Топ – 100

0
9

«Қазақстан Республикасының колледж студенттерінің ТОП-100» республикалық байқауы өз мәресіне жетті
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы байқау 3 кезеңнен өтіп, бүкіл елді қамтыды.
Негізгі мақсат — дарынды жастарды қолдау, кәсіби дағдыларын дамыту және жеке тұлғалық өсуге ынталандыру.
Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдар
Оператор: «Talap» КЕАҚ
Әріптес-ұйымдастырушылар: қалалар мен облыстардың білім басқармалары
Байқау кезеңдері:
1. Ішкі кезең — 512 колледжде өтті, 2 604 студент қатысты
2. Өңірлік кезең — әр өңірден 10 жеңімпаз анықталып, барлығы 200 студент республикалық кезеңге өтті
3. Республикалық кезең — онлайн-форматта өтті, 44 сарапшыдан құралған қазылар алқасы еліміздің ТОП-100 үздік студентін таңдады.
Әр жұмыс 100 балдық жүйе бойынша бағаланды, әр студенттің жұмысын 3 тәуелсіз сарапшы жеке қарады. Қорытынды балл «TOP 100 STUDENTS» платформасында автоматты түрде есептелді.