Чемпионатқа қатысушы білім алушылар әр құзіреттілік бойынша бөлініп, белгіленген кесте бойынша сайысқа түседі.