Бүгін Алматы қаласында кәсіптік шеберлікке арналған ең ірі дода – WorldSkills Almaty 2025 чемпионаты бастау алды. Чемпионаттың алғашқы күні жоғары деңгейде өтті. Қатысушыларымыз өз білімдері мен дағдыларын сенімді түрде көрсетіп, мықты дайындықпен келгенін дәлелдеді.
Біздің колледжден қатысқан жастарымызға үлкен сенім артамыз. Олар тек өздерінің емес, бүкіл оқу ордамыздың абыройын арқалап шықты. Біз оларға сенеміз, қолдаймыз және әрбір қатысушының жеңіске деген жігеріне үміт артамыз.
Алда әлі де көптеген сындар мен кезеңдер бар. Бірақ біз колледжіміздің дарынды жастары үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болады деп сенеміз. Бұл – тек жарыс емес, бұл – кәсіби дамудың, бірліктің және биік мақсатқа ұмтылыстың көрінісі.
Барша қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Алға, жас мамандар!