Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі

0
240

«Talap» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» тақырыбындағы ТжКОБ ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары қазан айының 16 жұлдызынан басталды. Біліктілік арттыру курсының осы легінде басшы орынбасарлары білімін жетілдіруде. Бағдарламаның мақсаты ТжКОБ ұйымдарының ОЖ, ОӘЖ, ҒӘЖ және ОӘБ жөніндегі директор орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері: колледждің оқу және оқу-әдістемелік қызметіне корпоративтік басқаруды енгізуде директор орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру; – білім беру процесін басқаруға коучинг құралдарын қолдануды жетілдіру; – білім беру бағдарламасын жоспарлау және әзірлеу дағдыларын дамыту. Күтілетін нәтижелері – колледждің оқу және оқу-әдістемелік қызметінде корпоративтік басқару қағидаттарын қолданады (кәсіби қызмет бағыты бойынша жоспар жобасын қорғайды); – колледжде білім беру процесін басқару үшін коучинг құралдарын қолданады (іс-шараны өткізу сценарийін әзірлейді); – білім беру бағдарламасын әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді (білім беру бағдарламасының жобасын ұсынады).