Меморандум

0
125

Колледжімізде «Janser Consult GmbH» копманиясының бас директоры Сергей Серебрянский, «TUV Rheinland Akademie» басшысы Katja Kaiser, «Janser HR Academy» ЖШС директоры Хайрулла Байділдаұлы Қожабаев қонақта болып, халықаралық ынтымақтастық негізінде төрт жақты Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты: – тараптар арасында энергетика және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту болып табылады. – Германия Федеративтік Республикасында мамандығы/кәсібі бойынша бос жұмыс орындарын іріктеу және жұмысқа орналастыру бойынша кандидаттарды даярлау болып табылады. Осы Меморандумның мәні Қоғам қызметінің бейіні бойынша білікті мамандарды практикалық даярлау бойынша тараптар арасындағы бірлескен ынтымақтастық болып табылады. Маман дайындау сапасын көтеру мақсатында Германиялық қонақтар колледжімізге оқытуға жабдықтар беретін болып та келісті.