Алматы Электромеханика Колледжінде ФОРСАЙТ СЕССИЯСЫ өтті!
Сәуір 14, 2025
0
12
Колледжімізде кадр даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен тиімді әріптестік орнату мақсатында форсайт сессиясы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында кәсіпорындар негізгі қызмет бағыттары, даму перспективалары және қазіргі еңбек нарығындағы талаптармен бөлісті. Сонымен қатар, болашақта ашылатын жаңа мамандықтар бойынша пікір алмасып, бірлескен жұмыс жоспары құрылды.
Форсайт сессиясына «АЭМЗ», ЖШС «Корпорация Сайман», ЖШС «Elkos», ЖШС «Arnau Energy», ЖШС «Каз Билдинг-Сервис», АҚ «ЭЛЕКТРОМОНТАЖ», ЖШС «Smart Light Group», ЖШС «GREENDEM» сынды серіктес компаниялар қатысты.
Біз жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтып, түлектерімізге сапалы білім мен сұранысқа ие мамандықтар ұсынуды жалғастырамыз!