Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі”

“Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” тақырыбында Алматы электромеханика колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер әскерінің ардагерлері: подполковник Туяков Абылай Имашевич пен подполковник Исин Саят Каиргалиевичпен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Студенттерді Отанын, туған елін қорғай білуге, патриоттыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге ету. Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету, елжандылыққа тәрбиелеу. Кездесу барысында ардагер ағаларымыз өздерінің әскер қатарында өткен өмірлері туралы баяндап берді. Студенттер өз кезегінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.