«Отан үшін от кешкен»

«Отан үшін от кешкен» тақырыбындағы көрме Алматы электромеханика колледжінде ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі студенттерге Ұлы Жеңістің қандай жолмен келгендігі жайлы түсіндірме жұмысын жүргізуде, қаҺарман жауынгерлер ерлігін насихаттай отырып, батырлар ерлігін дәріптеуде. Ұлы жеңістің 80-жылдығына арналған колледж қабырғасында өткен қалалық сурет жарысының қатысушыларының салған суреттері де көрмеге көрік бере түсті.