Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы

0
20

Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне біздің колледждің өкілдері барып, іс-шараның қалай өткенін өз көздерімен көріп қайтты. Фестивальге колледж басшысы Бозымбаев Болатжан, аға шебер Жабықбай Әділжан, өндірістік оқыту шебері Сатылған Жания, сондай-ақ үшінші курс студенттері барды.

Шара барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын айқын сезініп, бұл саладағы жаңашылдықтармен танысты. Кәсіптік білім берудің даму бағытын көріп, өндірістегі заманауи технологиялардың қарқынды енгізіліп жатқанын байқады.

Фестиваль студенттерге жұмысшы мамандықтарының болашағы зор екенін көрсетіп, оларды кәсіби дамуға ынталандырды.