Бүгін Алматы қаласында WorldSkills Almaty 2025 X өңірлік чемпионаты басталды!

0
12

Ашылу салтанаты Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Биыл чемпионат алғаш рет бір жерде — «Атакент» көрме орталығында өтуде. Бұл Алматы қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында мүмкін болды.

Қонақтарға арнап концерт, лазерлік шоу және баршаға ортақ «Атамекен» әні орындалды. Салтанатты ашылуда Әсем Нүсіпова мен Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев құттықтау сөз сөйледі.

Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 350 қатысушы қатысуда, ал 500-ден астам сарапшы бағалайды. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталып, Алматы атынан ұлттық және халықаралық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік алады.

Чемпионат алаңына 9–11 сынып оқушылары да шақырылады – бұл болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік!

📍9–11 сәуір аралығы
«Атакент» КЦДС, 10-павильон
Кіру тегін!

#жұмысшымамандықтаржылы
@godrp.tipo @talap.edu.kz @tipo_colleges_almaty