Жұмысшы мамандықтар жылы

Алматы электромеханика колледжінде күн энергетикасын дамыту жобасы іске қосылды

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл шешім техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысы «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидасына сай келетін адал еңбек арқылы жетістікке жеткен адамдарға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осы бастама аясында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандар даярлауды жақсарту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеру және еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін күшейту бағытында нақты шаралар қолға алынбақ.

Оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізудің жарқын мысалдарының бірі – Алматы электромеханикалық колледжінің күн энергиясын дамытуға бағытталған жобасы. Халықаралық тағылымдама аясында колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Венгрия, Словения, Австрия, Германия сияқты Еуропа елдерінде «Электр энергетикасы және өндірісті автоматтандыру» бағдарламасы бойынша курстардан өтті. Тағылымдаманың маңызды жобаларының бірі Венгриядағы 28 га жерді алып жатқан және 8 МВт энергия өндіретін күн электр станциясы болды.

Күн энергиясы жаһандық энергетикалық мәселелерді шешудің ең экологиялық таза және тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің күн шуақты климатының арқасында бұл саланы дамытудың болашағы зор. Жаһандық энергетикалық дағдарыстың сын-қатерлеріне жауап ретінде Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр.

Еуропалық тәжірибеден үлгі алған Алматы электромеханика колледжінің басшылығы қазақстандық «Green Dem» компаниясымен оқу орнының аумағына күн панельдерін орнатуға келісім-шартқа отырды. «Green Dem» компаниясы – 0,55 кВт автономды, MUST 3KW 24V 230V Pro MPPT гибридті инверторы және  1,1 кВт автономды күн электр станциясы сынды 3 түрлі күн панельдерін ұсынады. Алматы электромеханика колледжіне 0,55 кВт автономды күн панелі қойылып, желіге тікелей қосылған. Алдағы уақытта бұндай күн панелін колледждің шеберхана аумағына қою жоспарланды. Шеберхана аумағы 2380 шаршы метрді құрайды. Бұл электр энергия шығынын 50% дейін үнемдейді. Негізгі электр желісінен тәуелсіз жұмыс істейтін, бұл панельдер энергия жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға көмектеседі. Колледжде күн панельдерін  орнату қаржылық шығындарды азайтып қана қоймайды, сонымен қатар мекеменің экологиялық жауапкершілігін арттырады.

Күн панельдерін  орнату жобасы тек техникалық жоба ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру бастамасы болып табылады. Колледж студенттеріне болашақ мамандықтар дайындауға көмектесетін жаңартылатын энергияның теориясы мен тәжірибесін үйренудің бірегей мүмкіндігі бар. Бұл үдерісте білім сапасын арттырып, білім алушылардың инновациялық технологияларға деген қызығушылығын арттыратын аарнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің бірлескен іс-әрекеті ерекше рөл атқарады.

Бұл жоба Қазақстанның «жасыл экономикасы» жолындағы маңызды қадам болып табылады және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге, сонымен бірге жұмысшы мамандықтары мәртебесін және олардың қоғамдағы маңыздылығын арттыруға ықпал етеді.

Алматы электромеханика колледжінің арнайы 

пәндер оқытушысы Дәуіт Шынар Болатбекқызы 

2025 жылдың 14-наурызында АҚжТК колледжі базасында Кәсіподақ ұйымы колледждермен бірігіп ұйымдастырған қалалық форумда Алматы электромеханика колледжі” «Жұмысшы мамандықтары: қоғам тірегі»
атты көрмеге қатысып қайтты. Көрмеге Алматы қаласындағы 20 мемлекеттік колледждің кәсіптік бағдар беруші жауапты мамандары және қала мектептері мен гимназиялардың кәсіби бағдар беруші мамандары қатысты
🔹Көрменің мақсаты:
Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, олардың ел экономикасына қосатын үлесін насихаттау.

🤝 Жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыруға үлес қоса отырып, жоғары деңгейдегі іс-шараны ұйымдастырған Кәсіподақ ұйымына және ұйымдастырушы колледждерге алғыс білдіреміз!

#жұмысшымамандықтаржылы
@godrp.tipo
@tipo_colleges_almaty
@talap.edu.kz

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

✔️Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.

Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы

Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне біздің колледждің өкілдері барып, іс-шараның қалай өткенін өз көздерімен көріп қайтты. Фестивальге колледж басшысы Бозымбаев Болатжан, аға шебер Жабықбай Әділжан, өндірістік оқыту шебері Сатылған Жания, сондай-ақ үшінші курс студенттері барды.

Шара барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын айқын сезініп, бұл саладағы жаңашылдықтармен танысты. Кәсіптік білім берудің даму бағытын көріп, өндірістегі заманауи технологиялардың қарқынды енгізіліп жатқанын байқады.

Фестиваль студенттерге жұмысшы мамандықтарының болашағы зор екенін көрсетіп, оларды кәсіби дамуға ынталандырды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы тәжірибелік сабақ

Бүгінгі күні шеберхана меңгерушісі Игембаев Нұрбол және өндірістік оқыту шебері Рахимова Динараның ұйымдастыруымен тәжірибелік сабақ өтті.

Сабақтың негізгі тақырыбы – күн панельдерін орнату және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Сонымен қатар, білім алушыларға жаңартылатын энергия көздерінің қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналғаны жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

🔹 Күн панельдерінің артықшылықтары:
• Қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза.
• Энергияны тегін алуға мүмкіндік береді.
• Ұзақ мерзімді және үнемді шешім.

🔹 Кемшіліктері:
• Бастапқы орнату шығындары жоғары болуы мүмкін.
• Ауа райына тәуелділігі.

Білім алушылар сабақ барысында күн панельдерін орнату бойынша тәжірибелік дағдыларды игеріп, жаңартылатын энергияның болашағы мен маңыздылығын түсінді.

🌍 Жаңартылатын энергия – келешек кепілі!
Осындай өзекті тақырыптар арқылы білім алушылар заманауи технологиялармен танысып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға бір қадам жақындай түсуде.
@talap.edu.kz @god.tipo

Жұмысшы мамандықтар жылына’’ орай 2025-жылдың 30- қаңтарында 64- Жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының Оқушылар сарайында ,,Zhas mamas 2025’’ атты жыл сайынғы мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Іс шараның мақсаты 9-сынып түлектеріне орта-кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға түсу мүмкіндіктерін түсіндіру, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің танымалдылығын арттыру. ‘’ Мамандықтар жәрмеңкесіне’’ Алматы қаласының мектептерінің 9-сынып түлектері мен ата аналары шақырылды. Іс шараға Алматы қаласының барлық кәсіптік білім беру колледждері атсалысты. Алматы электромеханика колледждінің кәсіптік бағдар беруші мамандары оқушылар мен ата аталарға колледжімізде оқытылып жатқан сұранысқа ие заманауи жұмысшы мамандықтар бойынша толық ақпарат беріп қайтты.
@talap.edu.kz @god.tipo

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ‘’ 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы,, 744-жарлығына орай, ,,ProfiTIME’’ тақырыбында ашық есік күні болды. Іс шараға Алматы электромеханика колледжінің кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты мамандары қатысып, 9- сынып түлектеріне қазіргі таңдағы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды таныстырып, ақпарат беріп қайтты.
@talap.edu.kz @god.tipo

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Astana motors manufacturing Kazakhstan @ammk_kz компаниясының өкілдері білім алушылармен кездесу өткізіп, ашық есік күні аясында өз компаниялары туралы таныстырды. Олар түлектерге қандай жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ұсына алатындығын айтып, болашақ қызметкерлердің әлеуетін дамыту жолдарын талқылады. Бұл іс-шара түлектер үшін пайдалы тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашты!

Еңбек шеберлерінің жаңа буынына жол ашу!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Алматы электромеханика колледжінде ерекше іс-шара өтті.

Автомобильдерге қызмет көрсету мамандығы бойынша оқу өндірістік шеберлері мен шеберхана меңгерушілері үшін E-CAR Service @universal_ecar гаражының жетекшісі Ермек Асперов арнайы мастер-класс өткізді.

Мастер-класс барысында Ермек Асперов өз тәжірибесімен бөлісіп, автосервис саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер туралы құнды ақпарат берді. Бұл болашақ мамандар мен оқытушылар үшін нағыз шабыттандырарлық кездесу болды!

Қазақ жастарының біліктілігін арттыруға арналған осындай іс-шаралар еліміздің жарқын болашағына негіз қалайды!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастама аясында Алматы электромеханика колледжі білікті мамандарды даярлауда халықаралық деңгейдегі жобаларға белсенді қатысуда.

2023-2024 оқу жылынан бастап колледж Германияның Janser Consult GmbH компаниясымен ынтымақтастық орнатты. Бұл серіктестік нәтижесінде 4-курс студенттері Германияның жетекші компанияларында тағылымдамадан өтіп, 1500-2000 еуро көлемінде стипендия алу мүмкіндігіне ие болды.

2025 жылдың 16 қаңтарында колледждің 20 студенті тәжірибеден өту үшін Германияға аттанды. Олар Actemium miprotek GmbH, SITEX GmbH, Hans Kupfer GmbH және басқа да алдыңғы қатарлы компанияларда кәсіби шеберлігін жетілдіреді.

Колледждің басты мақсаты – заманауи технологияларды игеру, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру және шетелдік тәжірибені еліміздің игілігіне қолдану.

2025 жыл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы электромеханика колледжінің студенттері Германияның жетекші компанияларында өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді ✈️ 🇩🇪

Колледж 2023-2024 оқу жылында «Actemium miprotek GmbH», «AMP Leuna GmbH», «Hans Kupfer & Sohn GmbH» сияқты ірі неміс компанияларымен ынтымақтастық орнатып, халықаралық стандарттарға сай білікті мамандарды даярлауда.

Бұл жоба «Janser HR academy» директоры Хайрулла Қожабаевтың бастамасымен жүзеге асырылып, болашақ мамандардың кәсіби дамуына және еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, бұл бастама еліміздің дамуына тың серпін беруді көздейді. Алматы электрмеханика колледжінің директоры Болатжан Бозымбаевтың айтуынша, бұл жыл – еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, өз ісінің нағыз шеберлерін даярлау үшін үлкен мүмкіндік. «Біздің басты мақсатымыз – ел экономикасының өсуіне өз үлесін қосатын жоғары білікті жұмысшы мамандарды даярлау. Бұл тек колледжіміздің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті», – деп атап өтті ол AQSHAM NEWS.KZ сайтына берген сұхбатында.

Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлықжәне біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан, мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр.
Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар.
Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады.
Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!