Жігіт Сұлтаны – 2025

0
13

Алматы Электромеханика Колледжінде 1-2 курс студенттері арасында өткен Жігіт Сұлтаны – 2025 байқауы өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті! Бұл сайыс жігіттеріміздің өнері мен қабілетін көрсетіп қана қоймай, олардың нағыз ер азаматқа тән қасиеттерін айқындады.

Сайыс барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Сымбаттылық, зеректік, күш-жігер, ұлттық дәстүрді құрметтеу – нағыз Жігіт Сұлтанына тән қасиеттер екенін тағы бір дәлелдеді.

Осындай тамаша шараның куәсі болғанымызға қуаныштымыз! Қатысушыларға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!

#біртұтас_тәрбіе