Алматы электромеханикалық колледжінде Конституция күніне 30 жыл толуына орай көрме өтті

0
34

2025 жылдың 26 тамызында Алматы электромеханикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған көрме ұйымдастырылды. Биыл еліміздің Ата Заңына 30 жыл толып отыр.

Іс-шараның мақсаты – Конституцияның маңыздылығын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және ел тарихына деген құрметті қалыптастыру.

Көрмеде Қазақстан Конституциясының тарихи қалыптасуы, қабылдануы мен дамуы туралы материалдар, құжаттар мен фотокөріністер ұсынылды.

Бұл іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, патриоттық рухын нығайтты.